Мектеп өміріне оқу сағаттарынан бастап, мереке мен демалыс күндеріне дейін әртүрлі факторлар әсер етеді. Жалпы адам өмірде жетістікке, дұрыс мотивацияға және өзін-өзі қанағаттандыруға нақты не ықпал ететінін түсіну қиын. Балалар мектепте және қосымша сабақтарда неғұрлым көп жұмыс істесе, соғұрлым олар ересек өміріне бейімделеді деген ой да айтылады. Біз мектептің әлемнің әртүрлі елдерінде қалай көрінетінін егжей-тегжейлі қарастыруды шештік. Бұл бөлімде Аустралия, Жапония, Кения және Оңтүстік Корея елдеріндегі қызықты мәліметтермен бөлісеміз.
Аустралия
Аустралия елінде оқушылар мектепте күніне 6,5 сағаттай, бір жылда 200 оқу күнін өткізеді. Сабақ уақыты таңғы 9: 00-ден 15:30-ға дейін. Ал, оқу жылы қаңтардың аяғы-желтоқсанның ортасына дейін жалғасады.
Сыныптағы оқушы саны орташа есеппен 18 адам. Балалар мектепке 4-5 жасында барады.
Олар шамамен 17-18 жаста мектеп бітіруші түлек атанады.
Оқушылар мектептегі асханадан немесе көше тағамдарын сатып алып тамақтана алады.
Мектеп формасына келетін болсақ, арнайы форма кию міндетті, бірақ әр мектептің өз үлгісі бар.
Жапония
Басқа елдермен салыстырғанда жапондық оқушыларда оқу жылы ең ұзақ болып есептеледі. Күніне 6,5 сағаттан, бір жылда 210-250 күн оқиды. Сондай-ақ, олардың мектебі формаға қатысты қатаңдығымен танымал. Олар аксессуар, макияжды және шаш үлгісіне дейін назар аударады.
Сабақ уақыты таңғы 8: 45-те басталып 15:15-ке дейін. Оқу жылы сәуірден наурызға дейін жалғасады.
Сыныптағы балалардың орташа саны 29 адам.
Кішкентай жапондықтар мектепке 6 жасынан барады. 18 жасында мектеп бітіруші түлек атанады.
Мектептегі түскі ас мәзірі әдетте балық, күріш және мисо сорпасынан тұрады. Түскі асқа ұзақ уақыт үзіліс беріледі. Мектеп оқушыларының қалауына қарай үйге баруына немесе отбасымен бірге кафеде түскі ас ішуге рұқсат етілген.
Кения
Кениялық оқушалыра күніне 8 сағат оқиды. Бір жылда 190 оқу күні бар. Сабақ уақыты таңғы 8:00-ден кешкі 16: 00-ге дейін жалғасады.
Оқу жылында демалыс мерзімі әрқашан бірдей болатын үш семестрге бөлінген. Сыныптағы оқушылардың орташа саны 30 адам.
Кениялық балалар мектепке 6 жастан барады, 13 жасында мектеп бітіруші түлек атанады.
Түскі ас кезінде көптеген мектепте оқушыларды тамақтандыру қарастырылған. Бірақ оқушылар түскі асын басқа отбасы мүшелерімен бөлісу үшін өздерімен бірге үйлеріне алып кетеді екен.
Мектеп формасына келетін болсақ, мектептерде бірдей форма кию деген ереже бар. Дегенмен егер оқушы оны кимесе де болады. Алайда, әркімнің мектепке киім сатып алуға мүмкіндігі бола бермейді, сондықтан елде мектеп оқушыларын қолдайтын демеушілік бағдарламалар бар.
Оңтүстік Корея
Оңтүстік Кореядағы мектеп оқушыларының оқу күні өте ұзақ, ол көбінесе қосымша сабақтармен жалғасады. Олар күніне 8 сағаттан, жылына 220 күн сабақ оқиды.
Сабақ уақыты таңғы 8:00-ден 16: 00-ге дейін жалғасады. Оқу жылы наурыз-ақпан айларының аралығында.
Балаларға жазда бір ай, қыста да шамамен бір ай және ақпанның ортасынан наурызға дейін екі апта демалыс уақыты беріледі. Сыныптағы оқушылардың орташа саны 30 адам.
Кәрістер балаларын мектепке 5 жастан береді. Оқушылар 16 жасында мектеп бітіруші түлек атанады.
Мектептерде түскі асқа көбінесе күріш, сорпа, салаттар, балықты қамтитын тағамдар беріледі.
Мектептерде Үкімет бекіткен бірыңғай форма бар. Тіпті балабақшадағы баладар да форма киеді.