20 C
Нур-Султан
03.06.2023

DUOLINGO тесті, форматы: шетелдік оқу орнынан шақырту алуға жарамды ма?

Көптеген студент шетелде білім алу үшін арнайы шақырту қағазын алуды қалайды. АҚШ, Еуропа елдерінен оқуға шақырту алу алдын-ала дайындықты қажет етеді. Әрине әр университеттің талабы, ережелері әртүрлі. Дегенмен, олардың барлығы бірдей сұрайтын құжаттар тізімі бар. Олардың бірі – ағылшын тілін білу деңгейін көрсететін, біліміңізді дәлелдейтін сертификат. Шетелдік оқу орындары танымал IELTS және TOEFL, DET сертификатын қабылдайды. Егер сізді шетелде оқу тақырыбы қызықтырса, IELTS және TOEFL емтихандары жайлы естіген боларсыз. QAZBILIM ақпараттық агентті DET, яғни DUOLINGO ENGLISH TEST дегеніміз не, басқа тестерден айырмашылығы және қалай, қай жерде тапсыруға болады деген сұрақтарға жауап іздеп көрді.

Duolingo English Test – cіздің ағылшын тілін меңгеру деңгейіңізді тексеретін, бағалайтын емтихан. Тестің ресми сайтындағы ақпаратқа сәйкес, тест сертификатын дүниежүзі бойынша 4000-нан астам университет қабылдайды. Университеттер тізімін мына сайттан https://englishtest.duolingo.com/test_takers біле аласыз.

Тесті небәрі 1 сағат ішінде тапсырып, 2 күн ішінде нәтижесін қолыңызға аласыз. Ыңғайлы, жылдам әрі қолжетімді. Бұл тест әсіресе АҚШ-та танымал. 2019 жылы пандемия басталғанда көп университеттер IELTS баламасы ретінде осы тест нәтижесін қабылдады, әлі де қабылдайды. Тапсырушылардың айтуынша, DUOLINGO расымен басқа халықаралық тестерге қарағанда оңай. Дегенмен, онлайн әрі бір сағаттық тест болғандықтан, сіздің компьютермен жақсы таныс болғаныңыз дұрыс. Себебі, берілген тапсырманың жауабын ойлануға өте аз уақыты беріледі, шапшаңдығыңыз өте маңызды. Оған қоса, қолмен жазғаннан пернетақтада жылдамырақ теру дағдыңыз да септігін тиігізеді. Сондықтан, бұл жерде адамның таңдауына қарай, біреуге жеңіл көрінгенімен, сізге қиындау болуы мүмкін.

Айта кететін жайт, бұл онлайн тест. Әдеттегідей, сіздің ағылшын тілін білуіңіз төрт қабілет бойынша тексеріледі: оқи алуыңыз (оқығаныңызды түсіну), тыңдау, жаза білу және сөйлеу қабілетіңіз.

Тест онлайн болғандықтан, сөйлеу қабілетіңізге келгенде тест барысында экранда ағылшын тіліндегі сұрақ шығады және ағылшын тілінде аудиожазба арқылы да сұрақ қойылады. Ал сіздің жауабыңыз жазылып отырады. Яғни, сіз камерадан өз түріңізді көріп, өзіңізбен сөйлесіп отырғандай күй кешесіз.

Тест форматында өзгешеліктер болғандықтан, дайындалу үшін арнайы тегін тест тапсыра аласыз. Сонымен қатар, тегін тест тапсыру арқылы өзіңіздің деңгейіңізді біле аласыз. Тест соңында болжам бойынша сіздің балыңыз көрсетіледі. Ағылшын тілі деңгейіңіз 1-160 балл шкаласы аралығында бағаланады. Төменде орташа теңдейгеден жоғары болып саналатын 115 балдық сетификат үлгісі:

DET-тің ең қолайлы тұсы  – cіз бұл тесті кез келген уақытта, үйіңізден шықпай-ақ тапсыра аласыз. DUOLINGO тек онлайн форматта жүргізіледі. Әлемнің қай бұрышында болсаңыз да тапсыра аласыз.

Бағасы да басқа тестермен салыстырғанда арзан. Мысалы IELTS тапсыру құны – 77 мың болса, DUOLINGO бір тест құны — 59 $  (26.500 теңге). Бірден екі тест тапсырамын десеңіз —  98 $ (бір тест құны 49 $).

Көптеген студент DET тапсыру арқылы, өздері қалаған шетел университеттерінен шақырту алып армандарына қол жеткізді. Еліміздегі ең танымал, жастарға білім алуға үлкен мүмкіндік жасап отырған «Болашақ» бағдарламасы арқылы қазір білім алып жатыр. Естеріңізде болса, «Болашақ» бағдарламасымен шетелге оқуға түсу үшін бастысы — шартсыз шақырту талап етілетін. Биыл Халықаралық бағдарламалар орталығында көптеген өзгерістер болды. «Болашақ» келісімі бар тізімдегі университеттерден алған шартсыз шақырту мен қоса тіл білу қабілетіңізді дәлелдейтін сертификат сұрайтын болды (IELTS немесе ТOEFL).

Егер, уақытыңыз тығыз болып бірінші шақырту алу маңызды болса, DUOLINGO қабылдайтын оқу орнына тапсырып, шақырту алуыңызға болады. Кейінірек құжат тапсыру барысында IELTS немесе ТOEFL-ға дайындалып, қажетті балдағы сертификатын алсаңыз болады. Сәттілік!

Айдарбаева МАРЬЯ

 

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Мемлекет басшысы Оқушылардың инновациялық шығармашылық орталығына барды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алматы қаласына сапарының екінші күні Наурызбай ауданында орналасқан мектеп жасындағы балаларға арналған инновациялық шығармашылық орталығының жұмысымен танысудан басталды. Бұл туралы QAZBILIM...

Елімізде балалардың халықаралық мерекесіне орай 1000-нан астам шара ұйымдастырылды

Елімізде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде барлық құрылымдардың, қоғамның, бизнес пен БАҚ өкілдерінің күш-жігерін біріктіру мақсатында «Балалар игілігі үшін!» республикалық акциясы аясында бірқатар іс-шаралар жоспарланған. Қазақстанның...

«Мемлекет өскелең ұрпақтың білімді болып өсуі үшін барлық жағдайды жасайды» – Президент

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау мерекесіне орай Twitter парақшасында құттықтау жариялады, деп хабарлайды QAZBILIM ақпараттық агенттігі. «Баршаңызды Халықаралық балаларды қорғау...

Оқушылар мен ұстаздар ойлап тапқан жаңа жобалар

«Роза – өлшем бірліктер кестесі». Қызылордалық оқушы Садық Роза математиканы оқытудың әдістемесін жетілдіретін жаңа математикалық кесте ойлап тапты. Бұдл кесте «Роза – өлшем бірліктер...

Қазақстан құрамасы мамырда өткен білім жарыстарында қандай нәтижелер көрсетті

Western Edge Open робототехника чемпионаты АҚШ-тың Калифорния штатында Лонг Бич қаласында Western Edge Open деп аталатын робототехника чемпионаты өткен болатын. Аталмыш бұл білім жарсына еліміздің...