20 C
Нур-Султан
03.06.2023

Кембридж NIS-тің халықаралық деңгейдегі көрсеткішін мойындады  

Кембридж «Назарбаев Зияткерлік мектептерінің» халықаралық деңгейдегі көрсеткішін мойындады. Бұл туралы QAZBILIM ақпараттық агентігі NIS баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ енді оқу бағдарламасы, бағалау жүйесі мен мұғалімдердің біліктілігін арттыру бағдарламаларын өздері әзірлейді. Бұған дейін Зияткерлік мектептер халықаралық стандарттарға сай оқыту бағдарламаларын Кембридж университетімен арнайы серіктестік деңгейінде дайындап келді. Осылайша NIS-тің Педагогикалық өлшеулер мен Білім беру бағдарламалары орталықтары отандық білім беру кеңістігінде екі тәуелсіз институтқа айналып отыр.

Бұған дейін серіктестік аясында дайындалған NIS-Programme мен NIS Grade 12 Certificate халықаралық деңгейде британдық GCE AS/A-level деңгейімен қатар бағаланады.

«Кембриджбен ұзақ мерзімді жұмыс барысында біз білікті мамандарды дайындап, жинақталған тәжірибені еліміздің және шет елдердің білім салаларына енгізуде. Біздің Білім беру бағдарламалары мен Педагогикалық өлшеулер орталықтары өз бетінше халықаралық дәрежеде мойындалған оқу бағдарламалары мен бағалау құралдарын әзірлейді», – деді NIS Басқарма төрағасы Әнуар Жанғозин.

Сонымен бірге ол Кембридж университеті аккредиттеу талаптарына сәйкес NIS процестеріне аудит пен мониторинг жүргізуді жалғастыра беретіндігін атап өтті.   Кембридж білім беру серіктестігі бағдарлама жетекшісі Элисон Бролли: «NIS небәрі он жыл ішінде Кембридж сияқты біліктілікті басқарудың жоғары стандарттарына қол жеткізді. Бұл NIS басшылығының көрегендігін және бүкіл ұжымның еңбекқорлығын көрсетеді. Баршамыздың атымыздан NIS-ті осы бағытта қолдағанымызға қуаныштымыз», – деп атап өтті.

Айта кетейік, қазір Зияткерлік мектептердің отандық және халықаралық оқу-ағарту саласына енгізген тың жаңалықтары мен оқушылардың білім көрсеткіштерін 7 халықаралық ұйым мен 44 шетелдік жоғары оқу орны мойындайды.

Серіктестіктің жаңа кезеңі туралы толығырақ Cambridge Partnership for Education ресми сайтынан оқи аласыз.

https://www.cambridge.org/partnership/cambridge-and-nazarbayev-intellectual-schools-enter-new-era-of-collaboration-with-qualification-accreditation-agreement

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Мемлекет басшысы Оқушылардың инновациялық шығармашылық орталығына барды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алматы қаласына сапарының екінші күні Наурызбай ауданында орналасқан мектеп жасындағы балаларға арналған инновациялық шығармашылық орталығының жұмысымен танысудан басталды. Бұл туралы QAZBILIM...

Елімізде балалардың халықаралық мерекесіне орай 1000-нан астам шара ұйымдастырылды

Елімізде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде барлық құрылымдардың, қоғамның, бизнес пен БАҚ өкілдерінің күш-жігерін біріктіру мақсатында «Балалар игілігі үшін!» республикалық акциясы аясында бірқатар іс-шаралар жоспарланған. Қазақстанның...

«Мемлекет өскелең ұрпақтың білімді болып өсуі үшін барлық жағдайды жасайды» – Президент

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау мерекесіне орай Twitter парақшасында құттықтау жариялады, деп хабарлайды QAZBILIM ақпараттық агенттігі. «Баршаңызды Халықаралық балаларды қорғау...

Оқушылар мен ұстаздар ойлап тапқан жаңа жобалар

«Роза – өлшем бірліктер кестесі». Қызылордалық оқушы Садық Роза математиканы оқытудың әдістемесін жетілдіретін жаңа математикалық кесте ойлап тапты. Бұдл кесте «Роза – өлшем бірліктер...

Қазақстан құрамасы мамырда өткен білім жарыстарында қандай нәтижелер көрсетті

Western Edge Open робототехника чемпионаты АҚШ-тың Калифорния штатында Лонг Бич қаласында Western Edge Open деп аталатын робототехника чемпионаты өткен болатын. Аталмыш бұл білім жарсына еліміздің...