Western Edge Open робототехника чемпионаты
АҚШ-тың Калифорния штатында Лонг Бич қаласында Western Edge Open деп аталатын робототехника чемпионаты өткен болатын. Аталмыш бұл білім жарсына еліміздің атынан Алматыдағы High Tech Academy мектебі және Қарағандыдағы Н.Нұрмақов атындағы мамандандырылған мектеп-интернатының оқушылары қатысты. 20 елден келген қатысушылар «Энергия» тақырыбында өздерінің инновациялық жобаларын қорғады.
Жарыста үздік инновациялық жоба номинациясы бойынша High Tech Academy-дің Arturli командасы биіктен көрініп, жеңіске жетті. Оқушылар ойлап тапқан бұл жүлделі инновациялық жобалар энергияны үй шаруашылығында сақтау және қолданудың революциялық тәсіліне негізделген.
40-шы Балқан математикалық олимпиадасы
Қазақстандық оқушылар 40-шы Балқан математикалық олимпиадасында да жоғары нәтиже көрсетіп, командалық есепте 6 медаль иеленді. 40-шы Балқан математикалық олимпиадасы Түркияның Анталия қаласында өтті. Бұл жарысқа Балқан түбегінің 22 елінен және басқа да қонақ мемлекеттерден келген 130-дан астам оқушы қатысқан. Олимпиаданың қорытындысы бойынша еліміздің атынан барған 6 бірдей оқушы да жүлдегер атанды.
23-ші Азия олимпиадасы
21-29 мамыр аралығында Моңғолияның Ұланбатыр қаласында Физикадан 23-ші Азия олимпиадасы (APHO) өтті. Қазақстандық оқушылар Ерсұлтан Пітебай, Әлішер Еркебаев және Арман Бақытов аталған олимпиадада жүлдегер атанып, ел қожынына үш медаль салды.
Сонымен қатар, жазда дәл осы команда 10-17 шілде аралығында Жапония елінде болатын физика пәнінен Халықаралық олимпиадаға барып, ел намысын қорғайды.
57-ші халықаралық Менделеев олимпиадасы
Астанада 1-6 мамыр аралығындағы күндері химиядан оқушылар арасындағы 57-ші халықаралық Менделеев олимпиадасы өткен болатын. Халықаралық білім жарысына Ресей, Австрия, Сауд Арабиясы, Армения, Израиль, Өзбекстан сияқты 21 елдің қатысушылары бақ сынаған болатын.
Ел намысын қорғауға 15 оқушы атсалысты, соның ішінде 12 оқушы 57-ші халықаралық Менделеев олимпиадасында жүлдегері атанды.
Осылайша, Қазақстан құрама командасы екі күміс және 10 қола медаль жеңіп алды.