20 C
Нур-Султан
03.06.2023

Әзірбайжанның жоғары оқу орындарында қалай тегін оқуға болады?

Әзірбайжанның жоғары оқу орындары үкіметаралық гранттар аясында қазақстандықтарға бакалавриат және магистратура бағдарламалары бойынша оқуға 10 білім беру грантын ұсынды, деп хабарлайды QAZBILIM ақпараттық агенттігі Халықаралық бағдарламалар орталығына сілтеме жасап.

«Қазақстандықтарға Әзірбайжанның 25 жетекші жоғары оқу орны ұсынылады. Оқу әзірбайжан, орыс және ағылшын тілдерінде өтеді. Тілді тиісті деңгейде меңгермеген үміткерлер тегін тілдік дайындықтан өте алады. Қазақстандықтарға үкіметаралық гранттар шеңберінде бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша Еуропа мен Азияның 10 елінде тегін оқуға 500-ге жуық грант жыл сайын бөлініп отырады. Бірқатар ел тілді меңгермеген үміткерлерге тегін тілдік дайындықтан өту мүмкіндігін береді», — деп атап өтті «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Басқарма төрағасы Олжас Сәкенов.

Әзірбайжанның жоғары оқу орындарында тегін оқуға арналған конкурсқа қатысуға құжат қабылдау 2023 жылғы 9 маусымға дейін жалғасады. Өтінімдер eGov порталы арқылы, сондай-ақ Халықаралық бағдарламалар орталығының кеңсесінде қағаз түрінде қабылданады.

Грант тілдік курстардан өту, академиялық оқу, жатақханада тұру, медициналық сақтандыру шығындарын өтейді, сонымен қатар студенттерге ай сайын стипендия төленеді.

Грант тағайындау конкурсына қатысуға негізгі критерийлер:

  • бакалавр дәрежесін алуға үміткерлер үшін — негізгі орта білім туралы аттестат немесе куәлік және ағымдағы оқу жылындағы ағымдағы үлгерімі туралы табель/транскрипт немесе арнаулы орта білім туралы диплом орташа балының кемінде 4,0 (5,0-тен)балына сәйкестігі;
  • магистр дәрежесін алуға үміткерлер үшін — бакалавр/маман диплом немесе ағымдағы үлгерімі туралы транскрипт орташа балының кемінде 3,0 (4,0/4,33-тен) балға сәйкестігі;
  • ағылшын тілінде оқу үшін кемінде мынадай деңгейдегі қолданыстағы сертификат керек: «Бакалавриат» бағдарламасы үшін – IELTS 9.0-дан 5.0; TOEFL 120-дан 40; «Магистратура» бағдарламасы үшін – IELTS 9.0 — 9.0-дан 5.5; TOEFL 120-дан 50.

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Мемлекет басшысы Оқушылардың инновациялық шығармашылық орталығына барды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алматы қаласына сапарының екінші күні Наурызбай ауданында орналасқан мектеп жасындағы балаларға арналған инновациялық шығармашылық орталығының жұмысымен танысудан басталды. Бұл туралы QAZBILIM...

Елімізде балалардың халықаралық мерекесіне орай 1000-нан астам шара ұйымдастырылды

Елімізде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде барлық құрылымдардың, қоғамның, бизнес пен БАҚ өкілдерінің күш-жігерін біріктіру мақсатында «Балалар игілігі үшін!» республикалық акциясы аясында бірқатар іс-шаралар жоспарланған. Қазақстанның...

«Мемлекет өскелең ұрпақтың білімді болып өсуі үшін барлық жағдайды жасайды» – Президент

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау мерекесіне орай Twitter парақшасында құттықтау жариялады, деп хабарлайды QAZBILIM ақпараттық агенттігі. «Баршаңызды Халықаралық балаларды қорғау...

Оқушылар мен ұстаздар ойлап тапқан жаңа жобалар

«Роза – өлшем бірліктер кестесі». Қызылордалық оқушы Садық Роза математиканы оқытудың әдістемесін жетілдіретін жаңа математикалық кесте ойлап тапты. Бұдл кесте «Роза – өлшем бірліктер...

Қазақстан құрамасы мамырда өткен білім жарыстарында қандай нәтижелер көрсетті

Western Edge Open робототехника чемпионаты АҚШ-тың Калифорния штатында Лонг Бич қаласында Western Edge Open деп аталатын робототехника чемпионаты өткен болатын. Аталмыш бұл білім жарсына еліміздің...