Home Ұстаз үні МҰҒАЛІМГЕ МЫҢ АЛҒЫС!

МҰҒАЛІМГЕ МЫҢ АЛҒЫС!

0

 Құрметті ұстаздар!

«Ұстаздық етпес жалықпас үйретуден балаға» – деген ұлы Абай бабамыз. Сіздер жас ұрпақтың санасына сыналай енгізетін тәлім – тәрбие, үлгі-өнеге өлшеусіз. Сіздер – жастардың болашағын айқындайсыздар, бүгін еккен дәндеріңіз ертеңгі жеңісті-жемісті күннің кепілі. Ұстаз болашақ азаматтарды ғана емес, бүкіл болашақ қоғамды қалыптастырады.
Қоғам мен адамзат алдындағы өлшеусіз еңбектеріңізді ескере отырып, Сіздерге өскелең ұрпақ тәрбиелеудегі өрелі жұмыстар және мемлекеттің гүлденуі жолындағы абыройлы істеріңізге толымды табыс тілеймін. Қызығы мен шыжығы қатар жүретін ұстаздық жолдарыңыз тек өрлеу мен өсуге бастасын.
Және тағы бір айта кеткім келетін жайт, мектептердің белсенділігі. Кез-келген мереке, сенбілік жұмыстары мектептердің қатысуынсыз өтпейтінін бәріміз білеміз. Мектеп ұжымы әрқашан да қоғамдық іс-шараларға аянбай ат салысып, барлық саладан белсенділік танытады. Тәуелсіз қазақ елінің дамуына қосып келе жатқан еңбектеріңіз үшін, мен баршаңызға шексіз алғыс білдіремін!
Құрметті ұстаздар! Шәкірттеріңіздің құрметі мен махаббатына бөленіңіздер. Шығармашылық ізденістер, ғылыми жаңалықтарыңыз арта берсін. Мерекелеріңіз құтты болсын! Мерейлеріңіз үстем болсын!

535734_476301585751474_695117435_nМҰҒАЛІМГЕ МЫҢ АЛҒЫС!

Қалмағанбет Мұқаметқали

 

Оянғанда шабытым,

Ой келеді түйдектеп…

Әліпбиді танытып,

Әріптерді үйреткен.

 

Терең әрі тұнық та,

Теңіздейін қуаты.

Кірген кезде сыныпқа,

Күлімдеп тек тұратын.

 

Кемелдіктің жүйесін –

Көрсететін жолды ізгі.

Ұлағаттың иесі,

Ұстазымыз – ол біздің!

 

Жарқын да, ақ пейілді,

Жиі айтатын сөзіңіз.

Анамыздан кейінгі,

Ақылшымыз – Өзіңіз!

 

Алға аттап бір адым,

Асқарға да шығармыз.

Білім берген мұғалім,

Бәріңізге мың алғыс!!!

 

Ұстаздық ұлы мұратым

Аятжан Ахметжан

 

Өзі ғалым, өзі сері, өзі ақын,

Жеті өнерден шығарсада өз атын,

Барша адамға үлгі еткен ұлы ісі,

Фарабидің ұстаздық парасаты болатын.

 

Хан Абылай заңғар, биік кешегі,

Жырауларға шәкірт болып өседі.

Абылайдың бойындағы парасат,

Бұқар жырау ұлылығы деседі.

 

Болсамда мен жазушы аты машһүр,

Бойымнан алыстамас ата дәстүр,

Ыбырайдан алыстап қайда барам,

Кел балалар оқылық хаты қап тұр.

 

Ұлтыма ұлғатты бақыт силап,

Хакімнің қара сөзі жақут жыр нақ.

Абайда ұстаздыққа ден қойғанды,

Абайда ұстаздыққа ден қойған-ды,

Саясаткер болсада аты бөлек,

Ахметтің аталар аты да ерек,

Негізін салып кеткен ағартудың

Ұлт ұстазы атанған заты бөлек.

 

Әуезовтың әр томын әлем ұқты,

Қазақылық тұп-тұнық дәлел мықты,

Шакіртінен алытын шын шабытын,

Әуезовтың қаламынан әлем ықты

 

Танытып рухының бекемдігін,

Арнаған оқырманға шекер жырын

Жастарға сеніп кеткен Мағыжанның

Халқы білер педагок екендігін.

 

Бір жағынан ақтарып кенін жырдың,

Бір жағынан шәкірттің белін будым

Мәңгілік ел мұратқа жетсе екен деп,

Мәңгілік ұстаздықтың жолын қудым

 

Ұстаздықтан ұлы кәсіп жоқ, бірақ…

Жақсылық Орынбасар

Қадырғали Көбентайдың «Өнер адамы» әнінің әуенімен айтыста айтылған шумақтар

 

Біздер, біздер бақшадағы бағбанбыз,
Біздер, біздер жарқыраған шамдармыз.
Елу мыңдық айлықпенен күн көріп,
Жүз мыңдарға пәтер жалдап алғанбыз.

 

Біреулерге биік-биік шыңдаймыз,
Біреулерге қу медиан құмдаймыз.
Міндеттеуге келген кезде құлдаймыз,
Құрметтеуге келген кезде жұрдаймыз.

 

Қайырма:
Алдымызда жалт-жұлт етіп от, шырақ,
Әне-міне айлық өсед деп тұрад.
Ұстаз болу ұлы міндет дегенмен,
Ешкім бізді шын сыйлаған жоқ, бірақ,
Ешкім бізді шын сыйлаған жоқ, бірақ.

 

Жарымай-ақ шапағатқа, шапанға,
Біздер жүрміз ең жапалы сапарда.
Ұл-қыздарын тәрбиелеп жатсақ та,
Ешкім бізді қоса алмай жүр қатарға.

 

Гүрілдетіп джипыңды да мінбейміз,
Анталия, Анкараңда жүрмейміз.
Өзі жанып айналасын жылытқан,
Біз кәдімгі жанған отпен бірдейміз.

 

Қайырма:
Алдымызда жалт-жұлт етіп от, шырақ,
Көңілдерге ұялайды көп сұрақ.
Қазақстан “елу елге” енсе де,
Мұғалімге неге жағдай жоқ, бірақ?
Мұғалімге неге жағдай жоқ, бірақ?
Мұғалімге неге жағдай жоқ, бірақ?

 

Қап-қараңғы аспаныңа күн болған,
Сұлтанмахмұд алашқа адал ұл болған.
Мағжан, Ахмет, Ыбырайлар сап кеткен,
Біз ешқашан шегінбейміз бұл жолдан.

 

Қайырма:
Алдымызда жалт-жұлт етіп от, шырақ,
Мен ойымды кетем былай топшылап.
Қоғам қанша қораш санап жүргенмен,
Ұстаздықтан ұлы кәсіп жоқ, бірақ,
Ұстаздықтан ұлы кәсіп жоқ, бірақ!!!

Мұғалімдер күнімен құттықтау

Мария Толекова

(www.youtube.com – нан алынды)

kazbilim.kz

NO COMMENTS

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

Exit mobile version