-9 C
Нур-Султан
22.03.2023

Оқушыларды пәндік олимпиадаларға дайындауға арналған шеберлік курсы өтеді.

4-5 ақпан күндері Астана қаласы дарынды балаларға арналған №9 «Зерде» мектебінде «Химия пәнінен олимпиадалық есептер шығарту арқылы оқушылардың ғылыми ойлау өресін дамытып, логикалық ойлау өресін жетілдіру» — атты қала мектептерінің химия пәні мұғалімдеріне арналған шеберлік курсы өтеді.

Шеберлік курстың негізгі мақсаты Астана қаласының ұстаздар қосынын нығайту, дарынды оқушыларды пәндік олимпиадаларға дайындауда жүйелі, сапалы дайындық жүргізудің негізгі іс-тәжірибесімен бөлісу.
EyzE_EerfkwШеберлік сағатты Астана қаласы дарынды балаларға арналған №9 «Зерде» мектебінің химия пәні мұғалімі, халықаралық, республикалық олимпиада жеңімпаздарын тәрбиелеуші Аятжан Ахметжан.

Аятжан Ахметжан жас болса да, соңғы үш жылда химия пәнінен қырықтан астам аудандық, жиырмадан астам қалалық, төрт республикалық, бір халықаралық олимиада жеңімпазын тәрбиелеген Астана қаласы дарынды балаларға арналған №9 «Зерде» мектебінің химия пәні мұғалімі.
Шеберлік курсқа қатысам дейтін барлық химия пәні мұғалімдеріне есік ашық.
Шеберлік курстың өтетін орны: Астана қаласы дарынды балаларға арналған №9 «Зерде» мектебі. Сарыарқа көшесі, 20.

Уақыты: 2015 жылы 4-5 ақпан.
Байланыс телефоны: Аятжан Ахметжан (8702 – 931 8008)

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Мотивация беретін үздік 5 фильм

Кей кезде ойлаған арманың мен мақсатың орындалмаған кезде барлығынан шаршап кетесің,  сол кезде мотивация іздейсің. Арманыңыз бен мақсатыңыдан бас тартпай, әрі қарай да армандай...

Оқушылар арасында математика-жаратылыстану бағытында республикалық олимпиада өтіп жатыр

20-25 наурыз күндері Шымкент қаласында жаратылыстану-математика бағытындағы пәндер бойынша республикалық олимпиада өтеді, деп хабарлады «Дарын» РҒПО мамандары. Бұл -  математика, физика, химия, биология, география...

Мемлекет басшысы Наурыз мерекесімен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Тәуелсіздіктің 25 жылдығы" монументі жанындағы алаңда Наурыз мейрамына арналған мерекелік іс-шараға қатысып, сөз сөйледі, - деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. "Наурыз...

«Алаштану» және «Тұлғатану» пәндері енгізіледі

ҚМДБ төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында халықтың, әсіресе жастардың патриоттық сезімін ояту мақсатында атқарылатын жобалар туралы баяндады. "Халықты...

Шетелдік ғылыми тағылымдама: өзгерістер мен жаңартулар

Білімде шекара жоқ. Қазіргі таңда оқимын, білімімді шыңдаймын деген дарынды жастардың кез келген елге барып, тең дәрежеде білім алуына толық мүмкіндігі бар десек қателеспейміз. Президент...