Home Редакция таңдауы Астанада 2015 жылы алты жаңа мектеп ашылады

Астанада 2015 жылы алты жаңа мектеп ашылады

0
Астанада 2015 жылы алты жаңа мектеп ашылады

Қазақстанның әлемнің дамыған 30 мемлекетінің қатарына қосылуының басымды бағыттардың бірі білім беру жүйесін дамыту болып табылады. 3-6 жастағы балаларды мектепке дейінгі мекемелермен жүз пайыз қамтамасыз ету аса маңызды мәселелердің бірі. Сонымен қатар, оқу орындарының жетіспеушілігі мәселесін жою және барлық мектептерді екі ауысымдық оқуға ауыстыру міндеті қойылып отыр.

Елордада білім беру нысандарын салу жұмыстары белсенді жүргізілуде. Биыл 10 700 орынға есептелген 9 мектепті пайдалануға беру көзделген. Қазіргі кезде 6 нысанның құрылысы аяқталды. Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтына Астана қаласының құрылыс басқармасынан хабарлады.

Әрқайсысы 1200 орынға есептелген мектептер № 41 және Л. Мирзоян көшесінің қиылысында, № 50 көше мен Ш. Қалдаяқов көшесінің оңтүстігінде; Сарайшық көшесінің оңтүстігінде, Жұмабаев көшесінің шығысында; Жәнібек, Керей хандар к-сі, Орынбор және Түркістан көшелерінің орамында; Еңбекшілер, Орынбор және Жәнібек, Керей хандар көшелерінің қиылысында, сондай-ақ, Сыганақ көшесінің оңтүстігінде орналасқан. 5 575 орынға есептелген алты мектептің құрылысы жалғасуда, соның ішінде екеуі 800 орындық КТМ, құрылысты аяқтау мерзімі – 2015 жыл. Жыл соңына дейін үш мектеп салынып бітеді.

Сонымен қатар, бүгінде Алматы мен Ақмешіт көшелерінің қиылысында орналасқан 240 орындық балабақшаның құрылысы аяқталды. Жыл соңына дейін 5 балабақша мен 1 260 орынға есептелген 1 қосымша ғимарат салынып бітеді. 1960 орынға есептелген 8 балабақшаның құрылысы жалғасуда.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here