18 C
Нур-Султан
21.09.2023

Қазіргі заманда жастарға қандай тәрбие қажет?

«Тәрбие-тал бесіктен» демекші, адам баласы шыр етіп дүние есігін ашқан сәтінен бастап бүкіл адамдардан, қоғамнан, қоршаған ортадан бір нәрсе үйреніп, өзінің қатысынсыз да тәрбие ала алады. Ең әуелі тәрбиені ата-анамыз береді. Мектеп жасына келгенде бала мектеп, ұстаз, өзге де оқушылар, қоғаммен байланысқа түсіп, өзін тұлға ретінде қалыптастыра бастайды. Бұл кезең адамның тағдыры үшін өте маңызды рөл атқарады.

Осы кезде бала үлкен өмірге дайындықты бастап, мамандығын таңдайды. Қоғамнан таңылған түрлі жауапкершілік пен сенімді арқалай бастайды.Өзінің ортасына қарай мінез-құлқы мен амбициясы, арман-мақсаттары, өмірге деген көзқарасы қалыптасады. Осы кезде тәрбиенің дұрыс бағытта берілуі оны болашақта болуы мүмкін кейбір келеңсіз жағдайлардан сақтайды. Көптеген қараусыз қалған балалар түрлі зиянды нәрселерге,ойын құмарлық, ішімдікке салынуы,ұрлыққа бару сынды жағдайларға тәрбиенің дұрыс берілмеуінен ұрынып жатады.

Дұрыс тәрбие дегеніміз не? Оны кімдер береді? Осы туралы өрбітер болсақ, Әл-Фараби атамыздың «тәрбиесіз берілген білім — адамзаттың қас жауы» деген сөзіне ораламыз. Яғни, білім мен тәрбиенің бір — бірінен бөліп жаруға келмейтін егіз ұғым екенін көреміз. Бірақ әуелі тәрбие,одан соң білімнің маңыздылығы айқын көрініс тауып тұр.

Тәрбие дегеніміз — адамнын бүкіл өмірлік азығы. Онын ішкі ойлары, өзге адамдармен көркем қарым-қатынас жасай алуы, барлық жағдайда да өз болмысын тануға, ашуға бейімділігі. Өзіне де, айналасына да мейірімді болуы,өзін қорғағандай қоршаған ортаны қорғай алуы. Бала күнінде дұрыс тәрбие ала алмады, ата — анасы қарай алмады деген жастар қисық өскен ағаштай өмір бойы қисық мінезбен қала ма деген сұрак туады. Жоқ. Абай атамыздың » адамнын мінезі өзгермейді дегеннің тілін кесер едім” деген сөзі бар ғой. Яғни ,адам өзін-өзі тәрбиелей алады. Бұл жол қиынырақ, әлдеқайда жоғары жауапкершілікті талап етуі мүмкін, бірақ адам өзін тәрбиелей алатыны ақиқат.

Тәрбиені кімдер бере алады ?

Бүгінгі жастарды, ашығын айтқанда теледидар мен бұқаралық ақпарат құралдары .Біз дүниеге келген заман — ата-анамыздың күнкөріс үшін жанталаста кеткен сұрапыл кезеңімен тұспа-тұс келеді. Яғни олар бізді үйде теледидар алдына қалдыруға мәжбүр болды. Нені көріп, естіп өскенімізді жастар жақсы білер. Есейіп,ер жеттік дегенде әлеуметтік желілер мен түрлі топтар пайда болып, әркімнің жетегінде ,сөзінде кеткен жастардың жоқ еместігі белгілі.

Қазіргі заманның сипатына келейік, Түрлі діни уағыздар айтылып, дінді бизнес,бизнесті дін етіп жатқан топтар мен «өміріңді өзгертем», «бай боласы»,»керемет әйел боласың”,”ә дегенде бизнес аш» деген ұранмен қаптаған қалың семинаршы, марафоншылар төрімізге жайғасты. Ақпарат беріп,ақша табатьн адамдардың заманы дерсің. Оларға өкпелей де алмаймыз. Заман талабы осы. Яғни бүгінгі жастарға мотивация, табыс табу, өмірде өз орныңды табу ауадай қажет деген сөз. Біз сұрап жатырмыз, бізге беріп жатыр.

Енді жастарға қандай тәрбие білім,тұлға ретінде қалыптастыра аламыз? Ең әуелі  жастарға өзінің құндылықтарын  қалыптастыруды, одан соң отбасылық, ұлтық құндылықтарды сүюге баулу керек.

 

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Келесі жылы жаңа сұрақтар қосылып, ҰБТ тапсыру уақыты 30 минутқа қысқарады

2024 жылы ҰБТ форматында бірқатар өзгеріс болады. Ол жаңа оқу жылының басында жария етіледі. Бұл болашақ талапкерлерге жоғары оқу орнына түсуге жақсы дайындалуға көмектеседі....

«Болашақ» бағдарламасымен әлемнің тағы 25 оқу орнында білім алуға болады

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек «Болашақ» халықаралық стипендиясын іске асырудың кейбір шаралары туралы» бұйрығына қол қойды. Оған сәйкес, «Болашақ» бағдарламасымен білім алатын...

Қалаларда мектеп салынбаған аудандарда тұрғын үй құрылысына тыйым салынады

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов қалада мектеп салынбаған аудандарда көппәтерлі тұрғын үй құрлысына тыйым салу тәртібін қарастырған заң жобасы әзірленгенін айтты. «Мектептердегі орын тапшылығына байланысты жағдайды...

Мектепті діни ағымдар ордасына айналдырмау керек – Мәжіліс төрағасы хиджаб дауы туралы

Парламент Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов мектепке хиджабпен бару дауына қатысты пікір білдірді. «Бұл мәселе жөнінде алуан түрлі пікір айтылып жүр. Бірақ Қазақстан – зайырлы мемлекет,...

Әр өңірде IT мектептер болуы тиіс – Әлихан Смайылов

Үкімет басшысы Әлихан Смайылов отандық IT саласын дамытудағы кедергілерді атады. «Білім беру ісі мен IT-инфрақұрылымды дұрыс, сауатты ұйымдастыра білу қажет. Біз жаһандық IT-нарықтың толыққанды мүшесі...