18 C
Нур-Султан
21.09.2023

Мектеп оқушылары Баянауыл ұлттық паркінің 3D атласын құрастырды

Павлодар қаласының Дарынды балаларға арналған № 8 лицей-мектебінің 11-сынып оқушылары Богдан Цибрий мен Руслан Божеканов Баянауыл ұлттық паркінің мемлекет қорғауына алынған өсімдіктер мен жануарлардың виртуалды әлемін жасады.

3D атласқа баянауыл қарағайлары, қарағаш, жертесер, арқар секілді өңір  эндемиктері енгізілген. 3D атлас арқылы өлкетану, биология және география сабақтарында оқушылар білімдерін кеңейте алады. Сондай-ақ қорғауға алынған жануарлар мен өсімдіктер туралы көп ақпарат біліп, оны таратуға болады. 

 «Біздің ойымыз қорғауға алынған табиғи нысандар, өсімдіктер мен жануарлар туралы көпшілік біліп, оларға зиянын тигізбесе дейміз. Заманауи технологиялардың арқасында саябақтың флорасы мен фаунасын цифрлық форматта ұсындық, кез-келген адам оны көре алады. 3D форматында әзірленген Баянауыл ұлттық паркі — бұл тарихи ескерткіштер туралы ғылыми зерттеу жасап жүргендер үшін тамаша мүмкіндік. Біздің әзірлеген 3D-атласымызды туристік сайттар елімізге назар аударудың бір әдісі ретінде пайдалануға болады», — дейді оқушылар.

Бұл жобаның ерекшелігі — оқушылар виртуалды нұсқаға саябақты өзгеріссіз  түпнұсқасын енгізген. Бағдарлама әзірлеуші жастар осымен екінші жыл қатарынан Қазақстанның табиғи нысандарын цифрлық форматта ұсынып отыр. Осылайша өздерін табиғат жанашыры екені танытуда.  

Айта кету керек, еліміздің жоғары білікті мамандарға сұранысын қанағаттандыру мақсатында № 8 лицей-мектебінің ұстаздар қауымы балаларды жан-жақты дамытуға көңіл бөліп отыр. Оқу бағдарламаларына қосымша оқушылардың қалауымен мектеп қабырғасында жан-жақты ізденіп, шыңдалуына жағдай жасалған.

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Келесі жылы жаңа сұрақтар қосылып, ҰБТ тапсыру уақыты 30 минутқа қысқарады

2024 жылы ҰБТ форматында бірқатар өзгеріс болады. Ол жаңа оқу жылының басында жария етіледі. Бұл болашақ талапкерлерге жоғары оқу орнына түсуге жақсы дайындалуға көмектеседі....

«Болашақ» бағдарламасымен әлемнің тағы 25 оқу орнында білім алуға болады

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек «Болашақ» халықаралық стипендиясын іске асырудың кейбір шаралары туралы» бұйрығына қол қойды. Оған сәйкес, «Болашақ» бағдарламасымен білім алатын...

Қалаларда мектеп салынбаған аудандарда тұрғын үй құрылысына тыйым салынады

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов қалада мектеп салынбаған аудандарда көппәтерлі тұрғын үй құрлысына тыйым салу тәртібін қарастырған заң жобасы әзірленгенін айтты. «Мектептердегі орын тапшылығына байланысты жағдайды...

Мектепті діни ағымдар ордасына айналдырмау керек – Мәжіліс төрағасы хиджаб дауы туралы

Парламент Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов мектепке хиджабпен бару дауына қатысты пікір білдірді. «Бұл мәселе жөнінде алуан түрлі пікір айтылып жүр. Бірақ Қазақстан – зайырлы мемлекет,...

Әр өңірде IT мектептер болуы тиіс – Әлихан Смайылов

Үкімет басшысы Әлихан Смайылов отандық IT саласын дамытудағы кедергілерді атады. «Білім беру ісі мен IT-инфрақұрылымды дұрыс, сауатты ұйымдастыра білу қажет. Біз жаһандық IT-нарықтың толыққанды мүшесі...