26 C
Нур-Султан
14.06.2021

Қырымбек Көшербаев. Облыстың оқу сапасы басты назарда

Келесі оқу жылынан бастап Байқоңырдағы алты қазақ мектебі қазақстандық білім стандарттары бойынша оқитын болады. Кеше Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев осылай мәлімдеді, — деп хабарлайды Қазбілім сайытың тілшісі.

«Ия, Байқоңырда Қазақстан балалары оқитын алты мектеп бар. Олар Қазақстанның білім стандарты емес, Ресейдің білім стандарты бойынша білім алды. Қазақтың балалары қазақ мектебінде кітап бетін ашады да, «Президентім Путин» дейді. Ертең олар қандай азамат, қандай патриот болады деп айта аламыз?», — деді Қырымбек Көшербаев.

Әкім осы мектептерді бітірген қазақ оқушылары біздің Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатыса алмайтынын, сондықтан, біздің Қазақстандық жоғарғы оқу орындарына түсе алмай қиналып жүргенін айтты.
Яғни, олардың Қазақстан Республикасының азаматы ретіндегі заңды құқықтарына шектеу қойылған.

«Сондықтан, екі елдің Білім министрліктері Үкіметаралық келісім жүргізді. Бұған дейін айтқанымдай, осы айда Байқоңырда Үкіметаралық отырыс өтеді, сол отырыс барысында бұл мәселе де өз шешімін табады. Аманшылық болса, 2015 жылдың 1 қыркүйегінен Байқоңырдағы алты қазақ мектебі қазақстандық білім беру стандартына көшеді»,-деп толықтырды әкім.

Сонымен бірге, брифиниг барынсында облыс әкімі Қырымбек Көшербаев Қызылорда облысында апатты жағдайдағы мектептер мәселесі 2016 жылдың бірінші жартысына дейін шешіледі, — деді.

«Былтыр біз облыс мектептеріндегі үш мерзімдік оқу мәселесін шештік. Биыл апатты жағдайдағы мектептерді алмастыратын 12 мектеп салдық. Бұл мәселені егер бюджет қаражаты жетіп жатса, келесі жылы толық шешеміз немесе 2016 жылдың бірінші жартысында орындаймыз деп жоспарлап отырмыз», — деп атап өтті ол.

Оқушылардың алаңсыз білім алуына толық шарт-жағыдай жасалатын болады, — дедген обылыс әкімі Қырымбек Көшербаев алдағы жылдары облыстың білім сапасы артады, — деп мәлімдеді.

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Орыс әдебиетінің орнын әлем әдебиеті алмастыруы керек!

Әлқисса Әдебиет – адам санасының биік көкжиегінің бірі. Ол әлемдегі ең қуатты идеологиялық қарудың бірі болған, бола бермек те. Әдебиетті өзінің дегенімен жүргізу арқылы бір...

Магистратура мен бакалаврдың арасын кемінде екі жылға ашу керек!

Бүгінде магистратураны ғылым іздеп емес, өзге мақсатта оқитындар көбейді. Жаппай айыптаудан аулақпын, бірақ айтпасақ болмайды. Бүгінгі жұрт магистратураға не үшін түседі? Бірінші, бакалавр бітіре салып, жұмыс...

«Осы ұпай маған жетеді» деген ойдан аулақ болыңыз

Сонымен, жас түлек 2021, ҰБТ-ның бірінші мүмкіндігін сәтті тапсырып шыққан болсаңыз, "осы ұпай маған жетеді" деген ойдан аулақ болыңыз. Өйткені екінші мүмкіндікті пайдаланып неге...

Сенат депутаты Байқоңырдағы мектеп мәселесін көтерді

Биыл Байқоңыр қаласы мен Төретам елді мекенін дамытуға 2,1 млрд теңге жұмсалады. Бұл туралы Қаржы министрі Ербол Қарашөкеев айтты. 1994 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының...

Грант конкурсына қатысқанда нені ескеру керек?

Грант конкурсына қатысатын ҰБТ аяқталуына 20 күн қалды. Көпшілік бөлігі екі мүмкіндігін тапсырып та үлгерді. Енді барлығының ойландыратын сұрақ грантқа қалай түсемін? Конкурс жазатын кезде...