18 C
Нур-Султан
21.09.2023

Ақмолада 6 балабақша, 14 мектеп салынып жатыр

Ақмола облысында 85 мектептің жөндеу жұмыстарына облыс қазынасынан 8,6 млрд теңге бөлінді. Облыстағы білім ордаларының жай-күйі туралы өңір әкімі Ермек Маржықпаев айтып берді.

Оның айтуынша, мектепке дейінгі және орта білім беру – маңызды сала болып қалып отыр.

«Екі жастан алты жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі оқытумен және тәрбиелеумен 100% қамту бойынша міндеттерді шешу жалғасып жатыр. Қазір облыс бойынша бұл көрсеткіш 86% құрайды, жыл соңына дейін оны 88%-ке жеткізу жоспарланған. Биыл 313 орынға 2 балабақша ашылды, 1706 орындық тағы 6 балабақшаның құрылысы жалғасып жатыр», — деді Е. Маржықпаев орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде.

Сонымен бірге, өңір әкімі мектептердің инфрақұрылымын дамыту білім беру сапасына тікелей ықпал ететінін атап өтті.

«Биыл «Жұмыспен қамтудың жол картасы» және «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында 85 нысанға күрделі және кезекті жөндеу жүргізу үшін облыстық бюджеттен 8,6 млрд теңге бөлінді, ол өткен жылғы деңгейден үш есе артық. 5,5 мың оқушы орнына 14 мектептің, сонымен қатар үш ауысымды оқытуды жою шеңберінде 2 мектептің құрылысы жалғасуда. Оның ішінде, жыл соңына дейін 2 мыңнан астам оқушы орнына 7 мектеп пайдалануға беріледі және 2024 жылы тағы 7 мектеп ашылады», — деді әкім.

Сонымен қатар, облыста «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 2025 жылға дейін 26,5 мың оқушы орнына 20 мектеп салу жоспарланған.

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Назарбаев университеті мен мектептері қоғамдық бақылауда болады

Бүгін Сенаттың жалпы отырысында «Қоғамдық бақылау туралы» Заңы мен ілеспе құжат мақұлданды. Заңда қоғамдық бақылау саласын мемлекеттік реттеу тәртібін белгілеу, қоғамдық бақылауға қойылатын талаптарды айқындау,...

Келесі жылы жаңа сұрақтар қосылып, ҰБТ тапсыру уақыты 30 минутқа қысқарады

2024 жылы ҰБТ форматында бірқатар өзгеріс болады. Ол жаңа оқу жылының басында жария етіледі. Бұл болашақ талапкерлерге жоғары оқу орнына түсуге жақсы дайындалуға көмектеседі....

«Болашақ» бағдарламасымен әлемнің тағы 25 оқу орнында білім алуға болады

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек «Болашақ» халықаралық стипендиясын іске асырудың кейбір шаралары туралы» бұйрығына қол қойды. Оған сәйкес, «Болашақ» бағдарламасымен білім алатын...

Қалаларда мектеп салынбаған аудандарда тұрғын үй құрылысына тыйым салынады

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов қалада мектеп салынбаған аудандарда көппәтерлі тұрғын үй құрлысына тыйым салу тәртібін қарастырған заң жобасы әзірленгенін айтты. «Мектептердегі орын тапшылығына байланысты жағдайды...

Мектепті діни ағымдар ордасына айналдырмау керек – Мәжіліс төрағасы хиджаб дауы туралы

Парламент Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов мектепке хиджабпен бару дауына қатысты пікір білдірді. «Бұл мәселе жөнінде алуан түрлі пікір айтылып жүр. Бірақ Қазақстан – зайырлы мемлекет,...