Home Редакция таңдауы «Әдебиет порталында» жазба ақындар арасында республикалық онлайн-мүшәйра өтеді

«Әдебиет порталында» жазба ақындар арасында республикалық онлайн-мүшәйра өтеді

0

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі «Қазконтент» АҚ «Әдебиет порталы» интернет жобасында онлайн түрде Ақмола облысының білім басқармасы жанындағы «Көкшетау қаласы, (қазақ тілінде оқытылатын) Ж.Мусин атындағы педагогикалық колледжінің ұйымдастыруымен «Қазақ хандығы — 550: Мәңгілік ел — тағдырым» атты жазба ақындардың республикалық онлайн-мүшәйрасы өткізіледі.
Онлайн-мүшәйраның негізгі мақсаты – Қазақ хандығының 550 жылдығын мерекелеудің мәні мен бүгінгі таңдағы тарихи маңызын ашу. Қазақ халқының әрдайым татулық пен ынтымақты үлгі еткен дархан мінезін, ауызбіршілік пен адалдықты, еңбекқұмарлық пен ақыл-ойды қасиеттеген ізгілікті салт-дәстүрін жыр тілімен кестелеу.
Республикалық ақындар байқауына Қазақ хандығының 550 жылдығы мен «Мәңгілік ел» идеясы тақырыбында жазылған бұрын баспа бетінде жарияланбаған 1 өлең, еркін тақырыпта жазылған 1 өлең қабылданады.
Мүшәйраға қатысу үшін алдымен әрбір үміткер «Әдебиет порталына» тіркелуі қажет. Ұсынған өлеңдері «Әдебиет порталында» онлайн түрінде жарияланады және байқауға қатысатын өлеңдердің көркемдігіне, портал оқырмандарының дауыс беруіне, пікір жазып талқылануына, әлеуметтік желілерде көп таралуына қарап бағаланады.
Жеңімпаздар арнайы дипломдар мен қаржылай сыйақылармен марапатталады.

Жүлде қоры:
• Бас жүлде – 200 000 тг.
• І орын – 150 000 тг.
• ІІ орын (екеу) – 80 000тг.
• ІІІ орын (үшеу) – 40 000тг.

Құжаттар 2015 жылдың тамыз айының 15-не дейін төменде көрсетілген мекен-жай бойынша қабылданады:
Қазақстан Республикасы, Астана қ., Орынбор көшесі, 8 «Министрліктер үйі», 3 кіреберіс.
Тел/факс: +7 (7172) 79 82 12 (ішкі 150); 8 778 999 85 89
Эл. пошта: adebiportal@gmail.com

Толығырақ «Әдебиет порталынан» оқи аласыз.

NO COMMENTS

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

Exit mobile version