Home Керекті кеңес Колледж түлегі бакалавр практик дәрежесінде білім алады

Колледж түлегі бакалавр практик дәрежесінде білім алады

0

Бүгін «Кәсіби кадрларды даярлау стратегиясы: мәселелер мен перспективалар» тақырыбында республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті.
Конференцияға Білім және ғылым министрлігінің вице-министрі Е.Иманғалиев, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Кәсіптік-техникалық және орта білімнен кейінгі білімді жаңғырту департаментінің директоры С.Мадеев, Астана қаласы Білім басқармасының басшысы Э.Суханбердиева, сонымен бірге, облыстық, Астана, Алматы қалалық Білім беру басқармаларының, Республикалық ғылыми-практикалық, ғылыми-әдістемелік орталықтарының және ТжКБ педагогикалық білім беру мекемелерінің басшылары, Ресей жоғары оқу орындары мен техникалық-кәсіптік білім беру ұйымдарынан қонақтар, әлеуметтік серкітестер, ардагерлер қатысты.

Конференцияның мақсаты педагог кадрлар даярлау жүйесін жетілдіру, тәжірибе алмасу, жаңашылдыққа ұмтылудың жаңа мүмкіндіктерін ашуға ықпал ету, білім берудің жаңа әдеттеріне көшу, оқыту әдістемелерін жаңғырту, инновациялық технологияларды қолданудағы келелі мәселелерді меңгеру және талқылау, жоғары және орта білім беру жүйесін дамыту үшін мемлекеттік-жекеменшік әріптестігі желісін құрудың келелі міндеттері мен шешуші мәселелерін талқылау, білім беру мекемелерінде қолданбалы және ғылыми-зерттеушілік жүйесін құру мен белсенді дамыту бойынша талдау жасау болып табылады.

Конференцияның пленарлық және секциялық жұмыстары «Педагог кадрларды теориялық-әдістемелік негізде даярлау», «Педагог кадрлардың инновациялық моделін дайындау», «Ғылым мен білімнің интеграциясы – кадрдың кәсіби құзіреттілігін қалыптастыру факторы» және «Кадрлар даярлаудың психологиялық-педагогикалық алғы шарттары мен жағдайлары» бағытында жүріп, онда педагог кадрларды даярлау моделін инновациялық тұрғыдан жүзеге асыру бойныша іс-тәжірибелер, құнды теориялық негіздер аталып өткен 58 баяндама тыңдалды.

Сонымен «Кәсіби кадрларды даярлау стратегиясы: мәселелер мен перспективалар» тақырыбындағы республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысушылар педагогикалық ғылымның жаңа бағытта өрбуі, білім беру жүйесінде жоғары дәрежелі, жан-жақты сапалы біліммен қамтамасыз ету арқылы ұлттық, мемлекеттік саяси, экономикалық және ел мүддесі тұрғысынан туындаған мәселелерді шеше алатын жоғары дәрежелі мамандарды даярлау мәселелері жайында кеңінен талқылап, « ҚР Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының мәндеттеріне сәйкес, экономиканы индустриалдық-инновациялық тұрғыда дамыту мәселесін ескере отырып, техникалық-кәсіптік білім беру саласының мазмұны мен құрылымы жаңартылғанын, аталған саладағы сапалы өзгерістерді ерекше» деп атап өтті.

Конференцияның қорытындысы бойынша оған қатысушылар кәсіби білім беру саласында зерттеушілік және практикалық тәжірибені есепке ала отырып, талқыланған мәселелер нәтижесі бойынша техникалық және кәсіптік білім беру саласындағы педагогикалық (гуманитарлық – авт.) колледждерді модернизациялау, яғни коледж түлегі бакалавр практик дәрежесінде білім алуы, мамандарды даярлауда дуальдық жүйені енгізу, мұғалімдерді моральдық, зияткерлік, денсаулық сапаларын, терең білімділік және осыған сай қабілет-дағдысының қажеттілігін қамтамасыз ету сынды ұсыныстар қарастырылып, қабылданды.

baq.kz

NO COMMENTS

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

Exit mobile version