19 C
Нур-Султан
21.09.2023

Мемлекет басшысы Оқушылардың инновациялық шығармашылық орталығына барды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алматы қаласына сапарының екінші күні Наурызбай ауданында орналасқан мектеп жасындағы балаларға арналған инновациялық шығармашылық орталығының жұмысымен танысудан басталды. Бұл туралы QAZBILIM ақпараттық агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Орталықта оқушыларды ғылыми-техникалық, көркем-эстетикалық шығармашылыққа баулып, олардың экологиялық-ботаникалық дүниетанымын кеңейтетін, болашақ мамандығын таңдауына бағыт-бағдар беретін клубтар мен үйірмелер жұмыс істейді.

Мемлекет басшысына Орталықтағы кәсіби бағдарлау кабинетінің және авиамодельдеу, виртуалды зертхана, баламалы энергия көздері секілді үйірмелердің жұмысы таныстырылды.

Орталықты аралап көру барысында Мемлекет басшысы жеткіншектермен әңгімелесіп, оларды бүгінгі мерекесімен құттықтады. Сондай-ақ балалардың дарынын, қабілетін дамыту үшін осындай орталықтар өте қажет екенін атап өтті.

Президент балалар өздеріне ұнаған іспен айналысса, өмірде үлкен жетістікке жететінін, қоғамда құрметті азамат атанатынын айтып, оларға сәттілік тіледі.

Үш қабатты ғимаратта орналасқан инновациялық шығармашылық орталықта 1000-нан астам бала бір мезгілде түрлі үйірмеге және спорт секциясына қатыса алады. Бұдан бөлек, мұнда психологиялық-педагогикалық түзету, дефектолог, логопед кабинеттері жұмыс істейді, сондай-ақ 300 орындық көрермен залы, медиакөрме, интерактивті ойын және коворкинг алаңдары бар.

 

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Назарбаев университеті мен мектептері қоғамдық бақылауда болады

Бүгін Сенаттың жалпы отырысында «Қоғамдық бақылау туралы» Заңы мен ілеспе құжат мақұлданды. Заңда қоғамдық бақылау саласын мемлекеттік реттеу тәртібін белгілеу, қоғамдық бақылауға қойылатын талаптарды айқындау,...

Келесі жылы жаңа сұрақтар қосылып, ҰБТ тапсыру уақыты 30 минутқа қысқарады

2024 жылы ҰБТ форматында бірқатар өзгеріс болады. Ол жаңа оқу жылының басында жария етіледі. Бұл болашақ талапкерлерге жоғары оқу орнына түсуге жақсы дайындалуға көмектеседі....

«Болашақ» бағдарламасымен әлемнің тағы 25 оқу орнында білім алуға болады

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек «Болашақ» халықаралық стипендиясын іске асырудың кейбір шаралары туралы» бұйрығына қол қойды. Оған сәйкес, «Болашақ» бағдарламасымен білім алатын...

Қалаларда мектеп салынбаған аудандарда тұрғын үй құрылысына тыйым салынады

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов қалада мектеп салынбаған аудандарда көппәтерлі тұрғын үй құрлысына тыйым салу тәртібін қарастырған заң жобасы әзірленгенін айтты. «Мектептердегі орын тапшылығына байланысты жағдайды...

Мектепті діни ағымдар ордасына айналдырмау керек – Мәжіліс төрағасы хиджаб дауы туралы

Парламент Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов мектепке хиджабпен бару дауына қатысты пікір білдірді. «Бұл мәселе жөнінде алуан түрлі пікір айтылып жүр. Бірақ Қазақстан – зайырлы мемлекет,...