31 C
Нур-Султан
02.06.2023

Алматылық оқушы қала тарихымен таныстыратын ерекше қосымша ойлап тапты

Алматы қаласының көшесі мен даңғылдары жөнінде енді қызықты деректерді қосымша арқылы білуге болады. Қаладағы №15 гимназиясының оқушысы Тимур Қырбасов өлкенің тарихын зерттеуге арналған бірегей қосымша ойлап тапты. Бағдарлама көше немесе аялдамаға жақындаған кезде автоматты түрде нысан туралы пайдалы, танымдық тарихи ақпарат береді. Бұл туралы QAZBILIM ақпараттық агенттігі Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл қосымшаны Google Play және App Store арқылы жүктеп алуға болады. Жобада қала, ел тарихы жөнінде ақпаратты еркін түрде бекітудің екі әдісін енгізу қарастырылған.

«Жоба «Менің қаламның, елімнің тарихын зерттеуде ICT-технологияларды қолдану» деп аталады. Бұл бұған дейін өзім дайындаған екі шағын қосымшаның біріктірілген нұсқасы. Біріншісі-қоғамдық көліктегі ескерту жүйесін жаңарту арқылы қала тарихын таныстыру. Бұл идея қаладағы қоғамдық көліктердегі дыбысты хабарламалар арқылы тарихи ақпаратты қосу. Екіншісі – «AIALDAMA» мобильді қосымшасы. Мен әзірлеген мобильді қосымшаны пайдаланушы көшені кесіп өткен сәтте көшеге қатысты немесе сол жердегі нысандар туралы ақпарат береді. Жобаның мақсаты-оқушыларға ел тарихын күнделікті өмірде зерттеуге көмектесу. Тарихты білу өте маңызды деп санаймын!», – дейді Тимур Қырбасов. Тимур «ENACTUS» мектеп командасын құрып, мектеп кәсіпкерлігінің II Республикалық чемпионатының финалисті атанды. Гимназия базасында ашылған оқушылардың практикалық-теориялық орталығы жоғары сынып оқушыларына нақты кәсіпорында таңдалған мамандықты практикалық түрде тексеруге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар Тимур үш жобасының авторлық құқығын қорғады. Соңғы үш жылда халықаралық және республикалық ғылыми жобалардың жүлделерін иеленді. «ICT Solutions Kazakhstan» байқауында жобаны іске асыруға 1 млн теңге ұтып алды, 2023 жылдың «Жыл оқушысы» атанды.

Бұл жерде гимназия жұмысының жемісін атап өту керек. Педагогикалық ұжым білім беру бағдарламасының негізгі үш бағытына басымдық беріп отыр. Ол оқушының ағылшын тілін жақсы меңгеруі, ғылыми-зерттеу жұмыстарына ынталандыру және көшбасшылық қасиеттерді шыңдау.

Айта кетейік, 2022 жылдың 1 маусымында Тимур «Алматы БалаFest» қалалық фестивалінде Мемлекет басшысының нұсқаушысы болған.

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Мемлекет басшысы Оқушылардың инновациялық шығармашылық орталығына барды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алматы қаласына сапарының екінші күні Наурызбай ауданында орналасқан мектеп жасындағы балаларға арналған инновациялық шығармашылық орталығының жұмысымен танысудан басталды. Бұл туралы QAZBILIM...

Елімізде балалардың халықаралық мерекесіне орай 1000-нан астам шара ұйымдастырылды

Елімізде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде барлық құрылымдардың, қоғамның, бизнес пен БАҚ өкілдерінің күш-жігерін біріктіру мақсатында «Балалар игілігі үшін!» республикалық акциясы аясында бірқатар іс-шаралар жоспарланған. Қазақстанның...

«Мемлекет өскелең ұрпақтың білімді болып өсуі үшін барлық жағдайды жасайды» – Президент

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау мерекесіне орай Twitter парақшасында құттықтау жариялады, деп хабарлайды QAZBILIM ақпараттық агенттігі. «Баршаңызды Халықаралық балаларды қорғау...

Оқушылар мен ұстаздар ойлап тапқан жаңа жобалар

«Роза – өлшем бірліктер кестесі». Қызылордалық оқушы Садық Роза математиканы оқытудың әдістемесін жетілдіретін жаңа математикалық кесте ойлап тапты. Бұдл кесте «Роза – өлшем бірліктер...

Қазақстан құрамасы мамырда өткен білім жарыстарында қандай нәтижелер көрсетті

Western Edge Open робототехника чемпионаты АҚШ-тың Калифорния штатында Лонг Бич қаласында Western Edge Open деп аталатын робототехника чемпионаты өткен болатын. Аталмыш бұл білім жарсына еліміздің...