21.02.2024

Қазақстанда ғалымдарға академиялық демалыс беріледі

Енді отандық ғалымдар ғылыммен айналысу үшін демалыс ала алады.

«Ғылыммен айналысу үшін демалыс беру әлемде бар тәжірибе. Көп елдерде ғылым саласында 10 жылдан астам жұмыс істеген, дәрежесі бар ғалымдар осындай мүмкіндік беріледі. Осы орайда бізге әріптестерімізді қолдау маңызды. Ғалымның сабақ бергені жақсы әрине, бірақ оқушылық пен ғылымды бірге алып жүру өте қиын. Ғалымның жұмыс орны сақталып қалады, демалысты 1 жылға дейін алуға болады», — деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Асхат Аймағамбетов БАҚ өкілдерінің сауалына жауап бере тұрып.

Халық қалаулысының айтуынша, ғалымдар тек оқытушылықпен айналысса ғылымнан алшақтап қалады.

«Себебі оқытушының ғылыммен айналысуға уақыты жоқ, жүктемесі жоғары. Сондықтан ғалымдарға академиялық демалыс беруді енгізуді ұсынып отырмыз. Бұл мүмкіндік барлық ғалымға бірдей берілмейді. Сондай-ақ, демалыстағы ғалымға белгілі бір көлемде ақы төлеу жағын да қарастырып отырмыз», — дейді ол.

Айта кетейік, бүгін Әділет министрлігінде бірнеше заң жобасы бойынша Үкімет қорытындысы қаралды. Аталған шараға Әділет министрі Азамат Есқараев және Мәжіліс депутаттары қатысты.

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Жайлы мектептер білім ошағына аса мұқтаж өңірлерде салынуы тиіс – Олжас Бектенов

Жайлы мектептер оқушыларға ыңғайлы әрі білім беру деңгейі жоғары болуы тиіс. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-Министр Олжас Бектенов айтты. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасының елімізге керекті,...

Соңғы жылдары білім саласына салынған инвестиция 6 есе өсті

Соңғы жылдары білім саласына салынған инвестиция 6 есе өсті. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасының іске асырылу барысын талқылау кезінде Премьер-Министрдің...

«Жайлы мектеп»: Павлодарда жаңадан 5 білім ұясы салынады

Екі мектеп биыл пайдалануға берілсе, өзгесі келер жылдың еншісінде қалдырылды. Жаңа ғимараттар тапшылық қалыптасқан аудандарда салынады. «Samruk-Kazyna Construction» АҚ Павлодар облысы әкімдігімен «Жайлы мектеп» ұлттық...

«Болашақ» бағдарламасына өзгерістер енгізіледі

Қазақстанда «Болашақ» халықаралық бағдарламасын дамытудың жаңа стратегиясы әзірленіп жатыр. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлім етті. «Қазір алдағы үш жылға арналған...

Былтыр бір ғана Түркістан облысының білім саласында миллиардтаған ақша жымқырылған

Өткен жылдың басынан бері білім саласында 192 сыбайлас жемқорлық қылмысы тіркелді. Олар бойынша залал 13 млрд теңгеден асты. Ең ірі жымқыру Түркістан, Жетісу, Алматы, Қызылорда, Ақтөбе...