18 C
Нур-Султан
21.09.2023

Алаш көсемі Мағжан Жұмабаев туралы құнды құжат табылды

Солтүстік қазақстандық тарихшылардың қолына ақын Мағжан Жұмабаевтың аудармашы болып қызмет атқарғанын растайтын құнды құжат тиді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мамандар оны жуырда ғана Ресей мемлекеттік архивіне сұрау салып алдыртқан және ол «Тарихтан тағылым – өткенге тағзым» халықаралық жобасы аясындағы форумда көпшіліктің назарына ұсынылды.

Жылда ұйымдастырылатын шара бұл жолы саяси құғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алуға, сондай-ақ Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдық мерейтойына орайластырылды. Еліміздің түкпір-түкпірінен келген тарихшылар мен сарапшылар алдымен Мағжанның кіндік қаны тамған Сарытомар ауылына барды. Ақын ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, тағзым етті. Бұдан соң оның шығармашылығы мен өмірі жайлы сөз қозғап, әлі де оның зерттелмеген деректердің көп екендігін алға тартты.

«Бір айдай ғана уақыт болған, Ресей мемлекеттік архивінен алынған құжат. Ол құжатта Мағжан, Әлихан Бөкейханов екеуі «центр издат» деп айтамыз, 1923-1927 жылдары Мәскеуде болған кезеңінде сол әдебиет және өнер институтында оқып ғана қоймай, қызметте жүргізген. Сол қызметтің бірі центр издатта аудармашы ретінде қызмет жасаған. Лениннің ақпаннан қазанға дейін еңбегін аударды. Сонымен қатар Максим Горькийдің «Буревестнике» өлеңін аударды. Всеволод Ивановтың шығармаларын аударды. Яғни, аудармашы ретінде қызмет жасағанын дәлелдейтін құжатқа куә болып отырмыз», — дейді Солтүстік Қазақстан мемлекеттік архивінің директоры Сәуле Мәлікова.

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Назарбаев университеті мен мектептері қоғамдық бақылауда болады

Бүгін Сенаттың жалпы отырысында «Қоғамдық бақылау туралы» Заңы мен ілеспе құжат мақұлданды. Заңда қоғамдық бақылау саласын мемлекеттік реттеу тәртібін белгілеу, қоғамдық бақылауға қойылатын талаптарды айқындау,...

Келесі жылы жаңа сұрақтар қосылып, ҰБТ тапсыру уақыты 30 минутқа қысқарады

2024 жылы ҰБТ форматында бірқатар өзгеріс болады. Ол жаңа оқу жылының басында жария етіледі. Бұл болашақ талапкерлерге жоғары оқу орнына түсуге жақсы дайындалуға көмектеседі....

«Болашақ» бағдарламасымен әлемнің тағы 25 оқу орнында білім алуға болады

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек «Болашақ» халықаралық стипендиясын іске асырудың кейбір шаралары туралы» бұйрығына қол қойды. Оған сәйкес, «Болашақ» бағдарламасымен білім алатын...

Қалаларда мектеп салынбаған аудандарда тұрғын үй құрылысына тыйым салынады

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов қалада мектеп салынбаған аудандарда көппәтерлі тұрғын үй құрлысына тыйым салу тәртібін қарастырған заң жобасы әзірленгенін айтты. «Мектептердегі орын тапшылығына байланысты жағдайды...

Мектепті діни ағымдар ордасына айналдырмау керек – Мәжіліс төрағасы хиджаб дауы туралы

Парламент Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов мектепке хиджабпен бару дауына қатысты пікір білдірді. «Бұл мәселе жөнінде алуан түрлі пікір айтылып жүр. Бірақ Қазақстан – зайырлы мемлекет,...