13 C
Нур-Султан
06.10.2022

Амалбек Айгерім. Шындықтың шырақшысы

Халқымыз сан ғасырлық даму барысында талай-талай дүрбелеңнен өтті. Соның бірі соқпағы көп жиырмасыншы ғасырдағы әлеуметтік қозғалыстар, төңкерістер. Патшалық Ресей әміршілігі қазақтарды бодан еткісі келген бұл кезеңде халқымыз салт-дәстүрін, дінін, тілін ұмытып мәңгүртену қаупі төнген еді. Тіпті сауат ашуға рұқсаты жоқ ұлтымыз қара халыққа айнала бастап, ұлт теңдігі аяққа тапталды. Отаршылдық езгінің шектен тыс күшейюі, саяси қанауға таптық үстемділіктің ұласуы, қалың елдің жан төзгісіз жағдайда жаншылуы патшалық Ресейдің қол астындағы халықты ашындырды. Алайда, бұл уақытта қазақтың қанына сіңген, жанымыздың бір түкпірінде бар арыстан мінезді халықтың жоғын жоқтап, мұңын мұңдаған зарлы перзенттеріміз де аз болмады. Соның бірі шындықтың шырақшысы Мағжан Жұмабаев.

Ақты қара, қараны ақ деп түсіндірген зорлық-зомбылық дәуірінің құрбаны болған ақын тағдыры аянышты. Жоқшылық пен аштық зардаптарын былай қойған күннің озінде ел өміріндегі ұлы оқиғалар өршіл ақынды күрес толқынына тартып әкетті. Ұлты үшін кең байтақ елді дүбірлеткен ревалюцияға үндеу тастап, бостандықты насихаттап, жаңа өмір құруға белсене араласып, бел шешіп кіріскен ақынның басты мақсаты да отты ойлы жалындаған жырларымен елді тығырықтан шығару еді…
Осы мақсатта көп еңбек сіңірген ол, ақырында қудалауға ілікті. Аққа күе жаққандай, баяғы бұрмалаушылық жала тар қапасқа түсуіне себеп болғандай. Оның «Тоқсанның тобы» атты құнды поэмасының өзін тоқсан саққа жүгіртіп, бұл ақынның шын ойы, шын көңілі емес деп шулағандар көп болды. Анасыны түрме азаптарынан кейінгі жазған хаттарына сүйеніп айтар болсам, ақынның қатты азап шеккендігі байқалады. Ұлты б ұлт төнбеген алтын күннің аясында ғұмыр кешсінші деген жолда құрбан болған ақын күннің көзін бір көруге зар болған күйде қаранғы қапаста жан тәсілім етті.
Мен өлмеймін, менікі де өлмейді,
Надан адам өлім жолын білмеіді.
Өзім-патша, өзім-қазы, өзім-би,
Қандай ессіз не қылдың деп тергейді
887Мағжан өз тегін де, өз жерін де, өз ұлтын да мадақтаумен өткен, өмірдегі азаматтық орынын ақтауға ұмтылған, өлең сөздің асыл маржанын төккен, сұлу жырымен оқырманын еліткен, өне бойы қапаста, қайғы мен қасіретте өмір кешкіп, ақырында қыршынынан қиылған, соры арылмаған халқының зарлы перзенті еді. Асыл мұраларының ішінен: «Мен өлмеймін, менікі де өлмейді» деген жолдарда асқан бір шындық жатыр екен. Үйткені ақын өлеңі мен даналығы өлмек емес. Ал, көрсеткен қайтпас қайсарлығы өзінше бір төбе. Э. Хемингуэй «Әрбір адам қандай да бір іс үшін туады. Жер басып жүрген әрбір адамның өмірде өз міндеттері бар» деп айтқандай, тек ұлтының қамын жеп өткен, Мағжан да өмірге жанын емес, халқының қамын сүйуге келсе керек…
Ақын көзін аластап, өлеңін жауып, жоқ қылған әкімшілік дәуір де үстімізден ауып кетті. Бүгін де кешегі білектің де жүректің де күшімен бабаларымыз қол жеткізген, артынша бізге аманаттаған тәуелсіз елдің ұрпақтарымыз. Және Мағжандай ұлының ұлағатын ұлықтаған, қайсарлығынан патриоттық тәрбие алатын, қай кезде де ұлтын сүйе білетін ұрпақпыз. Осындай қарқынмен «Мәңгілік ел» боларымызға бек сенімдімін!!!

Амалбек Айгерім Бекназарқызы;
1997 жылы 1 қазанда туылған. Жамбыл облысы Шу ауданы Белбасар ауылы;

Шоқан Уәлиханов атындағы орта мектеп, 11-ші сынып оқушысы.

Шығармашылық бәйге туралы мұнда басыңыз

-ЖАРНАМА-

1 КОММЕНТАРИЙ

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Ресейден келгендер мектепте мұғалім болып жұмыс істей алма ма?

Ресейде ішінара мобилизация жарияланған соң Қазақстанға бас сауғалап келгендердің саны көбейді. Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов ресейлік мұғалімдердің Қазақстанда мектепке жұмысқа орналаса алмайтынын айтты. Zakon.kz-тің жазуынша,...

Алматының Алатау ауданында екі мемлекеттік колледж салынады

Алматы қаласының Алатау ауданында екі мемлекеттік колледж салынады. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев аудан тұрғындарымен кездесуде айтты. «Келесі жылдан бастап Алатау ауданында екі мемлекеттік...

Қазақстанда білім беру 13,8% қымбаттады

Қазақстанда білім беру ақысы 13,8% қымбаттады. Бұл туралы ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросынан мәлім етті. «Қыркүйек айында білім беру қызметтерінің бағасы...

Павлодар облысында алдағы 3 жылда 10 мектеп салынады

Жолдауда ұсынылған «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Павлодар облысында алдағы 3 жылда 10 мектеп салынады. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Павлодар облысы жұртшылығымен...

Жаңа Әділетті Қазақстанға елімізде білім культі біржола орныққан кезде ғана жетеміз – Тоқаев

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Павлодар облысының жұртшылығымен кездесуі барысында Мәшһүр Жүсіптің осы өңірдің перзенттерінің арасында алар орнына ерекше тоқталып өтті, деп хабарлайды KAZBILIM БОРТ№1 Telegram...