18 C
Нур-Султан
21.09.2023

Ұлттық банк білікті кадр дайындау үшін 50 білім грантын бөлді

Түлек оқу бітірген соң Ұлттық банкке және оның еншілес ұйымдарына, сондай-ақ Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне жұмысқа орналасады.

Ұлттық банк білікті кадр дайындау үшін 50 білім грантын бөлді. Атап айтқанда:

• «Назарбаев университеті» ДББҰ жоғары бизнес мектебінде «Қаржы бойынша ғылым магистрі» мамандығы бойынша – 15 грант. Оқу кезеңінің ұзақтығы – 16 ай;
• «Нархоз университеті» КЕАҚ «Қаржы талдаушысы», «Қаржылық тәуекел-менеджмент», «Макроталдау және болжау мамандығы бойынша – 20 грант. Оқу кезеңінің ұзақтығы – 2 академиялық жыл;
• «Қазақстан-Британ техникалық университеті» АҚ «Қаржылық тәуекел-менеджмент және деректер туралы ғылым», «Макроқаржы және деректер туралы ғылым» және «Қаржылық технологиялар» мамандығы бойынша – 15 грант. Оқу кезеңінің ұзақтығы – 2 академиялық жыл.

«Бағдарламалар аясында қаржы, экономика, қаржылық технологиялар, бухгалтерлік есеп, тәуекел-менеджмент, статистика, эконометрика, математика, машиналық оқыту және бағдарламалау бойынша мамандар даярланады», – деп жазылған хабарламада.

Бағдарламалар бойынша оқу кезеңі 2023 жылғы тамыз-қазанда басталады деп жоспарланған. Оқуға түсу үшін кандидаттар университеттердің талабы мен өлшемшартына сәйкес, конкурстық іріктеуден өтуі керек.

Оқу аяқталғаннан кейін түлекті Ұлттық банкке және оның еншілес ұйымдарына, сондай-ақ Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне жұмысқа орналастыру көзделген.

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Келесі жылы жаңа сұрақтар қосылып, ҰБТ тапсыру уақыты 30 минутқа қысқарады

2024 жылы ҰБТ форматында бірқатар өзгеріс болады. Ол жаңа оқу жылының басында жария етіледі. Бұл болашақ талапкерлерге жоғары оқу орнына түсуге жақсы дайындалуға көмектеседі....

«Болашақ» бағдарламасымен әлемнің тағы 25 оқу орнында білім алуға болады

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек «Болашақ» халықаралық стипендиясын іске асырудың кейбір шаралары туралы» бұйрығына қол қойды. Оған сәйкес, «Болашақ» бағдарламасымен білім алатын...

Қалаларда мектеп салынбаған аудандарда тұрғын үй құрылысына тыйым салынады

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов қалада мектеп салынбаған аудандарда көппәтерлі тұрғын үй құрлысына тыйым салу тәртібін қарастырған заң жобасы әзірленгенін айтты. «Мектептердегі орын тапшылығына байланысты жағдайды...

Мектепті діни ағымдар ордасына айналдырмау керек – Мәжіліс төрағасы хиджаб дауы туралы

Парламент Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов мектепке хиджабпен бару дауына қатысты пікір білдірді. «Бұл мәселе жөнінде алуан түрлі пікір айтылып жүр. Бірақ Қазақстан – зайырлы мемлекет,...

Әр өңірде IT мектептер болуы тиіс – Әлихан Смайылов

Үкімет басшысы Әлихан Смайылов отандық IT саласын дамытудағы кедергілерді атады. «Білім беру ісі мен IT-инфрақұрылымды дұрыс, сауатты ұйымдастыра білу қажет. Біз жаһандық IT-нарықтың толыққанды мүшесі...