20 C
Нур-Султан
03.06.2023

Жасанды интеллект: қазақ тілі, фейк, жұмыссыздық — маманмен сұхбат

Жасанды интеллект дегеніміз не? «Жасанды интеллект» сөзін алғаш рет 1956 жылы Дартмут университетінде өткен конференциясының преамбуласында Джон Маккарти қолданған. Ағылшынша artificial intelligence —  интеллектуалды компьютерлік бағдарламалар мен машиналар жасау технологиясы әрі ғылым. Ал елімізде соңғы жылдары ғана осы ғылым жайлы ақпарат тарап, көпшіліктің қызығушылығын тудырып, көптеген сұрақтар туындап жүр. Әлеуметтік желіде, телеграмм арнасында ЖИ туралы қарапайым тілмен жеткізіп, IT саласының жаңалықтарымен бөлісіп жүрген парақша авторының түсіндірмелері осы орайда қызық әрі түсінікті көрінді. QAZBILIM ақпараттық агентігі IT саласында тәжірибесі бар журналист Мейіржан Әуелханұлымен байланысқа шығып, сұрақтарға жауап іздедік.

Мейіржан Әлімханұлы IT, жаңа технология, жасанды интеллектіні бұрыннан зерттеп, сайттар жасап, осы салада жобалар жасап жүрген маман. «Бұл қызығушылық тек жасанды интеллект пайда болған кезде басталды деп айтуға болмайды» дейді. Оның айтуынша, жасанды интеллект дегеніміз – үйретілген, оқытылған машина.

«Адамзаттың осы күнге дейінгі ақыл-ойы, жеткен жетістігі (мәдениет, өнер мен музыкада, философия саласындағы, тілдегі, діндегі) жалпы бүкіл саладағы жетістігі, білімін машинаға, яғни компьютерге, роботқа оқытады, үйретеді. Ол үйретілген машина, оқытылған робот, кейін адамдарға қайтадан адамдардың әртүрлі сұрақтарына жауап береді, қажеттіліктеріне пайдаланады», — деп түсіндірді маман.

Дегенмен ол робот-машина қандай деңгейде үйретіліп, оқытылғанымен жасанды интеллект адам санасындай бола алмайды. Ол тек көмекші құрал.

stopfake.kz

«Меніңше жасанды интеллект адам санасынан мықты емес. Үйретілген машина ешқашан адам санасынан мықты бола алмайды. Ол сізге жан-жақты қатесіз жауап беруі мүмкін. Себебі алгоритмдері солай жазылған, оны солай үйреткен. Сондықтан ол сіздің барлық сұрақтарыңызға икемделуі мүмкін. Бірақ ол адамның санасы, эмоциясын адамға тән құндылықтарды бере алмайды. «Жасанды интеллект адамды алмастыра алады» деп жалпылама айтуға болмайды. Ол белгілі бір мамандықтарды, саланы жеңілдетуі мүмкін, сол саладағы мамандарғы өте жақсы көмекші құрал болуы мүмкін. Мысалы журналистерге, маркетинг саласындағы мамандарға, копирайтерлерге, IT, дизайн саласындағы мамандарға өте жақсы көмекші құрал болды. Бұрын олар бір уақытты 2-3 жобамен айналысса, осы жасанды интелект көмегімен жұмыстарын жеңілдетті. Бұрын бір күн бойы істеп отыратын жұмысты 1 cағатта ғана бітіруі мүмкін», — дейді Мейіржан Әлімханұлы.

Ал, жасанды интеллекті пайдаланудың қоғамға қандай пайдасы, зияны бар деген сұраққа, былай деп жауап берді:

«Жасанды интеллект дамудың бір сатысы. Оны біз өшіріп не жойып жібере алмаймыз. Бұл деңгейге жеткеннен кейін оны дұрыс пайдалануды, сауатты қолданудың ғылым мен білімнің дамуы үшін насихаттай беру керек. Зиянды жағы жалған ақпараттар. Әртүрлі фейк фото, видеолар, тескстер. Бұрын айына, аптасына, күніне бір рет пайдаланса, қазір жасанды интелектімен әр минут, секунд сайын жалған ақпараттар тарап жатыр. Тіпті жақында, Қытай елінде Chat GPT көмегімен бір фейк ақпаратты жазып, басқаша өңдеп қайта жазып таратқан адам он жылға сотталды. Пандемия кезінде фейк ақпараттан адамдар зардап шеккен болса, Chat GPT адамдар жалған ақпараттан фейк фото видеолардан, ақпараттың шынайы болмауынан зардап шегетін болады».

Фото: yvision.kz

Сонымен қатар, технология, жасанды интеллекті білім саласы жағынан ізденуге, кітап оқуға, жаңа дағды үйренуге қалай ықпал ететінін білдік. Маманның айтуынша, жасанды интеллект адамның жаңа дағды үйренуіне, шеттілдерін үйренуіне өте жақсы көмекші құрал. Ол сіздің тілді білу деңгейіңізді анықтай алады. Деңгей анықталғаннан кейін тек қана сізге арналған дамудың, тіл үйренудің, тұлғалық дамудың бір методикасын тек қана сізге арнап жасап береді. Жалпыға ортақ методика кей жағдайларда жеке тұлғаға жарамай қалып жатады.

Сондай-ақ, болашақта жасанды интеллект кесірінен жұмыссыздық көбеюі мүмкін. Есесіне жаңа мамандықтар пайда болады. Машиналық оқытуға байланысты , осыны дұрыс қолдануға байланысты жаңа мамандықтар, жаңа жұмыс орындары ашылатынын айтты.

Бұдан бөлек, қазіргі таңда IT саласына қызығып жүрген жастар көбейіп келе жатыр. Қазақстандық IT саласының дамуы да қарқынды жүріп келеді. Спикердің айтуынша, жалпы басқа елдермен салыстырғанда баламасы жоқ бағдарламалар пайда болып, адамдардың өмірін жеңілдетіп жүр.

«Менің ойымша еліміздегі IT саласының дамуы өте жақсы деңгейде. Бізде электронды Үкімет порталы өте жақсы жұмыс істейді. Еgov-тың баламасы жоқ өте жақсы өнім. Мысалы, жекеменшік Kaspi компаниясының өнімдері адамдардың өмірін жеңілдетті», -деді ол.

Ал осындай жақсы қарқынмен дамып келе жатқан сала саладағы қазақ тілі мәселесі не болып жатыр? Жасанды интеллект қазақша сөйлеу үшін қанша уақыт керек?

«Белгілі бір тілдегі ақпараттың, контенттің сапалы оның мазмұнының бай болуына және осы машиналық оқыту саласындағы қазақ мамандарының көп болуына байланысты қазақша сөйлеуі мүмкін. Ал, олай болмаған жағдайда біз ағылшын, басқа тілдегі ақпараттарлы аударып пайдаланумен ғана шеттелеміз.    Қазір жасанды интелектің кейбір құралдарына қазақ тілі қосылған. Жоғары деңгейеде жұмыс істемесе де, қазақ тілі бар. Қазақ тілін енгізу меніңше мемлекеттің мойнына немесе белгілі бір мекеменің мойнына жүктелетін шаруа емес. Қоғамдағы белсенді тілге, мәдениетке ұлтқа  жанашыр азаматтардың бірігіп істейтін ортақ жұмысы деп есептеймін. Тіл саяси позицияның , саяси науқанның, мемлекеттің меншігіндегі дүние емес, ол халықтың меншігіндегі дүние», — деп сөзін қорытындылады IT саласының маманы Мейіржан Әуелханұлы.

Айдарбаева МАРЬЯ

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Мемлекет басшысы Оқушылардың инновациялық шығармашылық орталығына барды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алматы қаласына сапарының екінші күні Наурызбай ауданында орналасқан мектеп жасындағы балаларға арналған инновациялық шығармашылық орталығының жұмысымен танысудан басталды. Бұл туралы QAZBILIM...

Елімізде балалардың халықаралық мерекесіне орай 1000-нан астам шара ұйымдастырылды

Елімізде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде барлық құрылымдардың, қоғамның, бизнес пен БАҚ өкілдерінің күш-жігерін біріктіру мақсатында «Балалар игілігі үшін!» республикалық акциясы аясында бірқатар іс-шаралар жоспарланған. Қазақстанның...

«Мемлекет өскелең ұрпақтың білімді болып өсуі үшін барлық жағдайды жасайды» – Президент

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау мерекесіне орай Twitter парақшасында құттықтау жариялады, деп хабарлайды QAZBILIM ақпараттық агенттігі. «Баршаңызды Халықаралық балаларды қорғау...

Оқушылар мен ұстаздар ойлап тапқан жаңа жобалар

«Роза – өлшем бірліктер кестесі». Қызылордалық оқушы Садық Роза математиканы оқытудың әдістемесін жетілдіретін жаңа математикалық кесте ойлап тапты. Бұдл кесте «Роза – өлшем бірліктер...

Қазақстан құрамасы мамырда өткен білім жарыстарында қандай нәтижелер көрсетті

Western Edge Open робототехника чемпионаты АҚШ-тың Калифорния штатында Лонг Бич қаласында Western Edge Open деп аталатын робототехника чемпионаты өткен болатын. Аталмыш бұл білім жарсына еліміздің...