18 C
Нур-Султан
21.09.2023

Қалаларда мектеп салынбаған аудандарда тұрғын үй құрылысына тыйым салынады

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов қалада мектеп салынбаған аудандарда көппәтерлі тұрғын үй құрлысына тыйым салу тәртібін қарастырған заң жобасы әзірленгенін айтты.

«Мектептердегі орын тапшылығына байланысты жағдайды айтатын болсақ, үш ауысымда оқытатын мектептердің саны айтарлықтай азаймады. Бұл тұрғыда мегаполистерімізде тұрғын үй құрылысы қарқынды жүріп жатқанымен, бұл учаскелерде дайын әлеуметтік инфрақұрылым жоқ десек болады. Қарқынды құрылыс басталған аудандарда балалар үш ауысымда оқып жатыр. Бірақ мұндай көпқабатты тұрғын үйлерді салуға рұқсат бергенде, әкімдіктің мұндай нақты мәселелерді ескермегені балалардың кінәсі емес. Сондықтан депутаттар тиісті заң жобасын дайындап, құжатты Үкіметке жібердік», — деді Асхат Аймағамбетов Мәжілістің жалпы отырысынан кейін тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Оның айтуынша, заң жобасында дайын мектептер мен балабақшалар жоқ жерде көппәтерлі тұрғын үйлер салуға тыйым салу қарастырылған. Сонымен қатар, белгілі бір ауданда тек бір ауысымда оқытатын мектеп болса ғана сол жерде тұрғын үй салуға рұқсат берілуі тиіс.

«Бұл мәселені ескеру керек. Мектептерді сала беруге болады, бірақ қаланың кейбір жерінде мектеп құрылысына мүлдем жер телімі қарастырылмаған. Ата-аналар өздерінің тұрғын үйінен 10-15 шақырым жерде орналасқан мектепке баласын күнделікті тасымалдай алмайды ғой?! Сондықтан осы салада қордаланған проблеманы жүйелі түрде шешу керек», — деді депутат.

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Келесі жылы жаңа сұрақтар қосылып, ҰБТ тапсыру уақыты 30 минутқа қысқарады

2024 жылы ҰБТ форматында бірқатар өзгеріс болады. Ол жаңа оқу жылының басында жария етіледі. Бұл болашақ талапкерлерге жоғары оқу орнына түсуге жақсы дайындалуға көмектеседі....

«Болашақ» бағдарламасымен әлемнің тағы 25 оқу орнында білім алуға болады

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек «Болашақ» халықаралық стипендиясын іске асырудың кейбір шаралары туралы» бұйрығына қол қойды. Оған сәйкес, «Болашақ» бағдарламасымен білім алатын...

Қалаларда мектеп салынбаған аудандарда тұрғын үй құрылысына тыйым салынады

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов қалада мектеп салынбаған аудандарда көппәтерлі тұрғын үй құрлысына тыйым салу тәртібін қарастырған заң жобасы әзірленгенін айтты. «Мектептердегі орын тапшылығына байланысты жағдайды...

Мектепті діни ағымдар ордасына айналдырмау керек – Мәжіліс төрағасы хиджаб дауы туралы

Парламент Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов мектепке хиджабпен бару дауына қатысты пікір білдірді. «Бұл мәселе жөнінде алуан түрлі пікір айтылып жүр. Бірақ Қазақстан – зайырлы мемлекет,...

Әр өңірде IT мектептер болуы тиіс – Әлихан Смайылов

Үкімет басшысы Әлихан Смайылов отандық IT саласын дамытудағы кедергілерді атады. «Білім беру ісі мен IT-инфрақұрылымды дұрыс, сауатты ұйымдастыра білу қажет. Біз жаһандық IT-нарықтың толыққанды мүшесі...