-18 C
Нур-Султан
09.02.2023

Аятжан Ахметжан. Оқулық сапасын арттыруға ұсыныс

 

Сапалы оқулық – мұғалім мен оқушының сенімді серігі һәм білімнің қайнар көзі. Оқулық сапасы туралы елде жиі шу көтеріледі, бірақ шешілген жоқ. Оқулық мәселесін шешу үшін оқулық жазу құқығын баспадан алып, ғылым академияларының біріне берген абзал. Себебі баспа ол – жауапкерлігі шектеулі серіктестік. Яғни олардың басты көзқарасы -сапа емес сауда, көздегендері- білім емес ақша. Солай болады да, себебі олардың негізі бағыты бизнес жоспарын орындау. Сол үшін бағдарлама, оқулық кешенін негізгі жауапкершілігі бар мемлекеттік мекеменің құзіреттілігіне беру керек. Ақиқаты да осы, жауапкершілік болмаса, сапа туралы ауыз ашуға болмас.

Біз арғы-бергі мемлекеттердің тәжірибесін пайлана отырып, оқулық сапасын арттыруға мынадай ұсыныс тастадық.

Алғашқы мәселе — оқулықты жеке автор емес, арнайы комиссия жазуы керек. Орта білім саласының маңызды құжаттарын талдау және зерттеу иниституты болса… Әрі олар автор емес, құрастырушы болуға тиіс. Себебі оқулық – авторы бар әңгіме, роман не диссертациялық жұмыс емес. Ол- түрлі авторлардың, ғалымдардың жұмысынан алынып, мектеп деңгейіндегі мазмұнға ыңғайлап құрастырылатын, ықшамдалған көшірме.

Оқулық жазу автордың екінші немесе үшінші жұмысы емес, ол авторлық құрамның жалғыз әрі басты жұмысы болу керек!

Ал оқулық жазу комиссиясының құрамы қандай болуы керек?

Дамыған елдер тәжірибесін негізге алсақ, оқулықты сол мамандықтың кемінде екі білгір ғалымы мен сол пәнді балаға оқытатын педагог (кемінде екі, әрі мектепте он жылдан артық сабақ берген, үздік шәкірт тәрбиелеген) бірлесіп жазуы керек. Себебі кей ұғымдардың оқушыға қалай түсінікті боларын сол ғылымның педагогы жақсы біледі. Мысалы, бiздiң химия оқулықтарында оқушыға металл, бейметалды ажыратуды үйретпестен бұрын, қышқыл, негiз, тұздар туралы өтедi. Мұнда оқушы «Тұз дегенiмiз-қышқыл қалдығы және металдан тұратын қосылыс» дейдi, ал металдың не екенiн бiлмесе, тұзды қалай жазады?

Сонымен бiрге комиссия құрамында тарихшы болу керек, себебi елiмiздiң тарихы, мәдениетi кез келген оқулығымызда көрiнiс берiп тұруы керек. Әрі қандай ғылымда да сол ұлттың ұлттық менталитеті сіңуі керек. Айталық, қаншама кен орындарын ашуға зор үлес қосқан алғашқы химиктермiздiң бiрегейi – Қаныш Сәтбаевтың есiмi оқулықта аталмайды да.

Сонымен бiрге авторларға бiр психолог, бiр қазақ тiлi мен әдебиетiнiң маманы көмектесуi керек, себебi оқулықтағы әр сөйлемнiң мазмұны, құрылымы дұрыс па, қандай қателіктер бар, тексерiлгенi жөн. Тілдің шұбалаңсыздығы мен түсінікті болуы балаға аса маңызды. Сонымен бірге оқулықтың ішіндегі суреттер, кестелер мен заманауи тәжірибелердің сызбанұсқасын қойып отыратын дизайнер болуы керек.

Жалпы алғанда, комиссия құрамы кемінде сегіз адамнан тұру керек.

Келесі мәселе- оқулық құрылымы

Оқулықта тақырыптың соңында тақырып бойынша, әр тараудың соңында тарау бойынша қорытынды жаттығулар болуы керек. Әрі ол жаттығулар тек есептер мен тестер ғана емес, сан-салалы, алуан түрлі болу керек. Бұл жерде тек Ресей жүйесіне қарау жеткіліксіз, басқа да дамыған елдердің тәжірибесін қолдануға болады.

Нақты ғылымдарда тірек сызбалар, тәжірибе барысының сызбалары, кестелер, ойлану сұрақтары, тағы басқа сызбанұсқаларды пайдалану керек. Жаратылыстану ғылымдарын сылдыр сөзбен жазу оқушыны жалықтырады.

Бұл кезекте, бастауыш баласының қызығушылығын, баланың жасын ескере отырып, кітапты балаға қызығарлықтай етіп көркемдеп, жаттығуларда суреттер мен сызбанұсқаларды пайдалану өте маңызды.

Комиссияның негізгі жұмысы

Соңғы ескерер түйін, оқулықты құрастыру комиссиясының алғашқы жұмысы: мемлекеттік стандартқа байланысты оқулық бағдарламасын өздері жасау. Бағдарлама жасалып болған соң, әр оқулықтың комиссиясы біріге отырып, пән аралық байланыстардың сақталуын, мазмұндардың біркелкілігін сәйкестендіріп алу керек.

Келесі жұмысы: сапалы оқулық дайындау. Оқулық дайындалған соң,  жазылған оқулықтарды өздері қайтара сараптап шығуы керек.

Келесі жұмысы: мұғалімнің күнтізбелік-тақырыптық жоспары (КТЖ) да осы комиссияның талқылап бекітумен нақты, өзгертілмейтін нұсқамен жазылуы керек.

Соңғы жұмысы: мектеп аралық бақылаулар (МАБ) және ұлттық бірыңғай тестті (ҰБТ) де өздері жазған оқулықтарға, жаттығуларға сәйкес өздері құрастыруы керек, бұл біртұтастық пен бір жүйелікке алып келеді.

Бұдан тыс, жыл бойы қосымша әр бағытта тереңдетілген материалдар жасап, дамытып, кемелдендіріп отырулары керек.

Комиссия міндетті түрде Ы. Алтынсарин ат. білім академиясы сияқты академия құрамында тұрақты қызметте отырып, жұмыстарын жыл сайын зерттеп, талдап отыруы шарт. Себебі оны әркім әртүрлі етіп, өз білгенінше жасап, күнтізбеліктің сапасы сын көттермей қалатын жайттар жоқ емес.

Ал баспалар осы комиссия жазған оқулықты тек басып шығарумен айналысуы қажет! Оқулық жазумен айналыспауы керек! 

Егер осы шарттар толығымен орындалса біздің ұтатынымыз:

Бірінші, барлық орта білім қажетті материалдары бірізділеніп, жүйеленеді. Бұдан сапа туады.

Екінші, егер қате кетсе, бір-біріне сілтеу туындамайды, жауапкершілік тек бір мекеменің құзіреттілігіне, бір комиссияның мүшелеріне жүктеледі. Сондықтан жауапкершілік артады.

Ұстаздардың басты мақсаты – ұлт болашағын, келер ұрпақты тәрбиелеу. Оқулық – ұстаз бен шәкірттің көмекшісі, сырлас досы. Ол ешқашан да олқы болмау керек, оқулықтың олқылығы опық жегізеді.

Аятжан Ахметжан.

Астана қаласы дарынды балаларға арналған

№9 «Зерде» мектебінің химия пәні мұғалімі

Қазбілім порталы

-ЖАРНАМА-

3 КОММЕНТАРИИ

  1. РАХМЕТ ботам, көп жаса !

    СТУДЕНТ ЖАСТАР сн, 11/02/2015 — 10:18

    проф. Совет-Хан Ғаббасұлы Бүгін, 3. 10. 2013ж. 19:01

    Бүкіл тарихшылар жетім қалыпТүйе бағып жүрген Сабалақты — Абылай еткен кім?.. Міне бұл жайында жұмған ауыздарын ашпайды…Жоңғарды жеңіп, 1756 жылдар тыныш жатқан Қазақты.., анығыр-ақ айтқанда Қабанбайдың бауырын келіп Қырғыздар шапқанда, бұған ашуланған Қабанбай батыр олардың тас-талқанын шығара қырып жеңгенде, артынан келіп Абылай көмектесетінін де.., тарихшылар анық айтпайды. Бұл басқыншылықты басып, жеңіске жеткен Қабанбайдың ерлігін айтпай, көмекке келген Абыайды мадақтайды.Халыққа да ұрпаққа да өтірік тарих керек емес. Мынау деректі мысалды әдейі беріп отырмын !… Жазбаңда Ж.Шамши… аса үлкен қателіктер бар. Қазақтың Ұлы Қолбасшысы Қаракерей Қабанбай батыры қайда?.. Түйе бағып 11-12 жастағы Жетім САБАЛАҚТЫ қамқорлығына алып ержеткізген КІМ ?.. Бұл жайында ешкім ештеме айтпайды.Абылай көктен түсіп ХАН бола қалған жоқ қой. Ел осыны білсін!!.. Әз-Тәуке 1718 жылы қайтыс болған соң, Қазақтың ежелгі жауы Жоңғарлар қыбырлай бастайды. Міне осы кезде 1720 жылдан бастап.., бүкіл Қазақ даласында ТҰРАҚТЫ ЖАСАҚ ұстаған, тек Қабанбай батыр ғана ғой. Осы Қабанбайдың жасағынан жасқанған Жоңғарлар, Аякөз өңіріндегі Ақшәулі тауының оңтүстік шығысындағы «ЖОҢҒАР ҚАҚПАСЫ» делінетін жазық даладан кірмей, ІЛЕ ӨЗЕНІНІҢ оңтүстігімен Алатауды бөктерлеп шабуыл жасағаны тарихи шындық қой. Бұл кезде бүкіл Қазаққа Әбілқайырды хан етпек болып жанталасып жүрген Бөгенбай мен тархан Жәнібектердің қоластында, Сен өтірік айтқан армия түгіл.., Жасақ та болған жоқ. Ал 1725 жылы Қабанбай батыр өзінің «Мыңға тарта жасағымен» ТҮРКІСТАНДЫ жау қолынан босатпақ болып, БҮКІЛ ҚАЗАҚ БАТЫРЛАРЫНА сауын айтып жолға шығады. Бұл кезде Төле бидің түйесін бағып жүрген САБАЛАҚ 12-13 жаста ғана болған. Алғаш әскери жасақты көрген САБАЛАҚ осыған қосылмақшы болып Төленің батасын алып, Қабанбайдың жасағына қосылады. Абылайды тәрбиелеп ержеткізген Қабанбай ағасы. Олардың өзара қимастай болған достықтары жайында әңгіме көп. Бұл жайында Бұқар жыраудың Абылай мен Бөгенбайға айтатын:
    — » Әй, Абылай, Абылай, Сені мен көргенде, Тұрымтайдай ұл едің, Түркістанда жүр едің, Қалтақтап жүріп күнелткен Үйсін Төле бидің Түйесін баққан құл едің…
    Уа, сен қанжығалы Бөгенбай, Тақымы кеппес – ұры едің, Түн қатып жайыңа жүр едің Қабанбайдан бұрын найзаңды Қай жерде жауға тіредің?!
    /Бес ғасыр жырлайды, 1-т/ — деген еді.
    Сабалақ бала жасағы жоқ Бөгенбайға қалай қосылады. Жұмамұрат сенің маған жіберген хатыңда қателік өте көп. Сондықтан, Ұлттық тарихты жазамыз десек ақиқатты ғана басшылыққа алу керек. Қабанбайды халқы — «Хан батыр», «Дарабоз» , «Ұлы Қолбасшы» — деп бекер атамаса керек. Жалпы Абылайдың бүкіл өмірі, хандық қызыметі Бұқар жырау мен Қабанбай батырмен байланысты айтылады емес пе ? Тіпті, сенің маған жіберген «Жазбаңда» Қаракерей Қабанбай батырдың аты да жоқ. Бұл аса ауыр қателік !

    ..
    ПІКІР:
    Қазақ үні сн, 11/02/2015 — 11:55
    Құрметті Совет Хан Аға! Қабанбай батырды ұлықтау үшін, міндетті түрде Аблайды табанға басу керек па? «Хан айтар сөзді, қара да айтады бірақ, аузының дуасы жоқ» демейтін бе еді. Адам баласы 12-13 жастан өсіп жетілмейді, өмірді қалай бастаса солай құл болып қала береді деп ойлайсыз ба? Ержетіп, халқына өзінің ерекше қасиетін танытпаса, тұрымтайдай жетім бала, қазіргідей «крыша» арқылы емес, аузымен орақ оратын ақылгөй шешен Бұқар жырауды мойындатып, намысқойлығы, батырлығы, көзсіз ерлігі бірінен бірі асатын НАР Қазақтың арасынан шығып, зар заманда ЕЛІНІҢ НАҒЫЗ КӨШБАСШЫСЫНА АЙНАЛҒАН АБЫЛАЙ ХАНДЫ сонша төмендетуге бола ма екен! Ай, қор болған қазағым ай, бәрін қойып ҰЛТЫМЫЗДЫ, ҰРПАҒЫМЫЗДЫ БІРЛІККЕ, ТАТУЛЫҚҚА БАҒЫТТАР, ӨТКЕН ҰЛЫЛАРЫМЫЗДЫ ТУ ЕТЕР КЕЗДЕ жазған мәмілеңіз құрысын.

    #4 Серік сн, 11/02/2015 — 11:55
    Абылайдың өз орны, Қабанбайдың өз орны бар қазақ тарихында. Қабанбайды мақтаймын деп, Абылай ханды даттауға немесе жоққа шығаруға болмайды ғой! Сөз жоқ, екеуі де ұлы тұлғалар… Бас жаққа барыспайық ағайын!

    5 проф. Совет-Хан Ғаббасұлы сн, 11/02/2015 — 14:15
    «Қазақ үні» және «Серік»- Сендердің дұрыс деректің өзін… бұрыс түсінгендерің жөн емес ?! Бұл жазбада Абылайды — «табанға басу» — деген не сөз ? Осылайша адасып… өңін өзгерте түсінуге болмайды. Мен тарихшыларға — ӘР КЕЗЕҢНІҢ ШЫНДЫҒЫН — жазуды талап етіп отырмын. Абылайдың 11-13 жастарында ТӨЛЕ БИДІҢ малын баққаны рас қой. Осы кезеңдегі тарихи шындықты айту- Абылайды «даттау» емес ! Қабанбайдың жасағына қосылып барып, Абылай өзінің азаматтық жолын бастаған… шындықты айту, бұл дерек оны кішірейтіп тұрған жоқ. БҰХАР ЖЫРАУ — осы кезеңнің куәгері — өтірік айтып тұр ма ?.. «Қазақ үнін» — бүркемеленген шырағым… сөз түсінбей, қате пікір айтқаның ұят. АБЫЛАЙ — осы ТӨЛЕ — БҰХАР — ҚАБАНБАЙ — текті ТҰЛҒАЛАРДАН тәрбие алмай аспаннан түскен жоқ. Бізге АҚИҚАТПЕН ғана жүйеленген ҰЛТТЫҚ ТАРИХЫМЫЗДЫ жасау басты мақсат ! Бұл келешек ҰРПАҚ үшін керек !!..

    Тилеукабыл Сулейменулы Тарихты бура тартпай шындыкты жазу керек. Тарихта калатын тулгалардын орнын,жаман-жаутiк балаларынын калтасы аркылы тарихтан орын алмау керек. Аркiм енбегiне карай багаланып,жемiсiн корудi Алла насiп еткен.

  2. Балаларымыз өсіп ке жатқаннан кейін оқулық мәселесі бәрімізді алаңдатады. өте орынды көтерілген мәселе, тек комиция-ңызды түсінбедік (комиссия емес пе?).

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

7 мыңға жуық мектеп пен колледжге буллингтің алдын алу бойынша түсіндіру жұмысы жүргізіледі

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті хабарлағандай, еліміздің бірнеше өңірінде балаларды жәбірлеудің (буллинг) алдын алу және білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтердің жұмыс принциптері...

«Өліммен бетпе-бет келдік»: қазақстандық студент Түркиядағы жағдай туралы айтып берді

Нұрболат Кәрібай – қазір Түркияның Кайсері қаласында білім алып жүрген студенттің бірі. Анадолы жерінде отбасымен тұрып жатыр. Ол қаладағы жағдайды түсіндіріп өтті. «Түркияның Кайсері қаласында...

Атырау университетінде онлайн курс және вебинарлар жазу студиясы ашылды

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде Жаппай ашық онлайн курсы (MOOC) оқыту әдістемесі аясында онлайн курстар мен вебинарларды жазу бейнестудиясы мен IT сыныптары ашылды. «Бұл кабинет, біріншіден,...

«Сауатым жоқ»: 42 жастағы әріп танымайтын келіншек «Әліппені» оқып жүр

Алматы облысында пәтер жалдар тұратын Талғат Кәстекбаев пен Жаңакүл Көшербаеваның үш баласы бар. Олар күн салқында киетін аяқ киім таба алмай, мектепке бара алмай...

Қазақстандық ЖОО-лар Түркиядағы студенттерді қабылдауға дайын – министрлік

Қазақстандық жоғары оқу орындары Түркияда оқып жатқан ел азаматтарын және қандастарды қабылдауға дайын. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. «ҚР Түркиядағы елшілігінің...