18 C
Нур-Султан
21.09.2023

Қазақстандық оқушылар АҚШ-та өтетін байқауда инновациялық жоба ұсынады

Massachusetts FIRST LEGO League халықаралық чемпионаты маусым айының ортасында Американың жоғары оқу орны Worcester Polytechnic Insitute базасында өтеді. Оған Қарағанды мамандандырылған «Мұрагер» мектеп-интернатының «JelToqSun» командасы өз жобаларын ұсынбақшы. Олар робототехника және бағдарламалау дағдылары ғана емес инновациялық жобалар байқауында да бақ сынайды.

Топ мүшелері энергия тақырыбының өзекті мәселелерінің инженерлік шешімін тапты. Олардың жел электр станциясы қолданысқа енсе өндіріс, шаруашылық үшін тиімді болмақ.

«Біздің инновациялық генераторымыз қазақтың киіз үйі іспетті. Конус пішінінің арқасында желді жан-жақтан ұстайды. Ауылдық жерде, әсіресе елдің солтүстігінде қатты жел тұрса ескі магистральдық желілер істен шығып қалады. Ал біздің жоба сол табиғи құбылысты пайдалы механизмге пайдалану. Бұл жобаны бұрыннан бар көп жүзді ротордың негізінде жасадық. Бізде «жел диірменінің» бірнеше нұсқасы болды, төртбұрышты, дөңгелек олардың барлығын тәжірибеден өткіздік. Оның тиімділігін желдің жылдамдығына байланысты қозғалысына қарай есептедік» — дейді команда инженері Санжар Сәрсембаев.

Айта кетейік, оқушылар өз жобаларын жергілікті металлургия кәсіпорнының инженерлеріне таныстырды, оған мемлекеттік университеттердің ғалым, докторлары оң баға берді. Енді Massachusetts FIRST Lego League халықаралық чемпионатында қорғайтын болады. Оқушылар АҚШ-қа жолдаманы Астана қаласында ҚР Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен өткен Central Asia FIRST LEGO League Championship робототехника сайысында жеңіп алған болатын.

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Назарбаев университеті мен мектептері қоғамдық бақылауда болады

Бүгін Сенаттың жалпы отырысында «Қоғамдық бақылау туралы» Заңы мен ілеспе құжат мақұлданды. Заңда қоғамдық бақылау саласын мемлекеттік реттеу тәртібін белгілеу, қоғамдық бақылауға қойылатын талаптарды айқындау,...

Келесі жылы жаңа сұрақтар қосылып, ҰБТ тапсыру уақыты 30 минутқа қысқарады

2024 жылы ҰБТ форматында бірқатар өзгеріс болады. Ол жаңа оқу жылының басында жария етіледі. Бұл болашақ талапкерлерге жоғары оқу орнына түсуге жақсы дайындалуға көмектеседі....

«Болашақ» бағдарламасымен әлемнің тағы 25 оқу орнында білім алуға болады

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек «Болашақ» халықаралық стипендиясын іске асырудың кейбір шаралары туралы» бұйрығына қол қойды. Оған сәйкес, «Болашақ» бағдарламасымен білім алатын...

Қалаларда мектеп салынбаған аудандарда тұрғын үй құрылысына тыйым салынады

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов қалада мектеп салынбаған аудандарда көппәтерлі тұрғын үй құрлысына тыйым салу тәртібін қарастырған заң жобасы әзірленгенін айтты. «Мектептердегі орын тапшылығына байланысты жағдайды...

Мектепті діни ағымдар ордасына айналдырмау керек – Мәжіліс төрағасы хиджаб дауы туралы

Парламент Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов мектепке хиджабпен бару дауына қатысты пікір білдірді. «Бұл мәселе жөнінде алуан түрлі пікір айтылып жүр. Бірақ Қазақстан – зайырлы мемлекет,...