Home Ұлт діңі Алпамыс Шалқар. Мен Елбасыммен мақтанамын!

Алпамыс Шалқар. Мен Елбасыммен мақтанамын!

14

Бірлігі мықты, тұғыры биік халықпыз,

Бәріне төзіп, жанбайтын кезде жаныппыз.

Боданда болдық, құлы да болдық дұшпанның,

Тәуелсіз елміз, бүгінде теңдік алып біз.

 

Құрбан да болды, мыңдаған қазақ халқымыз

Бүгінде міне, артуда біздің даңқымыз.

Нұр атам менің көшбасшысы елімнің,

Осының бәрі, Нұр атам, сіздің арқаңыз.

 

e31810f0953d0fdf9af89c87c6bЕлім деп жүріп, кешпеді нені, кешті екен?

Қиындық бар ма, Елбасы сірә, кешпеген?

Дархан даланың еркінде өскен көшбасшы,

Үлгі алам сізден даналығыңнан, әсте мен.

 

Ұлтының ұлы, мақтанышы Алаштың,

Қазақ деп жүріп белестен міне, тағы  астың.

Білімді жастар болашағы деп елімнің,

2050 деп келешекке жол аштың.

 

Қазақтың ұлы, маңдайға біткен жұлдызы,

Сөнбесін мәңгі аспаныңдағы жұлдызың.

Көшіңнің басын жарқын ертеңге жетеле,

Салауат айтып, өткенің менен бүгінге.

 

Мүддесі деп, еліңнің ертеңі деп,

Баһадүрім басыңнан кешкенің көп.

Жеңісіңнің бірі деп айта аламын,

Он жетіде өтетін ЭКСПО-ң деп.

 

Құдай, қазаққа қырын қарамаған,

Сен туралы тарихта жаза да алам.

Көгерткен де өзіңсің, көркейткен де,

Халқым үшін, патриот боп жаралған жан.

 

Мағжан Жұмабаевқа

Қазағымның жұлдызы, сыршыл ақын,

Ағартушы еліне болған жақын.

Ғақлия-өсиетің өз парқында,

Әлі күнге жадымда жырланатын.

 

Ғұмыры өткен, қызмет қып өз халқына,

Лирикаң кеше, бүгін өз парқында.

Жүректен қан ағызған өлеңдерің,

Табиғат-ұста соққан өз қалпында.

 

Алашым деп, еліне терін төккен,

Ұлтына білім нәрін талмай сепкен,

Сүйегіне біткен сұңғыла қаламгерім,

Шөпті де, шөңгелді де өлең еткен.

 

Поэзия сені әлемге қылған бөтен,

Ақын жаның Сарыарқада қылған мекен.

Бәйтерегім тамырын елге жайған,

Сірә да, сен татпаған у бар ма екен?!

 

Күнді сүйдің, жарық күнге ұмтылдың,

Сорын жырлап, қазағыңның, жұртыңның.

Кең даланың еркіндегі көкжалы,

Қамын жеген қазағымның, ұлтымның.

 

Абай Құнанбаевқа

 

Қазақтың-бас ақыны дараланған,

Жолың бар «Абай» атты сараланған.

Жолыңды қуушы деп танығайсың,

Бала қыран қолына қалам алған.

 

«Қырық бес» қара сөзің әлем білген,

Конфуций ілімімен бірдей жүрген.

Тарихи нұсқасына нұқсан келмей,

Саналы ұрпақ санасына сақтап келген.

 

Биік асу атыңменен аталған,

«Абай» атың алтынменен қашалған.

Дәл өзіңдей ақын тумас қайтадан,

Басқаны оқып, мен шөлімді баса алман.

 

Құнанбайдың дараланған дана ұлы,

Дәріптеп өстік біздер даналығын.

Өлеңмен әділдікті жақтай жүрсе,

Әрбір сөзің жадында саналының.

 

Болмысыңды зерттеген сыршыл-лирик,

Терең ойлы шығармасы Еңлік-Кебек.

Тікелей бір өзіңнен тәлім алған,

Шәкәрім әкесінен ерте айырылып.

 

Парасатты ой иесі, талантты ақын,

Ғылымға жүйрік,Абайдан алған ақыл.

Заманында болыпты білімдар жан,

Араб, парсы тіліне болған жақын.

 

Әніңнен дауа іздейді дерттеріне,

Сендей болу қабілетім жетпейд білем.

Бала қыран арманы-қанат қағу,

Сендей болу әлем жұрты құрметтеген.

 

Үлгі алар сізден, ұрпағың осы өскелең,

Сусындап сізден, шөлімді басып өскен ем.

Бүгінгі ұрпақ ғаламтордың тұтқыны,

Ұмыт қалдырып кете ме деп сені сескенем.

 

Дүниеде балдан артық тәтті бар ма?

Әрбір сөзің сусын болар есті жанға.

Жолыңа, болмысыңа үңілмеген,

Кім бар екен сөзіңді жат қыларға.

 

Әттең…

Шабыт жүйрік жоқтығы-ай, шапқыларға,

Әніңді естіп мына жұрт сап тынар ма?!

Мың жыл өтсе, өлеңі ескірмеген,

Айналыпсың ғасырда даңқты жанға.

 

Алыпты жырыменен жыққандайын,

Есімі шартарапта шыққан дәйім

Әдебиет классигі, драматургі,

Ғылымның қайраткері Мұхтардайын.

 

Абайды танып өскен бала кезден,

Ізденіп, шарқ ұрып дала кезген.

Қаламын атамның тірілткендей,

Бар ғұмырын дәріптеп қара сөзбен.

 

Сіз жайлы білмей тұрмын айтарымды,

Білмеймін қай жағыңнан байқарымды.

Абай ата, сан қырыңды аша алмай,

Ұрпағың шабыт таппай аңтарылды.

 

Сан қырыңды аша алмаудың өзі айып,

Алдыңда айыптымын кәрі қайың.

Қолда барда алтынның қадірі жоқ,

Ұлы Абайдай ақын туса бір ғажайып.

 

Ұрпағына өсиет еткен жырларын,

Ғасыр өтті, небір қиын сындарлы.

Бүгінгілер болмысыңнан таниды,

Жазып кеттің қазағымның мұң-зарын.

 

Бүгін тағы келмеді шабыт құрғыр,

Абай ата алдыңда айыптымын.

Арнауым ұйқаспаса өкпелеме,

Ән шығару ісі ғой шабыттының.

 

«Ән жаз»-дедің Абайға бұл маған сын,

Ұрпағыңның алмай сен томағасын,

Абайдың кім екенін білмейтіндер,

Поэзияның маңына жоламасын!!!

 

Алпамыс Шалқар Болатханқызы.

Оңтустик Казақстан облысы Түркістан қаласы

Жаңа Икан ауылы Ұлықбек атындагы жалпы орта мектеп 9 сынып окушысы

Шығармашылық бәйге туралы мұнда басыңыз

14 COMMENTS

  1. Жарайсың, Шалқар қаламың ұштала берсін. өнерің өрге жүзсін!
    Жаста болсаң жарайсың мынадай қиын шумақтарды жадыңнан шығарып, ұйқастыра білгенің нағыз таланттың ғана қолынан келеді. Сөз саптауың да керемет екен. Қазіргі кітап оқымайтын заманда жастарға үлгі бола алатын дүние деп ойлаймын.

  2. Жазған өлеңің маған ұнады, мағынасы өте жақсы. Келешекте осы жолдан таймасаң жақсы ақын шығады деп ойлаймын. Өнерің алға бассын! Әрқашанда мен саған тілектеспін!

  3. Айналайын, сендей Мұқағали, Мұхтарлардың сарқыты барда қазақ әдебиетінің сөз маржандары сарқылмайды.

  4. Жарайсың қалқам ! Сенің мына жазған өлеңдерің жанымды толқытпасқа қоймады. Расында Абай, Мағжан бабаларыңды сендей жас өрен дәріптемегенде кім дәріптеп, ертеңгі болашаққа өсиет үлгі қылады? Осы бетіңнен тайма, алтыным!

  5. Шалқар жарайсың. Өлең шумақтарынан патриоттық сезім, ұлттық мақтаныш, құндылықтарға жанашырлық сезіледі. Жас та болсаң өз ортаңа өнеге болардай өркен екенсің. Талабың таудай болып, жұлдызың жансын.

  6. Өлеңің мәнді екен Шарқар. Кезектен тыс сайлау қарсаңында Елбасымызға қолдау ретінде бүкіл жастар көзқарасының айнасындай. Оның үстіне қазақ классиктеріне арнаулар жаза бастапсың. Алған жолыңнан таймасаң алар асуларың алдыңда. Тіл-көзім тасқа. Тілектеспін.

  7. Жарайсың Шалқар. Өлең шумақтарынан патриоттық сезім, ұлтжандылық байқалады. Табыс тілеймін.

  8. Жазған өлеңдерің маған да ұнады. Жас та болсаң поэзияға қызығушылық танытады екенсің. Қазіргі таңда жастар арасында сиреп кеткен ерекшелік деп ойлаймын. Талаптылардың қатарында екенсің. Ақ жол, шығармашылық табыстар тілеймін. Тағы шығармаларың болса, жарияласаң оқыр едім.

  9. Керемет ұйқастар талабыңа нұр жаусын, құрбым! Осы ұлтжандылық, патриоттық қалпыңнан таймағайсың!

  10. Бүгінгі, ертеңгі ұрпаққа нағыз өнеге боларлықтай дүние деп есептеймін, кешегі өткен ғұламаларды әніңе қосып, жырлауың нағыз дарынның ғана қолынан келетін іс деп ойлаймын! Ал, бала қыран биігірек самғауыңа тілектеспін!

  11. Жарайсың жас ақын!!! Өнерің өрге жүзсін Фариза апаңдай халқыңның жағдайын жырлаушы бол!!! КАЗБІЛІМКЗ сайтына алғысым шексіз сендей жас қырандардың қанатының қатаюына үлес қосқаны үшін.

  12. Өлеңің өте керемет әсіресе Елбасыға арнауың!Қазақстанда мен секілді өзге ұлт өкілдері өте көп және біздерге қолайлы жағдай жасап отырған Елбасыға алғысым шексіз! Қанша дегенмен Нұрекеңдей жан халқының біртуар азаматы ғой!

  13. Жарадың жас талант өлеңің өте әсерлі екен! Алыптардың додасында әр қадамыңа гүл бітсін! Жеңуіңе тілектеспін!!!

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

Exit mobile version