Home Редакция таңдауы Сыныптасын қаламсаппен өлтірген астаналық оқушының жүйке жүйесі бұзылған.

Сыныптасын қаламсаппен өлтірген астаналық оқушының жүйке жүйесі бұзылған.

0

Сыныптасын қаламсаппен өлтірген астаналық оқушының жүйке жүйесі бұзылған. Бұл туралы Астана қалалық прокуратурасының өкілі Жасұлан Сәрпеков Tengrinews.kz порталына берген сұхбатында мәлімдеді.
«Бұл мектепке ер балалар №52 және 66 мектептерден келіп қабылданған. Олардың бұрын оқыған мектептері берген мінездемеге қарағанда, балалардың мінез-құлқы қалыпты. 52-мектептен ауыстырылған ер бала үйден білім алған. Оның психикалық ауытқуы бар. Оған 2014-2015 жылдары жалпы білім беретін мектепте құрдастарымен бірге оқуға кеңес берілген. 2013-2014 жылдары ол үйден білім алды. Жасөспірім психикалық ауытқуы бар адамдардың тізімінде тұрған», — деді Ж.Сәрпеков.
Астана прокуратурасының мәліметінше, сыныптасын өлтірген оқушы қазір ата-анасының жанында. Қазір тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ол аяқталысымен қылмыстық іс қозғалады. «ҚР Қылмыстық кодексінің 96 бабымен іс қозғалуы мүмкін. Бала әлі 13-те. Ал, заң бойынша қылмыстық жауапкершілікке 14 жастан бастап тартылады. Тіпті, ата-аналары да жауапкершіліктен босатылуы мүмкін. Кімнің кінәлі екені қосымша тергеуден кейін анықталмақ. Бәлкім мұғалімдер тарапынан кемшіліктер кеткен шығар немесе мектеп инспекторларынан» деді Ж.Сәрпеков өз сөзінде.
Естеріңізге салайық, кеше Астана қаласындағы №76 мектепте 8 сынып оқушысы өз сыныптасының жүрегіне қаламсап тығып алған болатын. Салдарынан жарақат алған жеткіншек ауруханаға жетпей көз жұмды.

NO COMMENTS

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

Exit mobile version