-4 C
Нур-Султан
06.03.2021

А.Сәрінжіпов. Білім сапасы мұғалімнің білім деңгейіне байланысты.

Бүгін Білім және ғылым министрлігінде өткен Педагогтік білім беру жөніндегі республикалық кеңестің алғашқы отырысында Аслан Сәрінжіпов осылай мәлімдеді, — деп хабарлайды Baq.kz тілшісі Нұрлыбек ДОСЫБАЙ.
— Негізінен осы күндері біз педагогикалық білім беруге, педагогикалық ЖОО-ына мұқият қарауымыз қажет. Кімді және қалай даярлаймыз, бұл орта білім беруді жаңарту және қамту бойынша жоспарлармен қалай келісіледі? Бүгінгі таңда бірнеше бастаманы іске қостық. Біліктілікті арттыру бойынша үлкен бағдарлама бар. Жалпы, бұл мәселеде педагогтарды даярлау негізгі рөлді атқарады, себебі білім сапасы мұғалімдердің білім деңгейіне тікелей байланысты болады, — деді Аслан Бекенұлы.
Естеріңізге сала кетейік, Кеңес отырысына педагогтік білім беру жөніндегі республикалық кеңес құрамының мүшелері мен Кембридж университетінің халықаралық сарапшылары, «Назарбаев зияткерлік мектептерінің» белді мамандары мен И. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының өкілдері қатысты. Ал басқосуда педагог даярлаудың проблемалары мен перспективалары, білім беру реформасы, жалпы білімберетін мектептерді педагог кадрлармен қамтамасыз ету, шетелдік әріптестердің қатысуымен Назарбаев Университетінің тәжірибесін ескере отырып педагогикалық мамандықтар бойынша білім беру бағдарламаларын әзірлеу мен жоғары білім беруде дайындық бағдарламаларының мәселелері жан-жақты талқыланды.

Нұрлыбек ДОСЫБАЙ

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Қазақстанда ғалымдарды әлеуметтік қолдауға арналған құжат қабылданды

Парламент Сенатының жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ғылым мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы екінші оқылымда қабылданды. Бұл туралы ҚР...

Қазақстан Елшісі Мәскеудегі Бауыржан Момышұлы атындағы мектепте болды

Елші Ермек Көшербаев бастаған Қазақстанның Ресейдегі Елшілігінің делегациясы Мәскеудің Зеленоград әкімшілік ауданындағы Бауыржан Момышұлы атындағы №1912 орта мектепте болды. Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз...

А. Аймағамбетов: Енді мемлекеттік білім беру ұйымдарына педагогтерді конкурс арқылы қабылдау енгізіледі

Сенат депутаттары бірнеше маңызды жаңа нормаларды қамтитын заң жобасын қарастырып, мақұлдады. Ол құжатта, менің ойымша, сала мамандары үшін аса маңызды болып табылатын екі ерекше...

Білім беру процесі алдымен аралас, сосын дәстүрлі оқу режиміне көшеді — вице-министр

Жоғары оқу орны студенттері дәстүрлі оқу режиміне қашан көшетіні ҚР Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесе отырып шешіледі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР...

Дәстүрлі форматпен оқытуға көшкен мектепте ортақ үзіліске қоңырау соғылмайды

Бүгін 1 және 5-сынып оқушылары мектепте оқуды бастады. Ұзақ үзілістен кейін мектеп партасына отыру оқушылар мен ұстаздар үшін қуанышты жағдай екені рас. Бұл жолы...