20 C
Нур-Султан
03.06.2023

Лагерь, үйірмелер: Жазда балаларға қандай жобалар ұйымдастырылған?

Жазғы уақыттағы маңызды жұмыстардың бірі – балалардың демалысы мен сауықтырылуын ұйымдастыру. Жазғы демалыс және сауықтырумен 1-10 сыныптар аралығындағы балардың 85,3% қамтылатын болады. Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Үкімет отырысында айтты.

«Бұл –2,8 млн. баланы құрайды. Оның ішінде 500 мың жекелеген санаттағы отбасы балалары бар. Қазіргі таңда лагерлерде балаларды қабылдауға дайындық жұмыстары қызу жүргізіліп, аяқталуға жақын», -дейді министр.

Каникулды асыға күткен балаларымызға қала сыртындағы 218 (118 — мемлекеттік, 100 — жеке), және 10,2 мың мектеп жанындағы, профилдік және шатырлы лагерлер есігін айқара ашатын болады.

Ең көп лагерлер саны: Батыс Қазақстан, Алматы қаласы және Шығыс Қазақстан – 19, Алматы облысы – 18, Түркістан облысы – 16.

Қала сыртындағы лагерлердің ең аз саны: Ұлытау облысында жоқ, Астана қаласы-2, Маңғыстау облысы-3, Шымкент қаласы-3.

Бұдан бөлек, министрдің айтуынша оқушыларға дәстүрлер мен мәдени құндылықтармен танысуға мүмкіндік беретін «Этноауыл», «Жаздық жолдама» жобаларын іске асыру, жетекші университеттер жанындағы жазғы және олимпиадалық резерв мектептері жұмысы көзделген.

«Сонымен қатар, жаз мезгілінде 1,4 млн бала қосымша білім беру мекемелеріндегі секциялар мен үйірмелерге қатысады. Осы мақсатта білім беру ұйымдарында ғылыми-техникалық, музыкалық, көркемдік, экологиялық, туристік және басқа да бағыттардағы 11 мың үйірмелер жұмыс істейді.

Балалар «Жасыл ел» бағдарламасы шеңберінде көгалдандырумен шұғылданады, еліміздің киелі жерлеріне саяхаттайды, спорттық жаттықтыру жиындарында шынығады, тілдік курстармен қамтылады», — деп түйіндеді Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев.

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Мемлекет басшысы Оқушылардың инновациялық шығармашылық орталығына барды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алматы қаласына сапарының екінші күні Наурызбай ауданында орналасқан мектеп жасындағы балаларға арналған инновациялық шығармашылық орталығының жұмысымен танысудан басталды. Бұл туралы QAZBILIM...

Елімізде балалардың халықаралық мерекесіне орай 1000-нан астам шара ұйымдастырылды

Елімізде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде барлық құрылымдардың, қоғамның, бизнес пен БАҚ өкілдерінің күш-жігерін біріктіру мақсатында «Балалар игілігі үшін!» республикалық акциясы аясында бірқатар іс-шаралар жоспарланған. Қазақстанның...

«Мемлекет өскелең ұрпақтың білімді болып өсуі үшін барлық жағдайды жасайды» – Президент

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау мерекесіне орай Twitter парақшасында құттықтау жариялады, деп хабарлайды QAZBILIM ақпараттық агенттігі. «Баршаңызды Халықаралық балаларды қорғау...

Оқушылар мен ұстаздар ойлап тапқан жаңа жобалар

«Роза – өлшем бірліктер кестесі». Қызылордалық оқушы Садық Роза математиканы оқытудың әдістемесін жетілдіретін жаңа математикалық кесте ойлап тапты. Бұдл кесте «Роза – өлшем бірліктер...

Қазақстан құрамасы мамырда өткен білім жарыстарында қандай нәтижелер көрсетті

Western Edge Open робототехника чемпионаты АҚШ-тың Калифорния штатында Лонг Бич қаласында Western Edge Open деп аталатын робототехника чемпионаты өткен болатын. Аталмыш бұл білім жарсына еліміздің...