Home Білім жарысы QS рейтингі бойынша Қазақстандық ЖОО – ның ішінде ең жоғары көрсеткіш ҚҰУ...

QS рейтингі бойынша Қазақстандық ЖОО – ның ішінде ең жоғары көрсеткіш ҚҰУ еншісінде

0

QS рейтингі бойынша Қазақстанның тоғыз жоғарғы оқу орыны алғашқы сегіз жүздікке кіреді.
Бұл жөнінде ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Қазақстандықтарды жоғары біліммен қамтамасыз ету жолдары» тақырыбында өткен брифингке ҚР Білім және ғылым вице-министрі Тахир БАЛЫҚБАЕВ мәлімдеді.
– Қазақстан 2010 жылы Баллон процесіне қол қойып, оның негізгі қағидаларын қабылдаған болатын. Бүгінгі күні соларды іске асырып жатырмыз. Оның негізінде Қазақстанда жоғарғы білімнің үш деңгейі бакалавриат, магистратура және докторантура бойынша білім берілуде. Одан кейін кредиттік жүйенің қайта есептеу жүйесі еңгізілген. Сонымен қатар, білім сапасын жақсарту жүйесі еңгізіліп, дипломға арнайы қосымша беру қарастырылған. Баллон декларациясының енгізгеніміздің бір себебі – әлемдік интеграция болатын болса, екіншіден оқудың озық технологияларын еңгізудің арқасында білім сапасын көтеру, – деді вице-министр.
“Бүгінгі таңда Баллон декларациясындағы үлкен бір мәселе академиялық ұтқырлыққа келіп тіреледі. Бұл ұтқырлықты біздегі ЖОО-лардың 2000-нан астам студенттері мен ұстаздары, профессор-оқытушылары Американың, Ресейдің оқу орындарына академиялық құрылым бойынша белгілі бір уақытқа барып білім алып жүр. Бұл қазіргі уақытта Еуропада қабылданған үрдістің бірі болып табылады. Сонымен бірге, ЖОО-лардың бәсекеге қабілеттілігінің көрсеткіші ретінде әлемді оқу жүйесінің түрлі рейтингтері шығарылуда. Солардың ішіндегі ең негізгі рейтинг QS рейтингі. Сол рейтинг бойынша біздің әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 299 орында, Л.Гумилев атындағы ЕҰУ 309 орында және жеті жоғарғы оқу орнымыз алғашқы 700-800 оқу орындарының қатарында” деп атап өтті Т.Балықбаев.
«Осындай ұстанымдардың бірі сапамен қамтамасыз етудің жаңа жүйесі болып табылады. Кейбір университеттердің аккредитациялаудан өтпей қалатын жағдайы белгілі тенденция. Біз осындай жүйені енгіземіз. Осы жүйе бойынша Қазақстан бойынша қазір екі аккредиттеу агенттігі қызмет етіп жатыр. Олармен қатар тағы 8 агенттік біздің ЖОО-ларға аккредитациялаудан өтуге мүмкіндік береді» – деп атап өтті Т. Балықбаев.

kazbilim.kz

NO COMMENTS

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

Exit mobile version