18 C
Нур-Султан
21.09.2023

«Болашақ» бағдарламасымен әлемнің тағы 25 оқу орнында білім алуға болады

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек «Болашақ» халықаралық стипендиясын іске асырудың кейбір шаралары туралы» бұйрығына қол қойды. Оған сәйкес, «Болашақ» бағдарламасымен білім алатын қазақстандықтар үшін шетелдік жоғары оқу орындарының қараты кеңейеді.

Құжатта жазылғандай, биыл QS World University Rankings, Times Higher Education World University Rankings сияқты халықаралық академиялық рейтингтер жаңарды.

Осыған байланысты «Болашақ» бағдарламасымен білім алуға болатын шетелдік оқу орындарының қатары кеңейді.

Атап айтқанда, қазақстандықтар енді мына университеттерге түсе алады:

— Сан-Паулу университеті (Sao Paulo университеті);

— Лувен католиктік университеті (Université Catholique de Louvain);

— Берлиндегі Гумбольдт университеті (Берлин Гумбольдт университеті);

— Помпеу Фабра Университеті (Universidad Pompeu Fabra);

— Падуа университеті (Università di Padova);

— Сычуань университеті (Sichuan University);

— Оңтүстік ғылым және технологиялар университеті (Southern University of Science and Technology);

— Лозанна федералды политехникалық мектебі (Swiss Federal Institute of Technology Lausanne);

— Ухань Университеті (Wuhan University);

— University of California, Santa Cruz.

Сондай-ақ, «Болашақ» бағдарламасын техникалық мамандықтарға бағдарлау үшін инженерлік-техникалық бейіндегі кадрларды даярлауға арналған мынадай француз және венгр жоғары оқу орындарында білім алуға мүмкіндік ұсынылады:

— Жоғары басқару, ақпараттық технологиялар және коммуникация мектебі (IMT);

— Жоғары инженерлік мектеп (ESTP);

— Лионның ұлттық қолданбалы ғылымдар институты (INSA);

— Ұлттық көпірлер мен жолдар мектебі (ParisTech);

— Гренобль Альпі университеті (Гренобль политехникалық институтын қамтиды);

— Лотарингия Университеті;

— Страсбург Университеті;

— Пуатье Университеті;

— Бордо Университеті;

— Экс-Марсель Университеті;

— Лион Жоғары Инженерлік Мектебі;

— Нант Жоғары Инженерлік Мектебі;

— Бордо саяси зерттеулер институты (Science Po Bordeaux)

— Сегед университеті;

— Дебрецен университеті.

«ЖОО тізімінің қолданыстағы редакциясында 236 ЖОО бар. Осы толықтыруды ескере отырып, олардың саны 28 елден 261 оқу орнына дейін ұлғаяды», — делінген құжатта.

Бұйрық алғаш жарияланған күннен, яғни 12 қыркүйектен бастап күшіне енді.

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Келесі жылы жаңа сұрақтар қосылып, ҰБТ тапсыру уақыты 30 минутқа қысқарады

2024 жылы ҰБТ форматында бірқатар өзгеріс болады. Ол жаңа оқу жылының басында жария етіледі. Бұл болашақ талапкерлерге жоғары оқу орнына түсуге жақсы дайындалуға көмектеседі....

«Болашақ» бағдарламасымен әлемнің тағы 25 оқу орнында білім алуға болады

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек «Болашақ» халықаралық стипендиясын іске асырудың кейбір шаралары туралы» бұйрығына қол қойды. Оған сәйкес, «Болашақ» бағдарламасымен білім алатын...

Қалаларда мектеп салынбаған аудандарда тұрғын үй құрылысына тыйым салынады

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов қалада мектеп салынбаған аудандарда көппәтерлі тұрғын үй құрлысына тыйым салу тәртібін қарастырған заң жобасы әзірленгенін айтты. «Мектептердегі орын тапшылығына байланысты жағдайды...

Мектепті діни ағымдар ордасына айналдырмау керек – Мәжіліс төрағасы хиджаб дауы туралы

Парламент Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов мектепке хиджабпен бару дауына қатысты пікір білдірді. «Бұл мәселе жөнінде алуан түрлі пікір айтылып жүр. Бірақ Қазақстан – зайырлы мемлекет,...

Әр өңірде IT мектептер болуы тиіс – Әлихан Смайылов

Үкімет басшысы Әлихан Смайылов отандық IT саласын дамытудағы кедергілерді атады. «Білім беру ісі мен IT-инфрақұрылымды дұрыс, сауатты ұйымдастыра білу қажет. Біз жаһандық IT-нарықтың толыққанды мүшесі...