Жазғы демалыс кезінде балаларға 12 мыңға жуық лагерь жасақталады. Бұл туралы Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният айтты, деп хабарлайды QAZBILIM ақпараттық агенттігі Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап.
«Денсаулық сақтау министрлігі каникул кезеңінде балалардың сауықтыру демалысын, бос уақытын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру кезінде медициналық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету бойынша жергілікті атқарушы органдарды үйлестіруді, сондай-ақ сауықтыру мекемелерінде балалардың болу жағдайларының қауіпсіздігіне санитариялық-эпидемиологиялық бақылауды ұйымдастыруды жүзеге асырады», — деді Ғиният.
Ол атағандай, жазғы маусымда 12 мыңға жуық лагер, оның ішінде 11 мыңнан астам мектеп жанындағы лагерь, 236-ға жуық қала сыртындағы сауықтыру лагерін (оның ішінде 18 жыл бойы және 218 маусымдық) ашу жоспарлануда, олардың базасында 1 млн 600 мыңнан астам бала сауықтырылады.
«Медициналық-санитариялық алғашқы көмек деңгейінде баратын балаларды медициналық тексеру, оның ішінде иммундық статусы, денсаулық жағдайы туралы анықтамалар бере отырып, инфекциялық науқастармен байланысының жоқтығын тексеру ұйымдастырылады. Қала маңындағы лагерлерде 400-ге жуық медицина қызметкері медициналық көмек көрсетеді», — деді ол.