21.02.2024

Қызылорда облысы Қазалы ауданында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында білім ошағының іргетасы қаланды

Қазалы ауданында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасымен салынатын 300 орындық мектептің құрылысы басталды, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, биыл облыста 4 мектепке 1850 орындық қосымша ғимарат, 5 мектеп пайдалануға беріліп жатыр. «Білімді қолдау қоры» есебінен Қызылорда қаласында құны 7,9 млрд теңге болатын физика-математика бағытындағы мектеп-интернат құрылысы қарқынды жүргізілуде. Облыс орталығында осы кезге дейін бір ғана «Оқушылар үйі» болса, биыл «ҚазГерМұнай» компаниясының демеушілігімен 2,5 млрд теңгеге 350 орындық заманауи үлгідегі «Оқушылар сарайының» құрылысы басталды. Оған қоса «Саутс Ойл» компаниясының демеушілігімен Сырдария өзенінің сол жағалауынан 4,8 млрд теңгеге музыкалық колледждің жаңа ғимараты салынады.

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев білім ордасының іргетасын қалау рәсіміне қатысып, жерлестерін құттықтады.

«Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Жайлы мектеп» ұлттық жобасымен біздің облыста 12 300 орындық 21 мектеп салынады. Оның екеуі Қазалы ауданында бой көтереді. Біз бұған дейін Қызылорда қаласы, Жаңақорған, Арал аудандарында «Жайлы мектептердің» іргетасын қаладық. Бүгін міне, Қазалы ауданындағы құрылысты бастаймыз. Жайлы мектептерде жас ұрпағымыз зейінді, білімді, зерек шәкірт болып қалыптассын. Білім ошақтары туған елінің туын биік ұстайтын түлектер ұясына айналсын. Ұлттық жобаны жүзеге асыру міндеті жүктелген азаматтарға маңызды әрі жауапкершілігі зор жұмысты сапалы жүргізуді халық атынан аманаттаймын», — деді аймақ басшысы.

Бұл білім ошағы апатты жағдайдағы мектептің орнына салынады. Сонымен Қазалы ауданындағы апатты мектепке қатысты мәселе түпкілікті шешім табады. Құрылыс алаңында Қызылорда облысының Құрметті азаматы Самұрат Имандосов аудан тұрғындарын құттықтап, ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қожас Медеубай бата берді.

Айта кетейік, биыл облыста 4 мектепке 1850 орындық қосымша ғимарат, 5 мектеп пайдалануға беріліп жатыр. «Білімді қолдау қоры» есебінен Қызылорда қаласында құны 7,9 млрд теңге болатын физика-математика бағытындағы мектеп-интернат құрылысы қарқынды жүргізілуде. Облыс орталығында осы кезге дейін бір ғана «Оқушылар үйі» болса, биыл «ҚазГерМұнай» компаниясының демеушілігімен 2,5 млрд теңгеге 350 орындық заманауи үлгідегі «Оқушылар сарайының» құрылысы басталды. Оған қоса «Саутс Ойл» компаниясының демеушілігімен Сырдария өзенінің сол жағалауынан 4,8 млрд теңгеге музыкалық колледждің жаңа ғимараты салынады.

Жайлы мектеп
Фото: Қызылорда облысы әкімдігі
Жайлы мектеп

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Жайлы мектептер білім ошағына аса мұқтаж өңірлерде салынуы тиіс – Олжас Бектенов

Жайлы мектептер оқушыларға ыңғайлы әрі білім беру деңгейі жоғары болуы тиіс. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-Министр Олжас Бектенов айтты. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасының елімізге керекті,...

Соңғы жылдары білім саласына салынған инвестиция 6 есе өсті

Соңғы жылдары білім саласына салынған инвестиция 6 есе өсті. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасының іске асырылу барысын талқылау кезінде Премьер-Министрдің...

«Жайлы мектеп»: Павлодарда жаңадан 5 білім ұясы салынады

Екі мектеп биыл пайдалануға берілсе, өзгесі келер жылдың еншісінде қалдырылды. Жаңа ғимараттар тапшылық қалыптасқан аудандарда салынады. «Samruk-Kazyna Construction» АҚ Павлодар облысы әкімдігімен «Жайлы мектеп» ұлттық...

«Болашақ» бағдарламасына өзгерістер енгізіледі

Қазақстанда «Болашақ» халықаралық бағдарламасын дамытудың жаңа стратегиясы әзірленіп жатыр. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлім етті. «Қазір алдағы үш жылға арналған...

Былтыр бір ғана Түркістан облысының білім саласында миллиардтаған ақша жымқырылған

Өткен жылдың басынан бері білім саласында 192 сыбайлас жемқорлық қылмысы тіркелді. Олар бойынша залал 13 млрд теңгеден асты. Ең ірі жымқыру Түркістан, Жетісу, Алматы, Қызылорда, Ақтөбе...