Оқу жылы Қазақстан мектептерінің 3,7 млн. астам оқушысы үшін аяқталады. 11-сыныпты – 172 мың түлек бітіреді, оның ішінде «Алтын белгіге» үміткерлердің саны — 6,8 мың. Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Үкімет отырысында айтты.
«Оқу жылының аяқталуы бойынша салтанатты іс-шараны
1 маусымда – Балаларды қорғау күнін мерекелеу шеңберінде өткізу жоспарланған. Аттестаттарды салтанатты табыстау ағымдағы жылдың
20-22 маусым аралығында өтеді», — деді министр.
Қорытынды емтихандар 9-сыныптарда 4 пәннен 2-13-ші маусым аралығында, ал 11-сынып түлектері үшін 5 пәннен маусымның 5-і мен 19-ы аралығында өтеді.
: 9-сынып түлектерінің емтихандары:
- оқу тілі бойынша жазбаша емтихан (2 маусым);
- математикадан жазбаша емтихан (6 маусым);
- тіл және әдебиет бойынша жазбаша емтихан (9 маусым);
- таңдау пәні бойынша жазбаша емтихан (физика, химия, биология, география, геометрия, шет тілі) (13 маусым).
11-сынып оқушылары мемлекеттік бітіру емтихандары:
- оқу тілі бойынша жазбаша емтихан (5 маусым);
- алгебра және талдау бастамалары бойынша жазбаша емтихан (8 маусым);
- Қазақстан тарихы бойынша ауызша емтихан (12 маусым);
- тіл және әдебиет бойынша жазбаша емтихан (15 маусым);
- таңдау пәні бойынша жазбаша емтихан (физика, химия, биология, география, геометрия, шет тілі) (19 маусым).