31 C
Нур-Султан
02.06.2023

Ұлттық Ғылым академиясының вице-президенттері тағайындалды

ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 10 мамырдағы бұйрығымен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы «Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы» КЕАҚ вице-президенттері болып Асқар Жұмаділдаев, Ақылбек Күрішбаев, Ләззат Ералиева, Такир Балықбаев тағайындалды, деп хабарлайды QAZBILIM ақпараттық агенттігі.

Асқар Серқұлұлы Жұмаділдаев – белгілі қазақстандық математик-ғалым және қоғам қайраткері, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы ҰҒА-ның академигі. Ол математика және ғылым саласындағы жетістіктері үшін көптеген марапат пен грант алған.

Ақылбек Қажығұлұлы Күрішбаев – ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор. Осы саладағы жетістіктері үшін бірнеше рет марапатталған. Экономиканы, ғылымды және жоғары білімді дамытуға, сондай-ақ белсенді қоғамдық қызметке сіңірген еңбегі үшін «Құрмет» және «Парасат» ордендерімен марапатталған.

Ләззат Тасболатқызы Ералиева – профессор, медицина ғылымдарының докторы, 2013 жылдан бастап «Медицина ғылымдары» секциясы бойынша Ресей жаратылыстану академиясының (РЖА) корреспондент-мүшесі. Ол –150-ден астам мақаланың, 2 ұлттық нұсқаулықтың, монографиялар мен әдістемелік нұсқаулықтардың, сонымен қатар 4 өнертабыс патентінің авторы.

Такир Оспанұлы Балықбаев – физика-математика ғылымдарының кандидаты және педагогика ғылымдарының докторы, сондай-ақ, өз саласында айтарлықтай тәжірибесі бар профессор. Ресейдегі кәсіптік білім беруді қолдау қорының А.Г.Небольсин атындағы сыйлығының лауреаты. 2018 жылы «Парасат» орденімен марапатталған.

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Мемлекет басшысы Оқушылардың инновациялық шығармашылық орталығына барды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алматы қаласына сапарының екінші күні Наурызбай ауданында орналасқан мектеп жасындағы балаларға арналған инновациялық шығармашылық орталығының жұмысымен танысудан басталды. Бұл туралы QAZBILIM...

Елімізде балалардың халықаралық мерекесіне орай 1000-нан астам шара ұйымдастырылды

Елімізде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде барлық құрылымдардың, қоғамның, бизнес пен БАҚ өкілдерінің күш-жігерін біріктіру мақсатында «Балалар игілігі үшін!» республикалық акциясы аясында бірқатар іс-шаралар жоспарланған. Қазақстанның...

«Мемлекет өскелең ұрпақтың білімді болып өсуі үшін барлық жағдайды жасайды» – Президент

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау мерекесіне орай Twitter парақшасында құттықтау жариялады, деп хабарлайды QAZBILIM ақпараттық агенттігі. «Баршаңызды Халықаралық балаларды қорғау...

Оқушылар мен ұстаздар ойлап тапқан жаңа жобалар

«Роза – өлшем бірліктер кестесі». Қызылордалық оқушы Садық Роза математиканы оқытудың әдістемесін жетілдіретін жаңа математикалық кесте ойлап тапты. Бұдл кесте «Роза – өлшем бірліктер...

Қазақстан құрамасы мамырда өткен білім жарыстарында қандай нәтижелер көрсетті

Western Edge Open робототехника чемпионаты АҚШ-тың Калифорния штатында Лонг Бич қаласында Western Edge Open деп аталатын робототехника чемпионаты өткен болатын. Аталмыш бұл білім жарсына еліміздің...