9 C
Нур-Султан
24.06.2021

Астанада үздік жыл оқушысы анықталады

18 қарашада Оқушылар сарайында қала мектептерінің көшбасшы оқушылары арасында байқау өтеді. Оған білім мекемелерінің 10-11 сынып оқушылары қатысады. Қатысушылар алдымен Қазақстан тарихынан тест сұрақтарына жауап беріп, эссе жазу арқылы іріктеу кезеңінен өтті. Ақтық сынға 15 оқушы іріктеліп алынды. Ақтық кезең бірнеше кезеңнен тұрады, оқушылар тапқырлығын, эрудициясын және шешендік өнерін көрсетуге тиіс, — деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайыты.

Байқау ҚР тұңғыш Президенті күніне орайластырылған, болашақ зияткерлік элита өкілдері ретінде мектеп партасында отырған жастар да халықтың рухани және материалдық байлығын арттыруға, еліміздің дамуына үлес қосуға тиіс. Байқаудың мақсаты — өскелең ұрпақтың бойына ұлттық патриотизмді қалыптастыру, көшбасшылық қасиеттерін арттыру. Байқау міндеттері ел табысы мен жетістіктерін құрметтейтін жас қазақстандық патриот келбетін кеңінен таныту; жастардың болашаққа ұмтылысы мен мақсатының ортақтығын нығайту.

Байқауды ұйымдастырушылар Астана қаласының әкімдігі, Астана қаласының ішкі саясат және Білім басқармалары.

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Үздік студенттер ұлықталды

Елордада «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Туған жер» жобасы аясында «ТӘУЕЛСІЗДІК – АЛТЫН ТҰҒЫРЫМЫЗ» атты республикалық конференция өтті. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған іс-шараны «Bilim-orkenieti» ұлттық инновациялық...

Мектептердегі қауіпсіздік жүйесіне қатысты кемшіліктер жыл соңына дейін жойылады

Еліміздің білім беру ұйымдарындағы қауіпсіздік жүйесіне қатысты кемшіліктер жыл соңына дейін жойылады. Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Ішкі істер министрі Ерлан...

Мектеп құлап, алты адам қаза тапты

Бельгияның Антверпен қаласында салынып жатқан мектеп құлап, алты адам мерт болды, олардың бесеуі шетелдіктер. Бұл туралы The Brussels Times газеті хабарлады деп жазды Қазақпарат...

Магистратура мен докторантураға түсу ережелері жарияланды

Білім және ғылым министрлігі магистратура мен докторантураға түсу ережелерін жариялады. Магистратураның білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түсу үшін халықаралық сертификаттарды ұсынуға немесе кешенді тестілеу (КТ)...

Той кемімей, ой көбеймейді

Мұхтар Әуезов «Байлығыңмен емес, біліміңмен жарыс» дейді. Біздің бүгінгі кейіпкеріміз Нұр-Сұлтан қаласындағы №90 мектеп-гимназия­сының директоры, химия ғылымдарының PhD докторанты Аятжан АХМЕТЖАНҰЛЫ – қазақ қашан...