17 C
Нур-Султан
26.09.2022

Грант иегерлерiнiң тiзiмi 10 тамызға дейiн жарияланады

Мемлекеттiк бiлiм гранттары иегерлерiнiң тiзiмi 10 тамызға дейiн жарияланады. Бұл туралы Бiлiм гранттарын тағайындау жөнiндегi республикалық конкурстық комиссиясының отырысында ҚР Бiлiм және ғылым вице-министрi Тахир Балықбаев мәлiм еттi.

«Комиссия отырысының қорытындылары шығару және мемлекеттiк грант иегерлерiнiң тiзiмiн жариялау 10 тамызға дейiн аяқталады. Комиссия жұмысы аяқталғаннан кейiн бiлiм гранттарын тағайындауға қатысты жедел iстердi 20 тамызға дейiн Жоғары және ЖОО-нан кейiнгi бiлiм беру мен халықаралық қатынастар департаментiне аяқтауды ұсынамын», — деп атап өттi вице-министрi.

Айта кетейiк, бүгiн Бiлiм гранттарын тағайындау жөнiндегi республикалық конкурстық комиссияның жұмысы басталды.

Комиссия құрамына мемлекеттiк органдардың, бiлiм саласы кәсiподақтарының өкiлдерi, ҚР Ұлттық кәсiпкерлер палатасы, Қазақстанның азаматтық альянсы және жоғары оқу орындарының ректорлары енгiзiлген. Комиссия отырысында Қазақстанның жоғары оқу орындарына қабылдау бойынша үлкен дайындық жұмысының қорытындысы шығарылады.

Жалпы 2014-2015 оқу жылында 34 165 грант, оның iшiнде 2 530 орын ЖОО даярлық бөлiмдерiне, 31 635 грант 1-курсқа түсетiндер үшiн.

Колледждердi бiтiргендердi қолдау мақсатында қысқартылған оқу түрiне 2 875 грант қарастырылды.

«Бiлiм грантын тағайындау конкурсына 69 624 талапкер қатысуда. Қатысушылар арасында 1 732 «Алтын белгi» иегерлерi, 322 Назарбаев зияткерлiк мектебiнiң түлектерi, 179 жалпы бiлiм беретiн пәндер бойынша халықаралық және республикалық олимпиадалардың жеңiмпаздары, 921 жалпы бiлiм беретiн пәндер бойынша халықаралық және республикалық ғылыми жұмыстардың жеңiмпаздары, 891 республикалық және халықаралық спорттық жарыстардың жеңiмпаздары қатысады. Олар бiлiм грантын тағайындау барысында басым құқықтарға ие», — дейдi ҚР Бiлiм және ғылым вице-министрi Тахир Балықбаев.

Барлық берiлген құжаттар белгiленген тәртiппен қарастырылатын болады. Конкурстық iрiктеудiң процедурасы толықтай автоматтандырылған. Оның қорытындысы БАҚ беттерiнде жарияланады.

Автор: Жасұлан Жолдыбаев

inform.kz

-ЖАРНАМА-

1 КОММЕНТАРИЙ

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Мектепте оқушылардың ұялы телефон қолдануына тыйым салуға бола ма – министр жауабы

Мектепте оқушылардың ұялы телефонды қолдану немесе оған тыйым салу шешімін білім ордасының қамқоршылық кеңесі шешеді. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде оқушылардың сабақ кезінде гаджеттерді ұстауына...

10-11 сынып оқушылары үшін ағылшын тілі пәнінің сағаты көбейеді

10-11 сынып оқушылары үшін ағылшын тілі пәнінің сағатын көбейту жоспарланып отыр. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов осылай мәлімдеді. «Математика, физика, химия,...

Министрлік «Өзін-өзі тану» пәнін ресми түрде алып тастауды ұсынды

Оқу-ағарту министрлігі «Өзін-өзі тану адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасының күшін жою туралы» бұйрықты ашық талқыға шығарды. «Өзін-өзі тану адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасын бекіту туралы туралы» ҚР...

Шымкентте АИТВ жұқтырған балалардың жоғары білім алуына көмектесеміз – Ғылым министрі

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек 2006 жылы Шымкентте абайсызда Адамның иммун тапшылығы вирусын (АИТВ) жұқтырған балаларды кездесуге шақырды. «2006 жылы Шымкентте 80-ге...

«Үздік педагог» байқауына өтінім қабылдау 25 қыркүйекке дейін ұзарды

«Үздік педагог-2022» байқауының бірінші кезеңіне қатысу үшін құжаттарды қабылдау тағы 3 күнге ұзартылды. Яғни қазақстандық мұғалімдер 2022 жылғы 25 қыркүйекке дейін құжат тапсыра алады....