Home Редакция таңдауы Алматының 1000 үздік мұғалімі 300 мың теңгеден сыйақы алады

Алматының 1000 үздік мұғалімі 300 мың теңгеден сыйақы алады

1
Алматының 1000 үздік мұғалімі 300 мың теңгеден сыйақы алады

Бүгін Алматы әкімі Ахметжан Есімов қала мұғалімдерін кәсіби мерекелерімен құттықтады. Мұғалім күніне арналған шараға білім саласының ардагерлері, ұстаздар, оқулықтар мен әдістемелердің авторлары қатысты, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Алматы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Қала басшысы мұғалім тек білім беретін жан ғана емес, сонымен қатар ол руханилық пен адамгершіліктің бастауы деді. Өйткені, оларға Қазақстанда 10-20 жылдан кейін қандай ұрпақтың өмір сүретіндігі жөнінде ерекше жауапкершілік жүктелген. Демек, білімнің негізгі арқауы – мұғалім, ұстаз.

«Қаланың білім беру жүйесінде 26 мыңнан астам адам еңбек етеді, олар өскелең ұрпаққа тәрбие мен білім беріп, беделді миссияны атқаруда. Сондықтан біз Алматы қаласында ұстаздарға материалдық қолдау көрсету үшін барлық мүмкіндіктерді іске қосудамыз. Биыл креативті, шығармашылықпен еңбек ететін 1000 үздік мұғалім 300 мың теңгеден бірреттік сыйақы алды», – деді Ахметжан Есімов.
Алматы әкімі өскелең ұрпаққа терең білім, сапалы тәрбие беруге зор үлес қосқан ардагер ұстаздарға алғыс айтты. Бүгінгі таңда Қазақстанның болашағы жолында ойдағыдай жұмыс істеп жүргендерге өмірлік жолдама бергендер білім саласының дамуына мол еңбек сіңірген абзал ұстаздар болатын.

1 COMMENT

  1. Bul tizimnin ichinde kalaga jakinda kosilgan Akjar aulinin S.D.Kopbaev atindagi mekteptin ardager mugalimi menin anam Nurbekova Saule Ajibekkyzy bar ma eken?

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here