12 C
Нур-Султан
21.06.2021

Жанібекова Айкүміс. МЕН — АЛАШПЫН

Мен – Алашпын, айбатты Алашаның ұрпағы,
Таусылмаған тарихы, көрер күні, нұр таңы.
Тоқсан екі баулының шежірелі шебінде-
Тұлғасы ерек, ержүрек, айдарлысы, сұлтаны.

Мен – Алашпын, Бұқар мен Үмбетейдің елімін,
Сегіз қырлы Біржан сал, Ақандайын серімін.
Би Төленің батасын, ризалығын ақ алған,
Ақылымен әйгілі Данагүлдей келінім.

Мен – Алашпын, Абайдың жыр жолдарын жаттағам,
Абай үні-рухым, рухсыздық жат маған.
Таңнан таңға жырлаймын Марғасқаның «Есімін»
Сарқытындай асылдың санамда ылғи сақтағам.

Көшпенді елмін, алайда, аманатқа тұрақты ем,
Мұхтар ем мен «Абайды» кейінгіге мұра еткен.
Кем түспейтін ақылы кемелденген кербезім:
Әл-Фараби әлемге алашымды ұлы еткен.

Мен – Алашпын, асқардай биік тұрар тұғырым,
Мен – Алашпын,қыздары тарқатпаған бұрымын.
Татулықты Тәңірдің тұрмысындай ту еткен-
Арқада әділ хан болған Абылайдай бір ұлым.

Мен – Алашпын, тәуелсіз таңым үшін күрескем.
Мен-алашпын,даламнан тарих шалдың жыры ескен.
Махамбеттің «Толғауы» тамырыма таңулы,
Жәнібек пен Керейдің ақылына ілескем.

MVOC3E50lqcМен – Алашпын, Мәншүк пен Әлияның ізімін,
Алаш дейтін ардақты алтын елдің қызымын.
Алаш атын паш еткен тарихымда тұлғам мың,
Алты ғасыр жетпейді, тарқар болсам тізімін.

Мен – Алашпын, айбатты Алашаның ұрпағы,
Таусылмаған тарихы, көрер күні, нұр таңы.
Алашты азат болғалы алғысындай Алланың
Ширек ғасыр бас болған айдарлы ұлы-Сұлтаны!

Жанібекова Айкүміс Дәуренқызы. 1998 жылы наурызда туылған.

Алматы облысы, Іле ауданы, 10 орта мектептің 11-сынып оқушысы

Шығармашылық бәйге туралы мұнда басыңыз

-ЖАРНАМА-

5 КОММЕНТАРИИ

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Магистратура мен докторантураға түсу ережелері жарияланды

Білім және ғылым министрлігі магистратура мен докторантураға түсу ережелерін жариялады. Магистратураның білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түсу үшін халықаралық сертификаттарды ұсынуға немесе кешенді тестілеу (КТ)...

Той кемімей, ой көбеймейді

Мұхтар Әуезов «Байлығыңмен емес, біліміңмен жарыс» дейді. Біздің бүгінгі кейіпкеріміз Нұр-Сұлтан қаласындағы №90 мектеп-гимназия­сының директоры, химия ғылымдарының PhD докторанты Аятжан АХМЕТЖАНҰЛЫ – қазақ қашан...

Тестілеу кезінде басқа оқушының орнына ҰБТ тапсырмақ болған 4 студент ұсталды

Мектеп түлектерін ҰБТ-ға кіргізу кезінде Face-ID жүйесі арқылы 4 бөгде тұлға анықталды. Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығының бұрынғы басшысы Дидар Смағұлов ФБ парақшасында жазды. Осылайша,...

Орыс әдебиетінің орнын әлем әдебиеті алмастыруы керек!

Әлқисса Әдебиет – адам санасының биік көкжиегінің бірі. Ол әлемдегі ең қуатты идеологиялық қарудың бірі болған, бола бермек те. Әдебиетті өзінің дегенімен жүргізу арқылы бір...

Магистратура мен бакалаврдың арасын кемінде екі жылға ашу керек!

Бүгінде магистратураны ғылым іздеп емес, өзге мақсатта оқитындар көбейді. Жаппай айыптаудан аулақпын, бірақ айтпасақ болмайды. Бүгінгі жұрт магистратураға не үшін түседі? Бірінші, бакалавр бітіре салып, жұмыс...