«Роза – өлшем бірліктер кестесі». Қызылордалық оқушы Садық Роза математиканы оқытудың әдістемесін жетілдіретін жаңа математикалық кесте ойлап тапты. Бұдл кесте «Роза – өлшем бірліктер кестесі» деген ресми атау берілді.
И.В.Панфилов атындағы №5 мектеп-лицейінің оқушысы Садық Розаның бұл жаңалығы «Зерде» республикалық конкурсынында үздік деп танылып, байқауда Гран-при иегері атанған.
Байланыссыз медициналық карта. Семей қаласының 9-сынып оқушысы Нұрлыхан Маратов медицина қызметкерлеріне арналған қосымша әзірледі. Ол QEFO.KZ деп аталады.
Жас өнертапқыштың айтуынша, QEFO — бұл ыңғайлы әрі өте қажетті құрал. Бір ерекшелігі бұл қосымшаны қолдану үшін кез-келген смартфонның камерасы жеткілікті. Камера арқылы адам туралы ақпаратты білуге болатын шағын QR-код суретінің болуы басты шарт.
Қазақстан тарихын үйреніге арналған мобильді қосымша. Петропавл қаласындағы бірінші жалпы білім беретін IT-лицейінің педагог-шебері Сергей Никулин «Дүниежүзі тарихы» және «Қазақстан тарихы» пәндері бойынша БЖБ, ТЖБ мен емтихандарға дайындалу үшін «Қазақстан тарихы бойынша тесттер» атты мобильді қосымша ойлап тапты.
Ұстаздың айтуынша, бұл мобильді қосымшаның көмегімен тарих туралы білімніңізді ойын түрінде бекітуге көмектесетін интерактивті тапсырмалар мен тестер бар.
Бұл арнайы қосымшада Қазақстан тарихы бойынша 130 тақырыпты қамтитын 5 мыңға жуық сұрақ енгізілген.
Қазақ ертегілері ағылшын тілінде. Астана қаласындағы №38 мектеп-лицейінің мұғалімі Зәмзәгүл Түйтина қазақ ертегілерінің кейіпкерлерін ағылшын тіліне аударып, балаларды шет тіліне қызықтыруға және қазақ балалалар әдебиетінің басқа тілдерге аударылып танысал болуына қз үлесін қосып жүр. Ағылшын тілі мұғалімі Зәмзәгүл Түйтинаның айтуынша, оның ағылшын тілін оқытудағы жаңашыл методикасы оқушылардың сабаққа деген ынтасын оятып, оқу үлгеріміне жақсы әсерін тигізіп жатыр.
Баянауыл ұлттық паркінің виртуалды әлемі жасалды. Павлодар қаласындағы Дарынды балаларға арналған № 8 лицей-мектебінің 11-сынып оқушылары Богдан Цибрий мен Руслан Божеканов Баянауыл ұлттық паркінің мемлекет қорғауына алынған өсімдіктер мен жануарлардың виртуалды әлемін жасап шығарды.
Өнертапқыш оқушылардың айтуынша, 3D атлас арқылы оқушылар өлкетану, биология және география пәндерінен өз білімдерін кеңейте алады. Сонымен қатар,жалпы ұлттық паркте қорғауға алынған жануарлар мен өсімдіктер туралы көптеген қызықты ақпарат білуге болады.
Қой шаруышылығы автоматтандырылды. Аягөз қаласындағы қалалық көпбейінді қазақ мектеп-гимназиясының оқушысы Бекнұр Айдарбек қой шаруашылығын автоматтандыру жолып ойлап тауып, шаруа қожалығына өзінің жобасын ұсынды.
Аягөздің өнертапқыштың айтуынша, жобаның басты мақсаты — Шопан ата төлін көбейту. Ал, жобаның тиімділігіне келестін болсақ, бұл жоба замануи жабдықтарды пайдалану арқылы жоғары сапа ұсынып, аз шығынмен қожалықтарды автоматтандыру арқылы шаруашылық жұмысын жеңілдете алады.
Алматы тарихы сіздің қалтаңызда. Оңтүстік астананың әсем көшелері мен даңғылдары туралы қызықты ақпараттарды енді қосымша арқылы оқып, танысуға болады. Алматы қаласындағы №15 гимназия мектебінің оқушысы Тимур Қырбасов қала тарихын зерттеуге арналған ерекше қосымша жасап шығарған.
Оқушының айтуынша, бұл жоба қала тұрғындары мен қонақтары үшін өте қолайлы. Сіз көше немесе аялдамаға жақындасаңыз автоматты түрде сол жақын жердегі нысан туралы танымдық тарихи ақпарат біле аласыз. Бұл қосымшаны әдеттегідей Google Play, App Store сияқты қосымшалар арқылы өз ұялы телефоныңызға жүктеп алсаңыз болады.
Егіс алқабын бүркіп суаратын автоматтандырылған құрылғы. Қостанайдағы физика-математика лицейінің оқушылары егіс алқабын бүркіп суаруға арналған Komilekc деп аталатын инновациялық құрылға жасап шығарды. Жас өнертапқыштар Сергей Трефилов пен Александр Цюпайдың айтуынша, бұл механизм далалық құрылғылардың тиімділігін бірнеше есе арттыруға көмектеседі.