-19 C
Нур-Султан
07.12.2023

Аймағамбетов мектептерде оқу жылын ұзартуға қатысты түсініктеме берді

Бұрынғы Оқу-ағарту министрі, мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов соңғы қоңыраудың 25 мамырдан 1 маусымға шегерілуіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды QAZBILIM ақпараттық агенттігі Sputnik Қазақстан-ға сілтеме жасап.

«Біз жұмыста тек қана ұнайтын, қол соғатын шешімдерді ғана қабылдамауымыз керек. Олай болса, бұл тек популизм болады. Әрине жалақы көтерсең, тиісті талаптарды алып тастасаң, барлығына ұнайды. Бірақ мемлекеттік қызметші болғаннан кейін ұнамайтын, бірақ елге қажет, мүмкін бес жылдан кейін, мүмкін он жылдан кейін түсінікті болатын шешімдерді қабылдай білуіміз керек деп ойлаймын. Сол шешімнің бірі қабылданған болатын. Енді ол басым көпшілікке ұнамайтыны түсінікті. Ол солай болуы керек те. Бұл шешімді қабылдар кезде халық арасында, оқушылар арасында жақсы қабылданбайтынын біз білдік», — дейді Аймағамбетов мәжіліс кулуарында журналистер сұрағына жауап беріп.

Экс-министрдің айтуынша, оқу жылын бір аптаға ұзарту туралы шешім білім сапасын көтеру мақсатында қабылданды.
«Дәл сол уақытта бұл шешім қажет болды. Қазір тиісті министрлік бұл мәселемен айналысып, тиісті шешім қабылдайды деп ойлаймын», — деді депутат.
Аймағамбетов балалары мектепке әлі барып жүргенін, кітаптарын тапсырмағанын айтты.
Былтыр мектептерде соңғы қоңырау күнін ауыстыру туралы шешім қабылданған болатын. Яғни оқушылар бұрынғыдай демалысқа 25 мамырда шықпайды, соңғы қоңырау 1 маусымда соғылады. Алайда қазір бұл жаңашылдық ата-аналардың наразылығын тудырып жатыр. Олардың айтуынша, балалар кітаптарын баяғыда тапсырып қойған, мектепке босқа барып жүр.

-ЖАРНАМА-

2 КОММЕНТАРИИ

  1. Оқу кезеңін біо аптаға созу — өте дұрыс емес шешім деп есептемеймін Жыл бойына ештеме қабылдамаған бала бір аптадааптада керемет болып кетеді дегенге кім сенеді

  2. Соңғы күндері бәрі қабаттасып кетті қорытынды жиналыс, бітіру кеші, аудандық қорытынды жиналыс, жылдық қорытынды бір аптамыз бір жылдай болып кетті. Бұрынғы 25 мамыр да бәріне үлгеруші едік.

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Мектеп директоры штатты өз еркімен өзгерте алады – заң

Білім бері ұйымдарының еркіндігі кеңейтіледі. Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру және тәлімгерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар...

Министр Ғани Бейсембаевтың отставкаға кетуін талап етеміз!

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ ТОҚАЕВ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫНА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ҚОШАНОВ ЕРЛАН ЖАХАНҰЛЫНА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПАРЛАМЕНТ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТТАРЫНА ҚАЗАҚСТАН МҰҒАЛІМДЕРІНЕН АШЫҚ ХАТ Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы! «Халық түзелуінің үміті жастарда, сондықтан...

Қазақстанда ғалымдарға академиялық демалыс беріледі

Енді отандық ғалымдар ғылыммен айналысу үшін демалыс ала алады. «Ғылыммен айналысу үшін демалыс беру әлемде бар тәжірибе. Көп елдерде ғылым саласында 10 жылдан астам жұмыс...

Түркістан облысының ұстаздары Токиода тәжірибеден өтіп жатыр

Түркістан облысындағы үздік деп танылған 15 оқытушы Токиодағы білім саласының барысын зерттеп, тың тәжірибелермен танысуда. Жоба Жапония мемлекеті Білім министрлігінің білім беру саласындағы ұлттық саясат...

Қызылорда облысы Қазалы ауданында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында білім ошағының іргетасы қаланды

Қазалы ауданында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасымен салынатын 300 орындық мектептің құрылысы басталды, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі. Айта кетейік, биыл облыста 4 мектепке 1850...