-0 C
Нур-Султан
07.10.2022

Бекен Қайратұлы. ХАЛЫҚ ҚАЛАЙ АДАСУДА?

Адамдар тұғырлы, өзегі ғылыми ақихатқа байланған білімге ұмтылудан көрі, жарқ-жұрқ еткен алдамшы білімге, яғни, білім емес, білім сияқты көрінген ақпаратқа құмар болуда. Ақпарат ешқашан білім болмайды. Мысалы, Көктөбедегі антеннаның биіктігі 381 метр, Бонапарт Наполеон жарықтық 40-шы размерлі етік киген, адамның шашы жылына жарты метр өседі… осылар білім бе? Бұл жай ғана ақпарат. Ендеше білім мен ақпаратты ажырата алған абзал болмақ. Әйтпеген де, ұрпақ яғни, оқып жатқан оқушы-студенттер күнделікті интернеттен алып жүрген ақпаратын білім деп шатасып қалуы әбден кәдік. Сонымен біздің жаулар білім мен ақпараттың орнын алмастыру арқылы елді, қоғамды сауатсыздыққа қарай итермелеуде. Бұған теледидар сияқты ақпарат құралдары айтарлықтай үлес қосуда. Айталық, тәуелсіздіктің алғашқы жылдары «Поле чудес», «Угадай мелодию» т.б. бағдарламалар кеңінен насихатталды. Адамдар түкке тұрмайтын жеңіл сұрақты табады да, машина қанжығалып қайтады. Нәтижесінде күллі қоғам жеңіл ойлауға ұмтылады. Естеріңізде болса сол кездері барлық орта мектептерде жоғарыдағы «Поле чудестің» қазақыланған нұсқалары ойналып жатты. (Қазір де бар шығар). Онымен қоймай осындай тек ақпаратқа миы толған жастарды «Білімділер клубы», «Жаңа заман жастары» т.с.с. жасанды топтарға жинады. Оған қаржы бөліп, әспеттеді. Теледидарлардан итше таластырып қойды. Адамдар бұндай қитұрқылықтың артында нендей сұрқия саясат тұрғанын аңғармады. Аңғару да мүмкін болмады.
Қысқасы, жоғарыдағы жеңіл-желпі білім арқылы пайда табу көзі қоғамға кіріккен соң, келесі «Выиграй миллион» дегенді енгізе қойды. Бұл тіпті ақпаратта емес долбар ойын. Төрт сұрақтың бірі дұрыс. Көзі жұмып тұрып атып кеп жібересіз. Тисе терекке, тимесе бұтаққа. Білім бе бұл. Өтірік ата беріп, тіпті миллионды да ұтып кетуіңіз ғажап емес. Өте қауіпті құбылыс бұл. Жастарды білімсіз-ақ өмір сүруге, пайда табуға дағыландыру.
Сөйтіп, осындай ақпаратқа қоғамның еті үйренген кезде, сап еткізіп орта мектептің білім бағдарламасына «Тест» дегенді енгізе қойды. Ал, енді құтылып көр. Көзін ашқаннан «Поле чудес» пен «Выиграй миллион» тәрбилеп тастаған бала, сүтке тоймаған жетім қозыдай тестке ауызды салып кеп жіберді. Сөйтіп, батыстың дайындап берген «жемісін» жеп жатыр.

Жазба автордың фб әлеуметтік желісіндегі парақшасынан алынды.

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Ресейден келгендер мектепте мұғалім болып жұмыс істей алма ма?

Ресейде ішінара мобилизация жарияланған соң Қазақстанға бас сауғалап келгендердің саны көбейді. Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов ресейлік мұғалімдердің Қазақстанда мектепке жұмысқа орналаса алмайтынын айтты. Zakon.kz-тің жазуынша,...

Алматының Алатау ауданында екі мемлекеттік колледж салынады

Алматы қаласының Алатау ауданында екі мемлекеттік колледж салынады. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев аудан тұрғындарымен кездесуде айтты. «Келесі жылдан бастап Алатау ауданында екі мемлекеттік...

Қазақстанда білім беру 13,8% қымбаттады

Қазақстанда білім беру ақысы 13,8% қымбаттады. Бұл туралы ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросынан мәлім етті. «Қыркүйек айында білім беру қызметтерінің бағасы...

Павлодар облысында алдағы 3 жылда 10 мектеп салынады

Жолдауда ұсынылған «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Павлодар облысында алдағы 3 жылда 10 мектеп салынады. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Павлодар облысы жұртшылығымен...

Жаңа Әділетті Қазақстанға елімізде білім культі біржола орныққан кезде ғана жетеміз – Тоқаев

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Павлодар облысының жұртшылығымен кездесуі барысында Мәшһүр Жүсіптің осы өңірдің перзенттерінің арасында алар орнына ерекше тоқталып өтті, деп хабарлайды KAZBILIM БОРТ№1 Telegram...