1 C
Нур-Султан
07.10.2022

Ербол Тілешов: Бұл оқулықтарды көру – ұят.

«Мектеп оқулықтарында тіл қолданысында кемшіліктер көп кездеседі. Жақында ғана 1-сыныптан бастап 10-сыныпқа дейінгі орыс мектептеріндегі қазақ тілі оқулықтарын саралап шықтым. Мұндағы айтайын дегенім, бұл оқулықтарды көру – ұят. Себебі жүйе жоқ. Мұндай оқулықпен бала он бір жылда ешқашан қазақ тілін үйренбейді. Он бір жыл бойы мектепте оқитын әр бала қазақ тілін 1600 сағат оқиды. Сонда бір сабақта бір сөз үйренсе, ол 1600 сөз үйреніп шығады екен. Ғалымдардың зерттеуінше, бір тілді үйрену үшін бастапқы кезде 1100-1200 сөз білу керек екен. Көрдіңіз бе, бала қазақ тілін үйрене алмағаннан кейін колледжде тағы оқытамыз, университетте тағы оқытамыз. Мемлекеттік қызметке келгенде тағы оқытамыз. Демек, қазақ тілін оқытуды нәтижелі етуіміз керек. Сонда мемлекеттің де қаржысы үнемделеді»

Астана қалалық Тілдерді дамыту басқармасының бастығы Ербол Тілешовтың «Тіліміздің төл табиғаты бұзылмасын десек…» сұхбатынан.

Ана тілі газеті.18 – 24 қыркүйек. 2014 жыл.

-ЖАРНАМА-

1 КОММЕНТАРИЙ

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Ресейден келгендер мектепте мұғалім болып жұмыс істей алма ма?

Ресейде ішінара мобилизация жарияланған соң Қазақстанға бас сауғалап келгендердің саны көбейді. Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов ресейлік мұғалімдердің Қазақстанда мектепке жұмысқа орналаса алмайтынын айтты. Zakon.kz-тің жазуынша,...

Алматының Алатау ауданында екі мемлекеттік колледж салынады

Алматы қаласының Алатау ауданында екі мемлекеттік колледж салынады. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев аудан тұрғындарымен кездесуде айтты. «Келесі жылдан бастап Алатау ауданында екі мемлекеттік...

Қазақстанда білім беру 13,8% қымбаттады

Қазақстанда білім беру ақысы 13,8% қымбаттады. Бұл туралы ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросынан мәлім етті. «Қыркүйек айында білім беру қызметтерінің бағасы...

Павлодар облысында алдағы 3 жылда 10 мектеп салынады

Жолдауда ұсынылған «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Павлодар облысында алдағы 3 жылда 10 мектеп салынады. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Павлодар облысы жұртшылығымен...

Жаңа Әділетті Қазақстанға елімізде білім культі біржола орныққан кезде ғана жетеміз – Тоқаев

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Павлодар облысының жұртшылығымен кездесуі барысында Мәшһүр Жүсіптің осы өңірдің перзенттерінің арасында алар орнына ерекше тоқталып өтті, деп хабарлайды KAZBILIM БОРТ№1 Telegram...