1 C
Нур-Султан
07.10.2022

Мектептерде сабақтың басталу уақытын өзгертуді ұсынды

Бүгін Астанда өткен ОКҚ-нің брифингінде Еуропалық құқық және адам құқығы жөніндегі сараптамалық институтының директоры Марат Башимов орта мектептерде сабақтарды таңғы 09.00-ден бастауды ұсынды, деп хабарлайды baq.kz тілшісі.
Брифингте бала құқығы мәселесін көтерген сараптамалық институт директоры 1-ші ауысымдағы оқушылардың сабақ уақытын өзгерту мәселесін көтерді.
«Сіздер мектеп оқушылары үшін сабақты таңғы 08.00-ден емес, таңғы сағат 09.00-ден бастауға қалай қарайсыздар? Себебі, Солтүстік аймақтарда таңғы 06.30-да тұрып 08.00-дегі сабаққа бару өте қиын. Ұйқысы қанбаған мектеп оқушысы сабақ үстінде де ұйықтап отыруға мәжбүр», — деді М.Башимов.
Бұл мәселеге Отбасылық Тәрбиелеу Институтының бас директоры Софья Евдокимова өзінің қарсылығын білдірді. Оның айтуынша, М.Башимовтың ұсынысы балалар үшін жайсыз болуы мүмкін.
«Мектептегі сабақтың таңғы 08.00-де басталуын дәрігерлер құптайды. Олар «баланың еңбекке деген қабілеті сағат 08.00-11.0 және 16.00-18.00 арасында ерекше болады. Бұл аралықта баланың зейіні айтылғанды тез қабылдайды» деп тұжырым жасады. Міне, осы уақытта оқушыларды тәрбиелеп үлгеруіміз керек. Ал оқушы сабақ үстінде ұйықтап отыр деген деген сөзіңізге келсек, бала күнделікті режімді сақтауы керек. Ұйықтар алдында баланы ноутбук немесе планшетпен ойнатудың қажеті жоқ. Баланың барлық ынтасы осыған ауып, ұйқысы бұзылады. Тағы бір ескере кететін нәрсе, оқушылар үй жұмысын ата-анасымен бірге отырып орындауды әдетке айналдырған. Ата-анасы түннің бір уақытында жұмыстан келіп түн ортасына дейін баласымен үй тапсырмасын орындайтын жағдайлары да жиі кездеседі. Осыдан кейін баланың ұйқысы қанбайтыны анық. Оның үстіне бұл уақыттарда баланың айтқанды немесе көргенді қабылдау зейіні төмендей түседі», — деді С.Евдокимова.
Ол сонымен қатар, баланың уақытын тиімді пайдалануды ұсынды.
«Ата-аналар баламен санасуды қойған. Ыңғайы келсін-келмесін баланы түрлі үйірмелерге апарады. Баланың пікірін ескермейді. Бала нені қалайды біз оны соған апаруымыз керек. Анықтап қарасақ, бұл жерде баланың емес ата-ананың қалауы. Осыдан барып баланың айналаға деген жеккөрініші пайда бола бастайды. Сөз соңында айтарым, күн сайын түрлі үйірмеге жетектеу ешқашан жақсы нәтиже бермейді. Баланы өзінің сүйікті ісіне баулу керек», — деді ол.
С.Евдокимованың пікірін жақтаған Ақмола облысы, Вячеслав мектебінің директоры Татьяна Немцан да М.Башимовтың пікірімен келіспейтіндігін жеткізді.
«Сабақты таңғы 08.00-ден бастау бала психологиясы үшін өте тиімді. Бала ұйқыдан оянғанда үлкен адамдармен бірдей оймен оянады. Бұл таңғы уақытта баладан өте жақсы байқалады. Сондықтан баланың осы уақытын біз тиімді пайдалануымыз керек», — деді Т.Немцан.
Ал, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Оразкүл Асанғазы бұл мәселеге ата-аналардың да жағдайына қарап ескеру керек деп санайды.
«Егер дұрыстап қарасақ, сабақты таңғы 08.00-ден бастау ата-аналар үшін де тиімді. Таңертен 09.00-де жұмысқа баратын ата-ана үшін ең ыңғайлысы осы. Мен мұны уақыт үнемділігі жөнінен айтып тұрмын»,- деді О.Асанғазы.
Айта өтейік, М.Башимов өз сұрақтарына берілген жауаптарға қаншалықты қанағаттанатындығы жөнінде ешқандай пікір білдірген жоқ.

Нұрсерік ЖОЛБАРЫС

baq.kz

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Ресейден келгендер мектепте мұғалім болып жұмыс істей алма ма?

Ресейде ішінара мобилизация жарияланған соң Қазақстанға бас сауғалап келгендердің саны көбейді. Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов ресейлік мұғалімдердің Қазақстанда мектепке жұмысқа орналаса алмайтынын айтты. Zakon.kz-тің жазуынша,...

Алматының Алатау ауданында екі мемлекеттік колледж салынады

Алматы қаласының Алатау ауданында екі мемлекеттік колледж салынады. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев аудан тұрғындарымен кездесуде айтты. «Келесі жылдан бастап Алатау ауданында екі мемлекеттік...

Қазақстанда білім беру 13,8% қымбаттады

Қазақстанда білім беру ақысы 13,8% қымбаттады. Бұл туралы ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросынан мәлім етті. «Қыркүйек айында білім беру қызметтерінің бағасы...

Павлодар облысында алдағы 3 жылда 10 мектеп салынады

Жолдауда ұсынылған «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Павлодар облысында алдағы 3 жылда 10 мектеп салынады. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Павлодар облысы жұртшылығымен...

Жаңа Әділетті Қазақстанға елімізде білім культі біржола орныққан кезде ғана жетеміз – Тоқаев

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Павлодар облысының жұртшылығымен кездесуі барысында Мәшһүр Жүсіптің осы өңірдің перзенттерінің арасында алар орнына ерекше тоқталып өтті, деп хабарлайды KAZBILIM БОРТ№1 Telegram...