18 C
Нур-Султан
21.09.2023

Мектепті діни ағымдар ордасына айналдырмау керек – Мәжіліс төрағасы хиджаб дауы туралы

Парламент Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов мектепке хиджабпен бару дауына қатысты пікір білдірді.

«Бұл мәселе жөнінде алуан түрлі пікір айтылып жүр. Бірақ Қазақстан – зайырлы мемлекет, Конституциямызда, басқа заңдарымызда анық көрсетілген. Ата заңымыз дін бостандығына шектеу қоймайды, өзінің діни рәсімдерін жасаймын деушілерге кедергі жоқ. Алайда мектептерді саяси бағыттар мен діни ағымдар ордасына айналдыруға болмайды», — деп жауап берді Мәжіліс төрағасы кулуарда тілшілер сұрағына.

Ерлан Қошанов мектеп – білім ордасы екенін, онда білім берілуі керектігін баса айтты.

«Сондықтан біз балаларды немесе оқытушыларды басқа мәселеге алаңдатпауымыз қажет деп ойлаймын. Және министрліктің заң бойынша қандай форма киетіні туралы стандарттары бар ғой. Сол стандарттарды да ұстануымыз керек», — деді ол.

Спикер бұл тыйымның адамның конституциялық құқығын еш бұзбайтынын, балалар кәмелеттік жасқа толғанда қандай жолмен жүретінін өздері таңдайтынын айтты.

Сонымен бірге, журналистер «Қазақстан Мәжілісі қашан салафизмге ресми тыйым салады?» деген сұрақ қойды.

«Бүгін де депутатымыз «домбыра – харам» деген әңгімеге қатысты сауал жолдады. Сонда біздің ғасырлар бойы қолына домбыра ұстаған бабаларымыз күнәһар болғаны ма? Теріс діни ағымда жүрген, заңға қайшы әрекет етіп жүргендерге әрине заң жүзінде тыйым салуымыз керек», — деді Мәжіліс төрағасы.

Айта кетейік, бүгін Мәжілістің жалпы отырысында депутат Аманжол Әлтай орта мектептерде ән-күй сабағында домбыра аспабын үйретуді оқу бағдарламасына енгізуді ұсынды.

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Назарбаев университеті мен мектептері қоғамдық бақылауда болады

Бүгін Сенаттың жалпы отырысында «Қоғамдық бақылау туралы» Заңы мен ілеспе құжат мақұлданды. Заңда қоғамдық бақылау саласын мемлекеттік реттеу тәртібін белгілеу, қоғамдық бақылауға қойылатын талаптарды айқындау,...

Келесі жылы жаңа сұрақтар қосылып, ҰБТ тапсыру уақыты 30 минутқа қысқарады

2024 жылы ҰБТ форматында бірқатар өзгеріс болады. Ол жаңа оқу жылының басында жария етіледі. Бұл болашақ талапкерлерге жоғары оқу орнына түсуге жақсы дайындалуға көмектеседі....

«Болашақ» бағдарламасымен әлемнің тағы 25 оқу орнында білім алуға болады

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек «Болашақ» халықаралық стипендиясын іске асырудың кейбір шаралары туралы» бұйрығына қол қойды. Оған сәйкес, «Болашақ» бағдарламасымен білім алатын...

Қалаларда мектеп салынбаған аудандарда тұрғын үй құрылысына тыйым салынады

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов қалада мектеп салынбаған аудандарда көппәтерлі тұрғын үй құрлысына тыйым салу тәртібін қарастырған заң жобасы әзірленгенін айтты. «Мектептердегі орын тапшылығына байланысты жағдайды...

Мектепті діни ағымдар ордасына айналдырмау керек – Мәжіліс төрағасы хиджаб дауы туралы

Парламент Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов мектепке хиджабпен бару дауына қатысты пікір білдірді. «Бұл мәселе жөнінде алуан түрлі пікір айтылып жүр. Бірақ Қазақстан – зайырлы мемлекет,...