1 C
Нур-Султан
07.10.2022

Қазыхан Әше. Дарвиннің сандырағын оқулыққа кіргізген кім?

Болашақ жастардікі. Оларды тәрбиелеу, рухани азық беру — білім ордаларының ісі. Балаға қандай тәрбие берсең, соны бойына сіңіреді. Осы тұста үкіметтің бөліп жатқан қаражатында есеп жоқ. Бұл — қуанарлық іс. Тек біздің өкінетіміз, сол қаражатқа лайық іс тындырылып жатыр ма? Қазақ мектебінің 9-10-11 сыныбының биология оқулығына, сондай-ақ, «Адам. Қоғам. Құқық», «Қоғамдық білім негіздері» атты оқу құралына көз жүгіртейікші.
Биология сабағының мұғалімі «Адамның шығу тегі» атты сабағын бастап кетті. Біз ештеңе қоспай, оқытушыныңкітап сөзімен айтқан тақырыбын толық беріп отырмыз.
«Адамның шығу тегін, тарихи даму кезеңдерін, нәсілдік ерекшеліктерін, ма-териалдық және рухани қазыналарын зерттейтін кешенді ғылым антропология деп аталады. Антропология сөзі грек тілінде «адам туралы ғылым» деген ұғымды білдіреді.
Жалпы, тірі организмдердің тарихи даму кезеңінде ең соңында пайда болған әрі ең жоғары сатыдағы тұрған тіршілік иесі — адам. Қазіргі кездегі жер бетіндегі адамдардың бәрі де бір түрге — саналы адамға жатады.
Адамның шығу тегі туралы көптеген көзқарастар бар. Адамның шығу тегі жалпы тіршіліктің пайда болуымен тікелей байланыста қарастырылады. Діни ұғымдар бойынша адамды Құдай, Алла тағала, т.б. жаратушы құдіреттер топырақтан, саз балшықтан жаратқан деген пікір бар.
Ең алғашқы адамның жалпы аты — Адам ата. Тіршілікті Жаратушы құдірет иесі алдымен күн мен жерді, кейіннен суды, топырақты, Ай мен жұлдыздарды, жануарларды жаратқан. Ал алтыншы күні Адам атаны, одан соң Адам атаға серік болсын деп Хауаны жаратқан. Адам ата мен Хауа анадан жер бетіндегі барлық адам баласы таралған деп түсіндіреді. Әсіресе анатомия, эмбриология, палеонтология т.б. ғылымдардың деректеріне байланысты адамның шығу тегі туралы ғылыми көзқарастар қалыптаса бастады. Тірі организмдерді алғаш рет швед ғалымы Карл Линней ғылыми жүйеге бөліп жіктеген. (1735 жыл) Ол өз еңбегінде адамды сүтқоректілер классының приматтар (маймылдар) отрядына жатқызып, түрін «саналы адам» деп атады.
Француздың жаратылыстанушы ғалымы Ж.Б.Ламарк те адамның адамтектес маймылдардан шыққандығын қуаттайды. Ағылшын ғалымы Чарлз Роберт Дарвин де өзінің эволюциялық ілімі бойынша адам адамтектес маймылдан пайда болған деген пікірді қолдады. 1871 жылы «Адамның шығу тегі және жыныстық сұрыпталу» деген еңбегінде Ч.Р.Дарвин адамтектес маймылдар мен адамның арғы тегі бір тармақтан таралған деген қорытындыға келді.
Соңғы кезде адамдар жерге ғарыштан келген деген пікірлер де айтылып жүр. Сондай-ақ, арғы аталарымыз: адам, шимпанзе, горилла, орангутан, гиббон болып таралады. Баланың санасын жаулау үшін Нидерландық антрополог ғалым Эжен Дюбуа (1858-1940) да Ч.Дарвиннің теориясын құптайды. (Сурет «Биология» 11 сынып оқулығында, 118 бетте көрсетілген). Қазіргі адамдардың арғы тегі: 1. Аустролопитек 2. Тік жүретін адам 3. Неандертальдық (ертедегі) адам 4. Қазіргі адамның тікелей арғы тегі — кроманьондық адам деп айтады”, — деді де, оқытушы кітабын үстеліне қойды.
Атасы намазын қаза етпейтін Жұмабай апайының түсіндірмесі біткенше қойнына құрт кіріп кеткендей жыбырлап отырған. Сабағын менсінбегенін апайы да сезіп: “Қазір осы айтқанымды одан сұрармын-ау”, — деп ой түйген.
— Жұмабай, тақтаға шық! Адамның шығу тарихын айтшы, — деді.
Жұмабай атасынан естігенін аңырата жөнелді.
— Барша ғаламның иесі Алла тағала бұдан бұлай жер бетіне тіршілік етушілерге қожа ретінде адамды жаратты. Алла тағала адамды қара саз балшықтан жасаған соң, кептіріп, шерткенде дыбыс шығаратындай хәлге жеткізіп, оған өз рухынан үрлеп дем береді. Ол қаннан, еттен, жүйкеден жанданып қимылдай бастайды. Сәл уақыттан соң ойлай білетін қабілетке келіп, бейне бір ұйқыдан оянғандай болады. Алла тағала періштелерге: «Сендер оған бас иіңдер!» — деп ескерткен болатын. Бұл оқиға періштелерді таңғалдырды. Себебі Алла тағала адамды періштелерден артық етіп жаратқан еді. Ібілістен басқаның бәрі бас иді. Ібіліс қана өкпелі еді. Ібіліс: «Мені оттан жараттың, ал оны топырақтан жараттың», — деп қарсы келді.
Періштелер ішіп-жемейді, өсіп-өнбейді, өмір бойы Аллаға қызмет етеді, ұшып жүреді. Ал адам болса, ішіп-жейді, өніп-өседі, артына ұрпақ қалдырады, оқиды, даналық қабілеті бар, кейде қуанып, кейде қайғыра алады, бүкіл дүниеге қожалық етеді. Періштелер сияқты ол жалғыз күн кешу мүмкін емес еді. Сол себептен Алла тағала оған серік етіп Хауаны жаратты. Екеуіне жұмақта да бірге жүруді бұйырды.
Алла тағала Хауаны жаратар алдында Адамды қатты ұйықтатып тастаған. Сол жақ қабырғасын сөгіп, ішін етпен толтырған. Бірінсіз-бірі күн көре алмайтындай мәңгілік етіп біріктірді. Хауа Адамнан кіші, өте сұлу, мүсіні әдемі, ажарлы, жүрегі жұмсақ, табиғатқа төзімді болып жаратылған. Адам оянғанда басында отырған Хауаны көреді.
— Сен кімсің? — деп сұрады.
— Әйелмін.
— Не үшін жаратылдың?
— Сенімен мәңгі бірге болу үшін жаратылдым, — деп жауап береді.
Бұл Алла тағаланың әмірімен жасалған ғажап іс еді. Екеуі содан бастап бірге тұрады.
Бұл жарық дүние — Алланың бізге сыйлаған сыйы. Алла Тағала Айды, Күнді, Жерді жаратқан соң, пенде есебінде Атам атаны, Хауа ананы жаратты. Бүкіл әлемде жүрген адамның барлығы бір Адам ата мен Хауа ананың ұрпағы.
Топан су жер бетін басып опат болған кезде Нұқ пайғамбардың кемесі Дажыла дариясының маңында Жуды деген тауға тоқтаған. Сондай-ақ, алып-қашты аңыздарда Арапат тауына жеткен. Кемеге отырған Нұқтың үш ұлы: Сим, Хам, Иафет әйелдерімен бірге аман қалады. Қай елде, қай жерде болмасын мұндай оқиғалар аңызға айналған. Шымкент қаласының маңындағы Қазығұрт тауына да Нұқ пайғамбардың кемесі тоқтапты деген аңыз бар.
Қазығұрттың басында кеме қалған,
Ол әулие болмаса, неге қалған?
Жетім қозы басында жатып қалып,
Шопан ата жануар содан қалған, — деп айтады. Шопан ата, Зеңгі баба, Жылқышы ата, Ойсыл қара сол таудан өніп-өскен.
Біздің байыптауымызда, екінші тіршілік Адам атаның 13-ші ұрпағы Нұқ пайғамбардан басталды.
— Жұмабай, бұл қалай? Ертең сабақта кітапта жазылғаннан басқа естігеніңді қосушы болма! Әйтпесе екі қоямын, — деді мұғалім қатаң ескерту жасап.
11 сынып оқушылары «Адамның шығу тегі туралы» дауды үйлеріне де айтты. Бұл оқиға бүкіл Қазақстанда орын алып отыр. Кеңестер одағы кезінде дінге тосқауыл қою үшін орыс тілінде жазылып, күні бүгінге шейін қырық рет қайталанып басылған Ч.Р.Дарвиннің сандырағы оқулықтан алынатын уақыты жетті. Ағылшындар да бұл күндері осы пікірді мойындамайды. Дінтану сабағында Жұмабай айтқан Адам ата тарихын оқытса, биология пәнінде Дарвиннің ілімін оқытады. Бұл не? Биология мен дінтану пәнінің ортасындағы айқас па? Дарвиннің сандырағын Кеңестер Одағының туы жығылса да, жандандырып отырған кім? Қазақстан бүкіл әлеммен араласып отырғанда, мұсылман елдерімен түркі тектес халықтың оқулығын неге қарамасқа? Оқулық авторлары бақай қимылдатпай, «баяғы жартас — сол жартас» болып отырғаны қалай?

kazakhstanzaman.kz

-ЖАРНАМА-

1 КОММЕНТАРИЙ

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Ресейден келгендер мектепте мұғалім болып жұмыс істей алма ма?

Ресейде ішінара мобилизация жарияланған соң Қазақстанға бас сауғалап келгендердің саны көбейді. Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов ресейлік мұғалімдердің Қазақстанда мектепке жұмысқа орналаса алмайтынын айтты. Zakon.kz-тің жазуынша,...

Алматының Алатау ауданында екі мемлекеттік колледж салынады

Алматы қаласының Алатау ауданында екі мемлекеттік колледж салынады. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев аудан тұрғындарымен кездесуде айтты. «Келесі жылдан бастап Алатау ауданында екі мемлекеттік...

Қазақстанда білім беру 13,8% қымбаттады

Қазақстанда білім беру ақысы 13,8% қымбаттады. Бұл туралы ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросынан мәлім етті. «Қыркүйек айында білім беру қызметтерінің бағасы...

Павлодар облысында алдағы 3 жылда 10 мектеп салынады

Жолдауда ұсынылған «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Павлодар облысында алдағы 3 жылда 10 мектеп салынады. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Павлодар облысы жұртшылығымен...

Жаңа Әділетті Қазақстанға елімізде білім культі біржола орныққан кезде ғана жетеміз – Тоқаев

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Павлодар облысының жұртшылығымен кездесуі барысында Мәшһүр Жүсіптің осы өңірдің перзенттерінің арасында алар орнына ерекше тоқталып өтті, деп хабарлайды KAZBILIM БОРТ№1 Telegram...