18 C
Нур-Султан
21.09.2023

Кітапханашылар каникул кезінде қандай кітаптар оқуға кеңес береді?

Астана қаласы Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің кітапханаларының қызметкерлері арнайы QAZBILIM-нің кішкентай оқырмандарына жазғы демалыста оқуға болатын әдебиеттер тізімін ұсынды. Танымал авторлардың тамаша туындыларына көшпес бұрын, алдымен кітапты қалай дұрыс оқу керек деген сұрақтың жауабын іздеп көрейік. Қазір оқимын деген адамға кез келген бағытта кітап табылары анық. Бірақ кейде сол оқыған кітаптарымызды есте сақтай алмай жатамыз. 1940 жылы америкалық философ Мортимер Адлер «Кітаптарды қалай оқуға болады? Ұлы шығармаларды оқуға арналған нұсқаулық» жазған болатын. Яғни кітаптарды тек оқып қана қоймай, оларды толық түсіну үшін де арнайы нұсқаулық жазылған екен. Оның жазған туындысы қазір классикалық кітаптар қатарында. Оның жұмысын мына маңызды тезистер арқылы талдауға болады.

Кітаптарды дұрыс оқу үшін нені білу керек?

Оқудың төрт әдісі бар екен. Бірінші -бастауыш. Бұл бастауыш мектепте оқытылады. Сіз сөздерді оқисыз, олардың мағынасын түсінесіз және негізгі сюжетті ұстанасыз. Одан кейін, инспекциялық. Бұл тіке оқу. Сіз беттің бас жағына қарайсыз, содан кейін соңына дейін барасыз және бір уақытта негізгі ойларды іліп алуға тырысасыз. Бұл әдіс үлкен оқу немесе жұмыс материалдарын игеруді қажет ететіндерге жарамды. Немесе IELTS сияқты халықаралық тесті тапыру кезінде үлкен көлемді материалдарды оқу кезінде ұсынылатын техника. Аналитикалық оқу. Ол кезде сіз баяу және мұқият оқисыз, жазбалар түртіп аласыз, түсінбейтін сөздерді іздейсіз, автор келтірген сілтемелерді ұстанасыз. Ал соңғы әдіс ол – зерттеу деп аталады. Жазушылар, ғылыми және шығармашылық қызметкерлер осылай оқиды. Сіз өзіңіздің теорияңызды растау немесе жоққа шығару үшін бір тақырыпта бірнеше кітапты бір уақытта оқуға тура келеді.

Міне жазушының осы нұсқаулықтары мен техникаларын ескере отырып, өзіңізге ыңғайлысын таңдасаңыз болады. Жазғы демалыста оқыған кітаптар есте қалып, пайдасын тигізеді деп ойлаймыз. Ал енді, кітапхана қызметкерлерінің таңдауы бойынша балаларға арналған арнайы әдебиеттер тізімін назарларыңызға ұсынамыз:

  1. Бердібек Соқпақбаев «Балалық шаққа саяхат» , «Менің атым Қожа».
  2. Абдрахман Асылбек «Балғын балалық».
  3. Даниэль Дефо «Робинзон Крузо»
  4. Марк Твен «Том Соердың басынан кешкендері».
  5. Джонатхан Суиттің «Гулливердің саяхаты».
  6. Детектив жанры бойынша  «Детектив шытырманы» сериясының «Чей это  отпечаток пальца», «Бұл саусақ ізі кімдікі»
  7. Жюль Верннің «Он бес жасар капитан»
  8. Мұхтар Әуезовтың «Көксерек»
  9. Дж.Барридың «Питер Пэн и Венди»
  10. Фантастика жанрындағы кітаптардан Лизи Харрисонның » Монстры всегда возвращаются»
  11. Франциска Вудворт пен Екатерина Васинаның «Особые обстоятельства».
  12. Сонымен қатар Әлем ғажайыптарымен таныстыру мақсатында « Балалар энциклопедиясын»»Қазақ жаңылтпаштары». «Қазақ жұмбақтары»
  13. Комедия жанрындағы кітаптардан «Казахский альманах комиксов» сериясының » KZ — COMIX»
  14. Спортқа баулу мақсатында «Спорт әліпбиі» , Шынықсаң шымыр боласың» кітаптары.
  15. «Ақылды ертегілер»  сериясынан «Менің ойым қалай басқарады», «Су қалай ағады», «Заттар сөйлейді». 1
  16. Несіпбек Айтулы «,Саяхатшы шыбын».
  17. Қайрат Жұмағалиев «Ақ тайлақ».
  18. Ағылшын тілін үйренуге көмектесетін кітаптардан «Шесть сказок для любимых глазок», «Shapes», «Applee»
  19. Р. Киплинг «Джунгли кітаптарын ұсынуға б

Сонымен қатар, авторлар тізімін де ұсынамыз:

Т.Әбдірайым.Б.Әлім жан,Е.Тоқтарбай,З.Төрехан,  Д.Ораз, Д.Джумагельдинова, С.Досжан, Ж.Әбдірәш, С.Иманасов, Е.Аманшаев, Б.Соқпақбаев, М.Әлімбаев, Ы.Алтынсарин, А.Байтұрсынов, А.Сейдімбек, С.Кенжеахметов, М.Айымбетов, Қ.Қайсенов, Б.Момышұлы,Ш.Мұртаза,Р.Мұқанова,Т.Әбдік,З.Наурызбаева,Н.Қалқа,С.Хасан,О.Қасым,М.Сембай т.б

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Келесі жылы жаңа сұрақтар қосылып, ҰБТ тапсыру уақыты 30 минутқа қысқарады

2024 жылы ҰБТ форматында бірқатар өзгеріс болады. Ол жаңа оқу жылының басында жария етіледі. Бұл болашақ талапкерлерге жоғары оқу орнына түсуге жақсы дайындалуға көмектеседі....

«Болашақ» бағдарламасымен әлемнің тағы 25 оқу орнында білім алуға болады

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек «Болашақ» халықаралық стипендиясын іске асырудың кейбір шаралары туралы» бұйрығына қол қойды. Оған сәйкес, «Болашақ» бағдарламасымен білім алатын...

Қалаларда мектеп салынбаған аудандарда тұрғын үй құрылысына тыйым салынады

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов қалада мектеп салынбаған аудандарда көппәтерлі тұрғын үй құрлысына тыйым салу тәртібін қарастырған заң жобасы әзірленгенін айтты. «Мектептердегі орын тапшылығына байланысты жағдайды...

Мектепті діни ағымдар ордасына айналдырмау керек – Мәжіліс төрағасы хиджаб дауы туралы

Парламент Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов мектепке хиджабпен бару дауына қатысты пікір білдірді. «Бұл мәселе жөнінде алуан түрлі пікір айтылып жүр. Бірақ Қазақстан – зайырлы мемлекет,...

Әр өңірде IT мектептер болуы тиіс – Әлихан Смайылов

Үкімет басшысы Әлихан Смайылов отандық IT саласын дамытудағы кедергілерді атады. «Білім беру ісі мен IT-инфрақұрылымды дұрыс, сауатты ұйымдастыра білу қажет. Біз жаһандық IT-нарықтың толыққанды мүшесі...