18 C
Нур-Султан
21.09.2023

Мұғалімдер қағаздан толығымен бас тартуға дайын емес

Еліміздегі мұғалімдер «e-learning» жүйесіне көшіп, қағаздан толығымен бас тартуға дайын емес. Бұл туралы бүгін Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің кеңейтілген отырысында мәлім болды6 — деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Тоқтала кететін жайт, онда еліміздегі ақпараттандыру жобаларының жүзеге асырылуы талқыланған болатын.

«e-learning» жобасының басты мақсаттарының бірі — мұғалімді тікелей оқу үдерісімен байланысты емес функциялардан босату болатын. Шындығында, мұғалімнің оқуды жоспарлау, тапсырмалар беру, оны тексеру, секілді жұмыстары бастан асады, есеп берулер де өте көп. Сонымен қатар, мұғалім өзінің уақытының 30 пайыздан астамын оқытудан бөлек жұмыстарға жұмсайды», — дейді «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма төрағасы Руслан Еңсебаев.

Оның айтуынша, бүгінгі күні еліміздегі 1559 мектептегі мұғалімдердің 70 пайызы «e-learning» жүйесін пайдаланып жүр. «Шындығында бүгінгі күні мұғалімдердің жұмыстары қосарланып жатыр. Сондықтан да, бұл бағытта ең алдымен қағаз бойынша жұмыстардың бір-бірін қайталануын болдырмау керек», — деді Руслан Еңсебаев.

Сөз арасында жиынға қатысып отырған вице-спикер Дариға Назарбаева «Мұғалімдер бүгін қағаздан бас тартуға дайын ба?» деген сұрақ қойған болатын. «Әрине, бүгінгі күні барлық мектептер сақадай сай тұр, барлығы дайын деп айта алмаймыз»- деді Білім және ғылым министрлігі Мектепке дейінгі, орта білім және ақпараттық технологиялар департаментінің директоры Жаңыл Жонтаева.

«Елімізде 293 мың педагог бар, соның жыл сайын 8 мыңы осы жүйемен оқиды, сонымен қоса, жыл сайын жаңадан 10-12 мың педагог қызметке келеді. Сондықтан да, бүгінгі күні толығымен қағаздан бас тарта аламыз деп айтуға ертерек», — деді Ж. Жонтаева.

Өз кезегінде вице-спикер «e-learning» жобасының тиімсіз болып отырғанын алға тартты. «Бұның бәрін не үшін айтып отырмыз, ақпараттық технологиялар «e-learning» жобасын әзірлегенімен, оны пайдаланатын кадр болмаса оған жұмсалған қаражат құмға сіңген судай. Жүйе бар, енгізуге тырысып жатырсыздар, алайда білім жүйесі оған дайын емес», — деді Д. Назарбаева.

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Келесі жылы жаңа сұрақтар қосылып, ҰБТ тапсыру уақыты 30 минутқа қысқарады

2024 жылы ҰБТ форматында бірқатар өзгеріс болады. Ол жаңа оқу жылының басында жария етіледі. Бұл болашақ талапкерлерге жоғары оқу орнына түсуге жақсы дайындалуға көмектеседі....

«Болашақ» бағдарламасымен әлемнің тағы 25 оқу орнында білім алуға болады

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек «Болашақ» халықаралық стипендиясын іске асырудың кейбір шаралары туралы» бұйрығына қол қойды. Оған сәйкес, «Болашақ» бағдарламасымен білім алатын...

Қалаларда мектеп салынбаған аудандарда тұрғын үй құрылысына тыйым салынады

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов қалада мектеп салынбаған аудандарда көппәтерлі тұрғын үй құрлысына тыйым салу тәртібін қарастырған заң жобасы әзірленгенін айтты. «Мектептердегі орын тапшылығына байланысты жағдайды...

Мектепті діни ағымдар ордасына айналдырмау керек – Мәжіліс төрағасы хиджаб дауы туралы

Парламент Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов мектепке хиджабпен бару дауына қатысты пікір білдірді. «Бұл мәселе жөнінде алуан түрлі пікір айтылып жүр. Бірақ Қазақстан – зайырлы мемлекет,...

Әр өңірде IT мектептер болуы тиіс – Әлихан Смайылов

Үкімет басшысы Әлихан Смайылов отандық IT саласын дамытудағы кедергілерді атады. «Білім беру ісі мен IT-инфрақұрылымды дұрыс, сауатты ұйымдастыра білу қажет. Біз жаһандық IT-нарықтың толыққанды мүшесі...