Физикадан 23-ші Азия олимпиадасы (APHO) 21-29 мамыр аралығында Моңғолия Республикасының Ұланбатыр қаласында өтті. Оқушылар олимпиадада (APhO) бір алтын, екі қола медаль иеленді, деп хабарлайды QAZBILIM ақпараттық агенттігі.
Қола — Әлішер Еркебаев, Ақтөбе қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушысы.
Алтын — Ерсұлтан Пітебай, Алматы қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушысы.
Қола — Арман Бақытов, С.Шаухаманов атындағы №9 дарынды балаларға арналған облыстық «Білім-инновация» лицей-интернатының 11-сынып оқушысы, Қызылорда қаласынан.
Екі оқушы құрмет грамоталарымен марапатталды. Даир Нұртаев, Дарынды балаларға арналған № 8 лицей-мектебінің 11-сынып оқушысы, Павлодар қаласынан. Марғұлан Нұрсағатов, №165 мамандандырылған лицейдің 10-сынып оқушысы, Алматы қаласынан.
Айта кетейік, жазда бұл команданы тағы бір маңызды білім сайысы күтіп тұр. Олар Жапонияда 10-17 шілде аралығында өтетін физика пәнінен Халықаралық олимпиадада бақ сынайтын болады.