20 C
Нур-Султан
03.06.2023

Мұнайдар Балмолда. ҰСТАЗ БЕН ШӘКІРТ

Ұстаз ауырып ауруханаға түсіп қалады. Студент шәкірті оған бірнеше қайтара барады. Алайда ішке кірудің, ұстазымен жүздесіп, көңілін сұрап шығудың ретін таппай қиналады. Себебі, шәкірттің оны-мұны алуға қаражаты болмайды әрі профессорға кез-келген адамды кіргізбейді. Дәрігерлер оған: «Профессор қатты науқас. Оның уақыты санаулы. Мазасын алма, сенсіз де келушілер көп, беретін тамағың болса, бізге бер, жоқ екен, бос әңгімемен науқасты шаршатпа» деп. Сөйтіп шәкірт күнде аурухананың алдынан қайтады. Ол естиді. Профессордың жағдайы өте нашарлапты. Бүгін-ертеңдер… Бірақ арада тағы бірнеше күн өткенде профессордың тәуір болғанын, тіпті ас ішіп, өздігімен жүріп-тұратынын біледі. Көп кешікпей ұстазы ауруханадан шығады. Шәкіртін көреді.
— Айналайыным, мен аурып жатқанда сен күнде келіп тұрдың ғой…
— Оны қайдан білесіз?.. Мені ішке жібермеді…
— Бәрін білемін. Бірде терезеден көзім шалып қалды… Көзім жетіңкіремесе де әлдебір түйсік маған әсер етті. «Бұл неғылған жан?..»деген сауал көкейімде қалып қойды. Содан түс көрдім, түсімде сені көрдім. «Сізге қарай жол жоқ ұстазым, өзіңіз бермен қарай өтпейсіз бе?» деп қолыңды созып мені шақырып тұр екенсің. Соның ертеңіне сені дәрігерлерге іздетіп едім, олар сені таппай қойды. Бірақ сол түннен кейін менің ем-домым бойыма жағып, аз күнде басымды көтердім, тіпті отаны жеңіл еңсердім, дәрігерлер қауіпті ештеңе жоқ, күтіну керек» деп кеше шығарып салды.

Мұнайдар Балмолданың фб әлеуметтік желісіндегі парақшасынан алынды.

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Мемлекет басшысы Оқушылардың инновациялық шығармашылық орталығына барды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алматы қаласына сапарының екінші күні Наурызбай ауданында орналасқан мектеп жасындағы балаларға арналған инновациялық шығармашылық орталығының жұмысымен танысудан басталды. Бұл туралы QAZBILIM...

Елімізде балалардың халықаралық мерекесіне орай 1000-нан астам шара ұйымдастырылды

Елімізде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде барлық құрылымдардың, қоғамның, бизнес пен БАҚ өкілдерінің күш-жігерін біріктіру мақсатында «Балалар игілігі үшін!» республикалық акциясы аясында бірқатар іс-шаралар жоспарланған. Қазақстанның...

«Мемлекет өскелең ұрпақтың білімді болып өсуі үшін барлық жағдайды жасайды» – Президент

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау мерекесіне орай Twitter парақшасында құттықтау жариялады, деп хабарлайды QAZBILIM ақпараттық агенттігі. «Баршаңызды Халықаралық балаларды қорғау...

Оқушылар мен ұстаздар ойлап тапқан жаңа жобалар

«Роза – өлшем бірліктер кестесі». Қызылордалық оқушы Садық Роза математиканы оқытудың әдістемесін жетілдіретін жаңа математикалық кесте ойлап тапты. Бұдл кесте «Роза – өлшем бірліктер...

Қазақстан құрамасы мамырда өткен білім жарыстарында қандай нәтижелер көрсетті

Western Edge Open робототехника чемпионаты АҚШ-тың Калифорния штатында Лонг Бич қаласында Western Edge Open деп аталатын робототехника чемпионаты өткен болатын. Аталмыш бұл білім жарсына еліміздің...