21.02.2024

Мектеп директоры штатты өз еркімен өзгерте алады – заң

Білім бері ұйымдарының еркіндігі кеңейтіледі. Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру және тәлімгерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын талқылау кезінде депутат Асхат Аймағамбетов мәлім етті.

«Келесі бағыт – білім бері ұйымдарының еркіндігін кеңейту. Қазір білім беру ұйымдары үшін типтік штаттар бекітілген, яғни сыныптардың санына байланысты мекемеде осыншама орынбасар, есепші болуы керек деп бекітіледі. Бірақ мекеме басшысында осы штаттарды тиімді пайлалану үшін қажеті жоқ лауазымды басқасына алмастыруға ешқандай дербестігі жоқ. Сондықтан заң жобасында бекітілген штат санының аясында штат кестесінің лауазымдарын ауыстыру құқығы беріледі», – деді А. Аймағамбетов.

Депутаттың айтуынша, типтік штатқа байланысты мектеп директорында 7 орынбасар болуы керек болса, диектор олардың санын өз еркімен азайтуға мүмкіндік алады.

«Мәселен, 4 орынбасарын қалдырып, үшеуінің орнына психолог, әлеуметтік педагог немесе басқа да қажет қызметкерлерінің лауазымдарын енгізе алады. Білім бөлімімен штат кестесін келіскенде, бұны жылына бір рет жүзеге асыра алатын болады», – деді депутат.

Бұл тұрғыда А. Аймағамбетов директорларға берілетін бұл дербестік мектептегі әкімшілік қызметтерге ғана қатысты болатынын нақтылады.

«Бұл өзгерістің мұғалімдерге қатысы жоқ. Яғни мұғалімдер негізгі персонал болғаннан кейін, директорлар мұғалімдер санын азайта алмайды. Тек орынбасарларына қатысты әкімшілік лауазымдарды басқа қызметке ауыстыра алады. Атап айтқанда, әкімшілік қызметтегі орынбасарларының санын азайтып, оның орнына мектепке керек мұғалімдік қызметті қоса алады. Өйткені біраз мектепке психологтар мен әлеуметтік педагогтар жетіспейді. Сондықтан үлкен мектептерде 7 орынбасар қарастырылса, оның төртеуін қалдырып, қалғанының орнына мұғалімдерді тарта алады. Директорларға осындай мүмкіндік беріліп отыр, бірақ ол – міндет емес», – деді Асхат Аймағамбетов.

Айта кетейік, бүгін Мәжілістің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру және тәлімгерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы қабылданды. 

Құжат аясында сабақ үстінде телефон қарауға шектеу енгізілді.

Сондай-ақ аталған заң бойынша мектеп пен аурухана салынбаған аудандарда көпқабатты тұрғын үйлерді тұрғызуға тыйым салынады. 

-ЖАРНАМА-

1 КОММЕНТАРИЙ

  1. Білім беру ұйымдарының штаттарын кеңейту және сыныптарды ауыстыру бойынша жоспарды жасау үшін орыс мектептері мен сыныптарды ауыстыру бойынша қандай даму стратегиялары бекітілді? Теплые пожелания Telkom University

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Жайлы мектептер білім ошағына аса мұқтаж өңірлерде салынуы тиіс – Олжас Бектенов

Жайлы мектептер оқушыларға ыңғайлы әрі білім беру деңгейі жоғары болуы тиіс. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-Министр Олжас Бектенов айтты. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасының елімізге керекті,...

Соңғы жылдары білім саласына салынған инвестиция 6 есе өсті

Соңғы жылдары білім саласына салынған инвестиция 6 есе өсті. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасының іске асырылу барысын талқылау кезінде Премьер-Министрдің...

«Жайлы мектеп»: Павлодарда жаңадан 5 білім ұясы салынады

Екі мектеп биыл пайдалануға берілсе, өзгесі келер жылдың еншісінде қалдырылды. Жаңа ғимараттар тапшылық қалыптасқан аудандарда салынады. «Samruk-Kazyna Construction» АҚ Павлодар облысы әкімдігімен «Жайлы мектеп» ұлттық...

«Болашақ» бағдарламасына өзгерістер енгізіледі

Қазақстанда «Болашақ» халықаралық бағдарламасын дамытудың жаңа стратегиясы әзірленіп жатыр. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлім етті. «Қазір алдағы үш жылға арналған...

Былтыр бір ғана Түркістан облысының білім саласында миллиардтаған ақша жымқырылған

Өткен жылдың басынан бері білім саласында 192 сыбайлас жемқорлық қылмысы тіркелді. Олар бойынша залал 13 млрд теңгеден асты. Ең ірі жымқыру Түркістан, Жетісу, Алматы, Қызылорда, Ақтөбе...